«Арасанның» буына емес, бағасына күйесің

«Арасанның» буына емес, бағасына күйесің

 

Алматы қаласының символына айналған «Медеу» мұзайдыны, «Қазақстан» қонақүйі, Орталық стадион болса, солардың қатарында 1963 жылы Д.Қонаев атамыздың ерлігімен бой көтерген «Арасан» жуыну кешенінің орны бір бөлек. Өйткені мұндай кешен сол кезде КСРО-ның астанасы болған Мәскеу қаласында да болмаған. Бүгінгі күні де екінің бірінің еншісінде жоқ.

Жарты ғасырлық тарихы бар «Арасан» жуыну кешенінің бүгінгі ахуалын білу мақсатында өзімізге «тұтынушы» болуға тура келді. Жуыну бағасы демалыс күндері 2000 теңгеден басталады (жамылғыш, сыпыртқы, моншаға арналған баскиім сияқты ұсақ-түйектерді қоспағанда). Сеансына (1 сеанс – 2 сағат) төрт адамдық люкс нөмірі 7000 теңге, алты адамдық люкс нөмірі – 9000 теңге, алты адамдық VIP нөмірі 10 000 теңгені құрайды. Ең арзан деген 2000 теңгенің билетін алғанымызда, кассадағы апайымыз «екі сағаттан аспайсыздар» деп ескертіп қалуын да ұмытқан жоқ. Кешен екіқабатты, бірінші қабатта – фин моншасы,  екінші қабатта – орыс моншасы, ортада – шеңбер формалы  ортақ бассейн. Орыс моншасы бәрімізге белгілі болғандықтан, фин моншасына таңдау жасадық. Сондағы фин  моншасы дегеніміз  жөндеуді қажет ететін душ кабиналары болып шықты. Жуыну бөлмесі қоңырсалқын, бу бөлімшесіндегі қызу төмен.  Сыпыртқымен ұрғылағанды қажет етсеңіз, бір сағатқа – 1000 теңге, массажды қажет етсеңіз тағы да сонша  ақшаны қалтаңыздан шығаруыңызға тура келеді.

Сонда «Арасан» жуыну кешенінде төлем алынбайтын бір керемет – ортақ бассейн ғана көрінеді. Мұнда екі сағат жуынып қайту үшін бір адам  шамамен 4-5 мың теңге жұмсайды екен.

Серіқұл ӘДІЛЕТ «Арасан» жуыну кешені директорының бірінші орынбасары:

– Сіздердің шығынға бату-батпауыңыз – өз еркіңізде. Кей адамдар 2000 теңгеге жуынып кетсе, кейбір азаматтарымыз 15-20 мың теңгесін тастап қайтады. Бұл әркімнің жеке мүмкіндіктеріне  байланысты. Ал массаж, сыпыртқымен ұрғылау, шай сыра, сусын сату сияқты қызмет түрлері «Арасан» жуыну кешенінде болғанымен, әрқайсысы – жеке, олардың кірісінің белгілі  пайызы ғана кешен қоржынына түседі, – дейді.

Сонда «Арасан»  моншасы тек қалталыларға арналған ба?  Қонағын құдайындай сыйлайтын қазақтың үйіне келген қонақ «Арасан» моншасына шомылайық» десе, үй иесі еріксіз жерге қарайды. Өйткені қонағыңыз үшеу болса, өзіңізбен төртеу боласыз. Демек,  20 мыңға шығындау керек. Ал ондай мүмкіншілік кез келгенге бұйырып тұрған жоқ.

70-80 жылдардан бері жуыну дәстүрін жалғастырып келе жатқан, мұнда құрбы-құрдастарымен, замандастарымен көзайым болу үшін келетінін жасырмаған  аға-аталарымыз «әрине, моншаның бағасы 800 теңгеден аспаса дұрыс болар еді»  дейді. 

Әрине, халық игілігі үшін салынған кешен халыққа қызмет етсе, нұр үстіне нұр болар еді. Бірақ бүгінгі күні олай болмай тұрғаны өкінішті.

Мысалы, бүгінде қытай елінде  көршілес елдерге әйгілі болып отырған монша бар. Онда мың теңгеге тәулік бойы шомылып, әртүрлі сапалы қызмет түрлерін пайдалана аласыз. 

Ал «Арасан» жуыну кешенінің бағасы тек біздің ғана емес, көпшіліктің көңілінен шықпайтынын моншаға келгендермен әңгімелескенде көз жеткіздік. 

Тіпті шетелдіктер «Арасан» моншасын көруге арнайы келетін көрінеді. Ал олар баға мен сапа туралы не ойлайды екен?

Жалпы, моншаның бағасы мен сапасы жайлы сұрағанымызда, кешен директорының орынбасары Серіқұл Әділет былай деп түсіндірді:

– «Арасан» жуыну кешеніне  1963 жылдан бері толық күрделі жөндеу жұмысөтары өткізілмеген десек, өтірік айтпаймыз болар. Ыстық су, суық су, жылу құбырлары өз пайдалану мерзімін орындап шыққалы қашан?!

Ал біздің өз күшімізбен жасап жатқанымыз ағымдық жөндеу жұмыстары, бұл – жеткіліксіз. 2007 жылы жаз айларында үкімет басшылығына өтініш жіберген едік. Жауапсыз қалды. Кешеннің кіреберісінде «Арасан» – мемлекет қарауында» деген тақтайшаны көрген боларсыз, сондағы «қарауындасы» – осы. Өз күшімізбен 2009 жылдың мамыр айында  бағасы 200 мың евро тұратын немістердің автоматтандырылған лазерлік бассейн суын тазартатын екі қондырғы  сатып алдық. Бұрын бассейн аптасына бір рет   тазартылып отырса, бүгінде тәулігіне 24 сағат автоматты түрде тазартылып тұрады және адам денсаулығына зиянды бактериялардың таралуына жол берілмейді. Бұл – біздің үлкен жетістігіміз», – дейді.

Кешен директоры орынбасарының  мәліметі бойынша, «Арасан» жуыну кешеніне келушілер саны орта есеппен жаз айлары тәулігіне – 500-700 адам, қыс айларында 1000-1500 адамға дейін жетеді. Сонда есептеңіз, ең аз дегенде 500 адам 2000 теңгеден шығынданғанда монша қоржынына тәулігіне кем дегенде бір миллион теңге түседі екен.  Оған сеансына 10 мың теңгеге бағаланатын  VIP нөмірлерінің, жекеменшік қызмет көрсету орындарының жалға төлейтін ақысын қосыңыз. Ал бір жылда 365 күн барын ескерсек, кешеннің жылдық кірісі ең кем дегенде 365 млн теңге болады екен. Кіріс аз емес сияқты. Алайда кешен басшыларының жөндеу жұмыстарын жүргізуге ақша жоқ деуі түсініксіз. Жоқ, әлде мұның басқа да сыры бар ма?  

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста