Браконьерлер қолынан қаза болған Ерлан Нұралиевтің ата-анасы ұлдары жайлы бар шындықты айтты

Браконьерлер қолынан қаза болған Ерлан Нұралиевтің ата-анасы ұлдары жайлы бар шындықты айтты

Марқұмның туған күнінде үшінші немересі дүниеге келіп, әкесі мен анасы көңіліміз көтеріліп қалды дейді.
Қаңтар айының ортасында браконьерлердің айуандығының кесірінен мерт болған Ерлан Нұрғалиевтің осы аптада 3-ші немересі дүниеге келді. Дәп Ерлан атасының туған күнінде дүние есігін ашқан Ерұлан қайғы жұтқан үлкен атасы мен әжесінің жадырап қалуына септесті.
Ерланның жалғыз ұлы – Медеттің бір қыз, бір ұлы бар. Үшінші балаға жүкті келініне дәрігерлер сәби Ерланның туған күні – 30 қаңтарда дүниеге келеді дегенді айтыпты. Соған балаша мәз болған Ерлан жұмысына кетердің алдында малын сойып, дайындығын жасап кетіпті.

«Туған күніме керемет сыйлық болады»,- деп қатты қуанған… Балғабек ақсақал мен Бәкен апа Астанада пәтер жалдап тұрады. Данияр Қайыртай барып әңгімелескен. Ерұланды перзентханадан шығарған кездегі қуанышты сәтті де түсірді. Ерланды қаһарман деп танитын көпшілік, оны ешқашан ұмытпаймыз.

 «Таңертең ұйықтап жатыр едім, анам марқұм: «Тұршы, тұршы, серік келді, серік келді»,- деді. Үш қыздан кейін туды. Алдында үш апасы болды. Сол апасынан кейін бұл туды.Әке болғаннан кейін балам адал болса екен, балам дос-жолдастарына жақсы болса екен деп, соны армандадық қой. Сол арман былайша айтқанда орындалды. Ризамын, ризамын.

Ризашылығым сол, ботам адал еңбек етті, адал болды. Міне, сол адалдығы ғой, мінеки, қыршын жасында, халқымыздың байлығы үшін, еліміздің байлығы үшін, ақбөкенді қорғау үшін сол адалдығымен кетті ғой. Институттан кейін бір жыл мұғалім болды. Онда мен мектеп директоры едім.

Сонда менің қарамағымда бір жыл болды. Содан кейін өзі сұранып, «Папа, мен ішкі істер жағына барайыншы, полицей болайыншы»,- деп тілек білдірді. Оған да қарсы болған жоқпын. «,-дейді Марқұм Е. Нұрғалиевтің әкесі Балғабек Нұрғалиұлы.Ерлан ұйықтап жатады, сол ұйықтап жатқанында мысықтың келгенін біледі. Мына киіктің лағын құшақтап тұрғаны сияқты, бауырына тығады, ұйықтап жатып, сөйтіп бір қолымен басын сипап жатады.

Өнерге жақын болды. Қазақшалап айтқанда бесаспап болды. Әйелдің де жұмысын біледі, еркектің де жұмысын біледі. Жер жастанып жатқанда жүрегім сонша инедей шаншылады, сонша қайғырамын, ең болмаса бірауыз тіл айтпады ғой, ең құрмаса медицина, вертолет келіп бір көмек жасамады-ау, мінекей, соны көңіліме аламын, ренжимін соны көріп, ең құрымаса «мама» деген, көзін ашып не інісіне бір ауыз сөз айтуға шамасы келмеді. «,-дейді Марқұм Е. Нұрғалиевтің анасы Бәкен Есхожина.

«Алланың қалауымен әке атандық. Өкінішке орай, осы ұлымды әкеміз Ерлан көрмеді, өмірден озып кетті.

«Кішкентай күнінен жан-жануарларға сондай мейірімді болатын. Мысық асырағанбыз Ерланға деп. Сол мысығы кішкентай күнінде балалар қатар-қатар жатады, алдында үш апасы бар, әжесінің қасына жатады. Ұйықтап жатқан адамдарды иіскеп-иіскеп, Ерланды тауып алады.Ол кісінің өмірі осымен тоқтаған жоқ, артында ізбасарлары бар. Атын да ұқсастырып, әкем сияқты ер болсын деп, атын Ерұлан қойдым»,-дейді марқұм Е.Нұралиевтің ұлы Медет Нұрғалиев.

Дереккөзі: Астана арнасы. «Біздің уақыт» бағдарламасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста