Балаларды жол апатынан қорғайық

Балаларды жол апатынан қорғайық

Жазғы демалыс кезінде көше мен жол бойы балаларға толы болатыны белгілі. Тәжірибе мен статистика көрсетіп отырғандай, дәл осы жаз мезгілінде балалардың жолда зардап шегу деректері көбейеді. Оған себеп көп жағдайда жас балалар мен жасөспірімдер өз-өздеріне беріліп, үлкендердің қарауынсыз қалып жататындығы және жолда жүру ережелеріне азаматтардың атүсті қарауы болып отыр. Бұл жайт жол полицейлерінің жұмысын одан әрі қиындатады.
Биылғы алты ай көлемінде барлығы 1031 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдары­нан 75 адам қайғылы қазаға душар болып, 1105 адам түрлі дене жарақатын алып ауруханаға көрінген. Осының ішінде ба­лалардың қатысуымен 122 оқиға тіркеліп, алты бала қайтыс болды, 122 бала түрлі дене жарақатын алды. Жол апатта­ры­ның саны өткен жылдармен салыстырғанда төмен болғанымен де, оның себептері жылдан-жылға қайталануда. Ол бала­лардың жол үстінде ойнауы, келе жатқан автокөліктің алдын кесіп өту, жолдың жие­гінде тұрған автокөліктің тасасынан жолға жүгіріп шығу, белгіленбеген жерден жолды кесіп өту тағы басқа. Соған байланысты қала көлеміндегі автомобиль жолдарында­ғы жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу, жасөс­пірім­дер жарақатын азайту және балалар арасында жол қозғалыс ережесін насихаттау мақсатында республика мен қала аумағында түрлі кешенді профилактикалық шаралар өткізіледі. Біз мынаны ескерткіміз келеді: «Құрметті жүргізушілер және жаяу жүргіншілер, жолда балаларға айрықша көңіл бөліп, олардың көп шоғырланатын жерлері мен мектеп маңайларында, жаяу жүргіншілер өткелінде аса сақ болыңыздар! Көліктеріңізді мүмкіндігінше жай жүргізуді ұмытпаңыздар. Жол үстіндегі балаларымыз­ға көңіл аударып, қастарынан өтіп кетпей, жолдан өтуге көмектесіп, олардың қауіпсіз­дігіне мән беріңіздер! Құрметті ата-аналар, балалардың амандығын сақтау үшін олардың жол қозғалысы ережесін бұлжыт­пай орындауына назар аударыңыздар!
Ақбота Әзірбек, Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметкері.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста