"Бүкіл әулет жауап берсін": Заитов өзекті мәселені қозғады

"Бүкіл әулет жауап берсін": Заитов өзекті мәселені қозғады

Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасындағы бір баланың қылмысы үшін жауапкершілікті бүкіл әулетке теңдей бөлуді ұсынды.

Оның айтуынша, қазір баланың қылмысы үшін әке немесе ана кінәлі деп бөліп жарады.

Атам қазақ "отбасы – шағын мемлекет" дейді. Жауапкершілікті теңдей бөлу керек. Бір отбасында бір бала шикілік шығарды ма, ата-анасы, бүкіл әулет жауап берсін. Яғни мемлекеттен төленетін қосымша төлемдерден қағып тастай ма, ата-анасының жұмысында сөгіс бере ме, мемлекет әулеттің бір мүшесінің жасаған қылмысын теңдей бөліп алсын. Сонда ғана олар ақылдасып, біреуінің зияны біреуіне тиетін болғаннан кейін бір-біріне жаны ауырады. Ал қазір көріп отырмыз ғой, небір шенеуніктердің баласы кісі өлтірсе де, үндемейді. Ол дұрыс емес. Бала 18 жасқа толғанша ата-ананың қарамағында ма, онда бүкіл ата-анасымен, мемлекетімен жауап берсін, - дейді Ринат Зайытов мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Сондай-ақ ол оқушының мектепке апаратын телефонының маркасынан бастап қалтасындағы ақшасына дейін шектеу қою керек деп санайды.

Проблеманың бәрі осыдан шығады. Біреу біреудің телефонына қызығады, біреудің баласының қолында 5 мың теңге ақша бар, дүкенге апарамын дейді де ойындағысын істетеді, - дейді мәжілісмен.
Бұдан бөлек, депутат қоғамға, мектепке қауіпті балаларды оқшаулауды, яғни олардың басқа мектепке ауыстырылуын қамтамасыз етуді қолға алуды ұсынды.

Бұрын мектептерде кезекші учаскелік полицей деген болатын. Соларды қайтару керек. Тәрбие меңгерушісі онымен айналыса алмайды. Мектептен шыққан баланың қай бұрышта темекі тартып, төбелесетінін біліп жүретін кезекші учаскелік полицей керек. Әйтпесе қазір ешкім білмейді, - дейді Зайытов.
Сонымен қатар депутат телеарналарда отбасылық жанжалдарды талқылауды тоқтатуды талап етті.

Ақпарат министрлігіне тікелей қатысы бар. "Астарлы ақиқат" деген бағдарламаларды жабу керек, - деп мәлімдеді мәжілісмен.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста