Батыс Қазақстанда ми қайнатар ыстықтан ауруханаға түскендер көбейген

Батыс Қазақстанда ми қайнатар ыстықтан ауруханаға түскендер көбейген

Батыс Қазақстан облысында күн ысып, облыс орталығы мен аудандарда бесінші  дәрежелі өрт қаупі жарияланды. Ауа райын болжаушылар шілде айында аптап   одан әрі күшейіп, +42 градустан да асатынын айтады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

Ми қайнатар ыстықтың кесірінен денсаулығы сыр беріп, аурухана төсегіне таңылғандар  көбейген. Аптап ыстық әсіресе созылмалы дертке шалдыққан һәм қан қысымы жоғары қарияларға ауыр тиюде. Дәрігер көмегіне жүгінгендер жиілеген. 

 

75 жастағы Балзира Ахметжанованың қан қысымы күрт көтеріліп,  жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.     

 

Балзира АХМЕТЖАНОВА, ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

 

– Мен көптен бері давлениемін. 240-260. Осында 240-пен келдім. Кеше тек бірінші рет система алғаннан кейін 140/80 болдым. Қуанып кеше тамағымды ішіп, рахаттандым.  

 

Дәрігерлер күн ысыған кезде көшеде жүрмеуге, көбірек су ішуге кеңес береді. Ал созылмалы ауруға шалдыққандар дәрісін уақытылы ішіп, күтінгені жөн дейді.  

 

Дина ӘБДІРОВА, ТЕРАПЕВТ-ДӘРІГЕР:  

 

– Бүгінгі күнде бізде қан қысымы өте жоғары болып жатқан науқастар көп және сонымен бірге инсульт алған науқастардың да саны өте жоғары болып келеді. Қабылдау бөліміне 20-30 адамға шейін түседі.  

 

Ауа райын болжаушылар шілде айының ыстық болатынын айтады. Бүгін-ертең жаңбыр жауғанымен, күн қайта ысиды.  

 

Дана ӘКІМҒОЖИНА, ИНЖЕНЕР-СИНОПТИК:

 

– Облыстың батысында, солтүстігінде, өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-батыстан соғады. Күгі 9-14, облыстың шығысында 15-20 м/сек. Ауа температурасы түнде +18 +23, күндіз +27 +32, облыстың оңтүстігінде 35 градус жылы болады.  

 

Күннің күрт ысуына байланысты өңірде V (бесінші) дәрежелі өрт қаупі жарияланды.  Осыған дейін облыс бойынша 400 гектардай аумақ отқа оранған.  Төтеншеліктердің сөзінше, тілсіз жаудың жиілеуіне тұрғындардың салғырттығы себеп. Сондай-ақ, ыстықтан жан сауғалап, суға секірген 8 адам көз жұмған.  

 

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста