COVID-19 екінші толқыны болған жағдайда 160 мыңға жуық қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін
Пандемияның екінші толқыны болса шамамен 160 мың қазақстандық жұмыссыз қалуы мүмкін.
Мәжілістегі үкімет сағатында мұндай пессимистік болжамды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басшысы Біржан Нұрымбетов айтты.
Ол сонымен бірге екі миллионға жуық адам әлеуметтік қолдауға мұқтаж болатынын айтты. Ал ауылшаруашылығы, құрылыс, өнеркәсіп және денсаулық сақтау салаларының қызметкерлері жұмыс орындарын сақтап қала алады. Бұл төрт миллионға жуық азамат, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Еңбек» бағдарламасы аясында субсидияланатын жұмыс орындарының көлемін ұлғайту жоспарлануда. Толық емес жұмыс уақытына ауысу немесе қысқартылған жұмыспен қамту жағдайында жалақының бір бөлігін ең төменгі жалақы деңгейінде өтеу немесе субсидиялау енгізілуі мүмкін», - деді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов.