Аурухана басшылығы сотқа берген Ирина Советжанқызын Айман Омарова қорғайтын болды (ВИДЕО)

Аурухана басшылығы сотқа берген Ирина Советжанқызын Айман Омарова қорғайтын болды (ВИДЕО)

Белгілі тележүргізуші Ирина Советжанқызы facebook парақшасына адвокаты Айман Омарованың видеомәлімдемесін жариялады. Айтуынша, оны Алматыдағы №12 аурухана өздері туралы «жалған ақпарат таратты» деп айыптап, сотқа берген. Ал видеода Айман Омарова журналисттің тек шындықты айтқанын алға тартуда, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

«Бірнеше күннен бері маған қолдау білдірген барлық әріптестеріме алғысым шексіз! Еліміздегі және халықаралық журналистерді қорғау ұйымдарына да алғысымды білдіремін. Пікір білдіре алмағанымның себебі осы. Енді менің құқығымды мықты адвокат Айман Омарова қорғайтын болады» деп жазды әріптесіміз.

 

Өйткені, бірнеше дәрігері коронавирус індетіне шалдыққан аурухана басшылығы журналисттен кешірім сұрамақ түгіл, оны әлі де сыртынан дәлелсіз айыптап, «жалған ақпарат таратты» деген мәлімет таратып әлек. Бұл әрекетті Айман Омарова «журналисттің беделіне нұқсан келтіру» деп есептейді.

 

«Мен Ирина Советжанқызының мүддесін қорғайтын боламын. Оның үстінен Алматыдағы №12 қалалық клиникалық ауруханасы шағым түсірген. Онда осы мекеме басшысы Жувашев қол қойып, растаған ресми өкіл Абдолқасымова журналистті өздері туралы «жалған ақпарат таратты» деп айыптайды.

 

Осыған байланысты, арызданушы тарап Ирина Советжанқызына қатысты қылмыстық іс қозғауды сұрайды. Алайда, Ирина Советжанқызы жалған ақпарат таратпаған. Ол қандай да бір мәліметтерсіз, нақты дерек көздерінсіз ақпарат тарата алмайды. Сондықтан оның қолында мұның бәрі болған.

 

Ақыры не болды дейсіздер ғой?.. Сотқа дейінгі бірыңғай тізіліміне бұл факті қылмыстық іс ретінде тіркелген жоқ. Тек номенклатуралық өндіріс ретінде қабылданып, жойылды», - дейді адвокат ханым.

 

Сонда да қайтпаған арызданушы тарап журналисттің ары қарайғы жұмысына кедергі келтіріп жатқан көрінеді.

 

«Журналист өз жұмысын жалғастырып, коронавирус тақырыбы төңірегінде, қазір ауруханаларда не болып жатқандығы туралы мазмұнды сюжеттер даярлап жүр. Алайда, Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасы оған қысым жасап, кедергі келтіруде.

Мен қайталап айтамын, ол жалған ақпарат таратпаған әрі оның ісінде ешқандай қылмыстық құрам жоқ. Енді тек Алматыдағы Денсаулық сақтау басқармасына бір сұрақ қойғым келеді: «Егер сіздерде бәрі жақсы, бәрі дұрыс болса, онда неге бір мақалаға бола осыншама шала бүлінесіздер?».

 

Сөз соңында айта кетейін, Ирина Советжанқызы өз жұмысын жалғастырып, қолға алған денсаулық саласына қатысты тақырыптарды ары қарай зерттеумен шұғылдана беретін болады!» - деп ескертті Айман Омарова.

 

ВИДЕО:  www.facebook.com/100001132596778/videos/3054993151215075/

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста