Бала құқын қорғаушылар 5000 тренинг өткізген, бірақ нәтиже жоқ

Бала құқын қорғаушылар 5000 тренинг өткізген, бірақ нәтиже жоқ

Алматыда бала құқығын қорғайтын қоғамдық ұйымдар "Қазақстандағы мектеп буллингі: мәселені шешу жолдары" атты баспасөз конференциясын өткізді.

 

Ұйым өкілдерінің айтуынша, буллинг мәселесін мектеп директорлары қаперлеріне де алмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

 

Соңғы 10 жылда Қазақстанда жүргізілген зерттеулердің орташа деректері бойынша балалардың 14-тен 65% - на дейін мектептерде буллингке ұшырайды. Сондықтан коммерциялық емес ұйымдар ата-аналар қауымдастығының сұранысына жауап бере отырып, осы мәселемен жұмыс істеу үшін жобалар ұйымдастырған. Аталған ұйым мүшелері соңғы бір жылда республика көлемінде 5000-нан астам тренинг өткізген. Алайда еш нәтиже бермеген.

 

"Қазақстанның 12 облысында 5000-нан астам тренинг өткіздік. Оған мұғалімдер, мектеп әкімшілігі, психологтар мен әдіскерлерге қатысты. Бірақ нәтиже жоқ. Неге? Өйткені мектеп директорлары шындықты ашып айтудан қорқады. Мектебінің жаман аты шықпасын деп, проблеманы барынша жасырады. Бала қандай да бір оқыс жағдайға ұшыраса ата – анасын кінәлі етіп көрсетеміз. Біздің тернингтердің нәтиже бермеу себебі балаға қатысты оқиғаны барынша бүркемелеп, жабу астында ұстаймыз. Ал жүрегінде қорқыныш, үрей болған оқушы түбі суицид жасайды", - дейді Алматы қаласының бала құқықтары жөніндегі уәкілі Халида Әжіғұлова.

 

Аталған ұйымға 6 айда 42 өтініш түскен. Ұйымдастырушылар бұл мәселеге бірінші кезекте мектеп құлақ түрсе дейді.

 

"2015 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Осы жылдар ішінде көзіміздің жеткені жасөспірімдер суициді буллингке байланысты. Бұл проблема ашық айтыла бастағанда халық жаппай хабарласа бастады бізге. Әр баламен жұмыс істейміз, бірақ өтініш жасағандардың барлығын қамтып тастау әсте мүмкін емес. Сол себепті бізге құзырлы орындардың да көмегі керек. Мамыр айында буллингке қатысты заңға өзгеріс енгізілді. Мектеп бұл заң жобасын жүзеге асыру керек. Бірақ, бұл мектеп қабырғаларында жүзеге аспай отыр. Сол себепті оллаорға жоғарғы жақтан нақты тапсырма ретінде талап етілуі керек", - дейді "Just Support" қоры директорының міндетін атқарушы Светлана Богатырева.

 

Ұйым өкілдерінің айтуынша, балалардың қоршаған ортадан зәбір көруі, қатарластарының әлімжеттігі, отбасындағы кикілжің, бұл бұрыннын келе жатқан көрініс. Сорақысы сол қазіргі дамыған технология және ғаламтор.

 

Қоғамдық ұйымдар бірінші кезекте балалар буллингін жөнге келтірмей суицидті болдырмау мүмкін емес, дейді.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста