«Әр жерде мүшеқап, балалар оны шар деп ойлайды»: Қызылорда тұрғындары жалға берілетін пәтерлер туралы айтты

«Әр жерде мүшеқап, балалар оны шар деп ойлайды»: Қызылорда тұрғындары жалға берілетін пәтерлер туралы айтты

Қызылорда тұрғындары қаладағы аудандардың бірінде күндік жалға берілетін пәтерлер туралы айтып, шағымданды. Олардың айтуынша, түнде сағат 23:00-ден бастап алкогольдік ішімдіктер сатылып, аудан әр жерден келген клиенттерден көз ашпайды екен. Ал бұл мәселе сол жерден небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан Қызылорда облыстық Полиция департаментіндегілер мен тұрғын ауданының учаскелік полициясын алаңдатып отырған жоқ деп жазады Nur.kz.

Бұл ауданды «қызыл шамдар аймағы» деп атап кеткен. Аудан тұрғыны Татьянаның айтуынша, пәтер жалға беретіндер қызылордалықтар емес. Ақтөбе, Шымкент, Жезқазған және басқа да қаладан келгендер екен.

Осы жылдың ақпан айында клиенттің бірі терезеден құлап түскен. Оның шыққан даусынан төменгі қабатта ұйықтап жатқан 5 жасар қыз шошып оянып, содан бері тілінде ақау пайда болыпты. Наталья есімді тұрғынның айтуынша, бір апта бұрын кешкі сағат 22.00 шамасында пәтерден қыздардың шыңғырған дауыстары шыққан.

«Полиция қызметкерлері келіп тексерген. Сөйтсе, пәтерде 14-15 жастағы жігіттер мен қыздар бар екен. Олар қыздарды отырысқа шақырыпты», – дейді Наталья.

Анық болғандай, бұл пәтерлер жеткіншек жастағыларға дейін бір күнге жалға беріледі. Пәтерлердің бірінде бірнеше жігіт жабылып зорлап тастаған қыз да табылған кездер болған екен.

Ал жалға берілетін пәтерлер еш уақытта тазаланбайды. Клиенттердің кесірінен аудан тұрғындары зардап шегіп отырғандарын айтады. Көпқабатты үйлердің айналасынан инелер мен мүшеқаптар табылып жатады екен. Ал аулада ойнап жүрген балалар оны шар деп қабылдап, үрлемекші де болған.

Аудан тұрғындары полицияға бірнеше рет шағымданып, арыз да жазыпты. Алайда, еш нәтижесіз деп отыр. Керісінше, Қызылорда облыстық Полиция департаментінің басшысы аудан тұрғындардың өзіне 35 мың теңгеге күзетші алуды ұсынған.

«Пәтерді жалға берушілер ешқайда кетпейді. Бұл жақтан көшіп кетпекші болып, пәтерді сатқым келген. Бірақ бұл ауданның жағдайын бәрі біледі. Ендігіде өз пәтерімізді сата алмай отырмыз. Сағатына, күніне жалға берілетін пәтерлердің кесірінен бұл ауданда сатылымға берілетін үйлердің бағасы да арзандап кетті», – дейді аудан тұрғыны. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста