"Батпаққа батып отырмыз": 40 мың тұрғыны бар ауылда көшелердің тек 6%-ы асфальтталған

"Батпаққа батып отырмыз": 40 мың тұрғыны бар ауылда көшелердің тек 6%-ы асфальтталған

Түркістан облысының Ордабасы ауданындағы Шұбарсу ауылының тұрғындары балшыққа батып отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.


КТК телеарнасының хабарлауынша, 40 мың тұрғыны бар ауылда көлік тұрмақ, жаяу адам жүре алмайды. Елдімекенге су мен газ жүргізген мердігерлер құбырдың бетін нығыздамай кетіпті.

Соның салдарынан белуардан батпаққа батқан тұрғындар жүріп-тұру қиындады дейді. Толарсақтан саз кешкен тұрғындармен арна тілшісі тілдескен. Шұбарсу ауылының тұрғындары екі жылдан бері көшеде жүруден қалды. Өйткені жаңбыр, не қар жауса, айнала ми батпаққа айналады. Ал, бұған екі жылдан бері су мен газ жүргізіп жатқан мердігерлер кінәлі екен. Жерді қазып құбыр тастаған соң үстін нығыздамай кете беріпті.

Ауылда көшеде көлік жүрмейтін болған. Себебі, батпаққа батып қалған техниканы сүйреп шығару қып-қызыл бизнес көзіне айналған. Зығырданы қайнаған кей тұрғын жабылып көшеге тас төсеп алған.

Ордабасы ауданының жолға жауаптылары мердігерлердің мәселесін майшаммен қараймыз дейді. Тіпті ауылға инфрақұрылым толық жүргізілген соң, көшелерді асфальттау жоспарланған. Әзірге лайға айналған жолдарға тас төсеп береміз дейді шенеуніктер.

«Бірінші кезекте осындай аумақтарда тас төсеуге 138 миллиондай қаржы қаралды.  40 километрге жуық, 35 километрге. Тұрғындардың өтінішіне сәйкес осындай жарамай қалған жолдардың батпағы шығып кеткен жолды қалпына келтіріп беріп жатырмыз», - дейді Ордабасы ауданы ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Асқар Балабиев.


Шұбарсу ауылының өзінде ішкі жолдардың ұзындығы 395 шақырым. Соның тек 25 шақырымында ғана асфальт бар. Ауылға толық тас жол төсеуге шамамен 7 миллиард теңгедей қаржы керек. Бірақ, ондай қыруар қаражаттың бөлінер-бөлінбесін аудан атқамінерлері айта алмады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста