«Бесбармақ» емес, «Атадәм» деп атайық

«Бесбармақ» емес, «Атадәм» деп атайық

Қазір қыс мезгілі. Күннің суық кезінде жұрттың қуатты тағамдарға ден қоятыны белгілі. Біз, қазақтар бұл кезде етті көбірек жейміз. Ал оны бір жерлерде «ет ауқат» деп, енді бір жерде «қамыр тамақ» деп те жатады. Көбірек қолданылатын атауы – бесбармақ. (Бізде тіпті «Бесбармақ – шоу» деген де телебағдарлама бар). Дегенмен бұл атаудың дұрыс емес екені белгілі, ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр.

Ал халқымыздың бұл ұлттық тағамын «Атадәм» деп атасақ қалай болар еді? Сөздік қорымызда «атажұрт», «атамекен», «Ата заң», «ата салт», «ата мұра», «ата-баба», «Қамбар ата», «Шопан ата», «Сексек ата» деген сияқты құлаққа жағымды атаулар жиі кездеседі емес пе? Сол сияқты, атадан келе жатқан ұлттық тағамымызға «Атадәм» деген ат қойсақ, біздіңше, жарасып-ақ кетер еді. «Алдымызға атадәм тартылды», «атадәмнен алып отырыңыз» деген сөздердің өзі-ақ құлаққа жағымды естілер еді. Өйткені оның бізге атамыздан қалған, ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып келе жатқан дәм екені рас қой.

Таяуда қолымызға 2012-жылы Алматыдағы «Слон» баспасынан шыққан «Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дәстүрлі жүйесі» деп аталатын энциклопедиялық еңбектің 2-томы түскен еді. Соны оқып отырып, ұлттық тағамымызға қатысты бүгінде архаизмге айналып кеткен көптеген деректерді ұшырастырдық. Мысалы, онда етке қосылып пісірілетін қамырды оңтүстікте «қамыр», «күлшетай» десе, Көкшетау жақта «құлақ нан» деп, батыста – «ет наны», солтүстікте – «жұқа нан», Батыс Қазақстан облысы өңірінде – «іңкәп», еліміздің шығыс өңірінде, Қытайдағы, Монғолиядағы қазақтар арасында – «шелпек», Қарақалпақстан мен Түркіменстан қазақтарында «күртік» деп атайтыны туралы айтылыпты. Сондай-ақ «бесбармақ» деген сөздің тілдік қорымызға орыс отаршыларының кемсітіп атауымен енгені жөнінде сөз болады. Яғни оны орыс шенеуніктері ойлап шығарған екен.

Ендеше біздің неге ата дәмімізді әлі күнге дейін осы атаудан арылтқымыз келмей жүр? Оның несін қимаймыз?

Ұлттық тағамымызды «Атадәм» деп атайық, ағайын! Біздің бұл ұсыныс-бастамамызды қолдайтындар қазақ арасынан көптеп табылады деген сенімдеміз.

Бекен ЕЛУБАЙҰЛЫ. 

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста