Болат Назарбаев ең жақсы көретін адамдары кім екенін айтты
Қазақстанның тұнғыш президентінің туған інісі Болат Назарбаев ашық сұхбат беріп, отбасына қатысты тың мәліметпен бөлісті. Белгілі кәсіпкер ата-әжесінің қолында өскенін айтып, өзіне олардан қандай қасиет дарығанын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ "Aina TV" арнасына сілтеме жасап.
Болат Назарбаев ата-әжесі оған асқан мейіріммен қарап, бар махаббатын сыйлағанын айтты.
"Ата -әжемнің қолында өстім. Солардың тәрбиесін алдым. Оларды жоғалту маған қиын болды.Мен оларды өте қатты жақсы көрдім. Шыны керек, олай туған баласындай ешкім еркелеткен жоқ деп ойлаймын. Ондайларды көрген де, естіген де жоқпын. Әкемде де, шешемде де суырыпсалма қасиеті болатын. Екеуі де қалжыңбас кісілер еді. Достарымен қатты әзілдесетін. Ол кездер әлі де есімде. Менің қалжыңға жақындығым сол кісілерден дарыған деп ойлаймын" , - деді Болат Назарбаев.