Дауылды ескерту: Түркістан облысында оқушылар онлайн оқиды

Дауылды ескерту: Түркістан облысында оқушылар онлайн оқиды

Түркістан облысында дауыл соғып, ауа райының қолайсыздығына байланысты бастауыш сынып оқушылары онлайн форматта оқып жатыр, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасындағылар желдің екпіні басылғанға дейін балалар қашықтан оқитынын алға тартты.

 

«Желдің күшеюіне байланысты  Кентау қаласындағы барлық 23 мектептің бастауыш сынып оқушыларын онлайн оқытуға шешім қабылданды. Сондай-ақ, Сауран ауданындағы «Шоқтас» шағын жинақталған бастауыш мектебінің оқушылары да ауа-райының өзгеруіне байланысты онлайн білім алуда» делінген басқарма мәліметінде.

 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің хабарлауынша, Сайрам, Сауран, Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Төлеби, Түлкібас, Созақ аудандары мен Түркістан, Кентау, Арыс қалаларында желдің екпіні 23-28 м/с жетуде. Қатты жел салдарынан өңірде 15822 абонент жарықсыз қалған. Олар: Бәйдібек ауданында – 9061, Сауран ауданында – 2231, Сайрам ауданында – 3110, Кентау қаласында – 1420 абонент. Қазіргі таңда тиісті мамандар электр желілерін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

 

4 мамыр күні сағат 10 шамасында Кентау қаласындағы политехникалық колледждің аумағы 700 шаршы мертлік шатыры ұшты. Соның салдарынан көршілес тұрғын үйдің шатыры бүлініп, екі тұрғын үйдің қоршауы (шлакаблок) зақымданды. Ал сағат 11:00-де Кентау қаласындағы «Қазақтелеком» ғимаратының шатыры ұшты.

 

Ауа райының қолайсыздығына байланысты Төтенше жағдайлар департаментінде жедел штаб құрылып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста