Домбыра – ұлттық мұрамыз

Домбыра – ұлттық мұрамыз

Ұлттық музыка өнеріне, оның ішінде домбыра өнеріне баулуда күйлердің атқаратын рөлі ерекше. Ұлттық күй өнерін үш салаға бөле отырып қараған жөн. Бірінші – халық күйлері, екінші – тарихи күйлер, үшінші – бүгінгі күйші сазгерлер күйлері. Музыка көзбен көріп, қолмен ұстайтын бейне жасай алмайды. Оның басқа көркемөнерден айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, саз, ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде. Сондықтан мектепке келген сәбидің ұлттық музыкалық түйсігіне мұғалім қандай ұлттық өрнек салса, өрнек сәби жүрегінде мәңгі қалады.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебе­сіне ие болуы ұрпақ тәрбиесін жаңаша қа­рауды, оны жақсарту жолдарын нақты ай­қындауды талап етеді. Қоғамның жаңаруы ғылым мен білімге тәуелді. Домбыра – қа­зақ музыкалық мәдениеті тарихында, ел ішінде ең көп тараған, ерте заманнан халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбыра үйрету бағ­дарламалары қазіргі уақыт талабына сай жаңартылып, толтырылуда.
Домбыра – халық даналығының туындысы. Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері ұлтты айқындайтын негізгі белгілердің бірі – ана тілі мәселесімен қоса, ұлттық өнерге де біраз көңіл бөлінген секілді.
Тәуелсіздік туын тіккен жас мемлеке­тіміздің болашағына тұтқа болар білімді де білгір, білікті азаматтар даярлау – бүгінгі күн­нің кезек күттірмейтін міндеттерінің бірі.
Музыка өнерінің мақсаты – өскелең ұрпақты тамыры терең ұлттық өнер қазы­наларымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әлемдік эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген көзқарасты қа­лыптастыру.
Өнерге тәрбиелеуде музыкалық шы­ғар­маларды тыңдату арқылы балалардың ер­кін қиялына қанат бітіріп, өзіндік шы­ғармашылық әрекет жасауына ықпал етіп, оның қызығушылық ынта-жігерін арттыруына жағдай тудырып, жетелеп отыру қа­жет. Дүниежүзіне Тәуелсіздігімізді паш ете­тін тіліміз бен өнеріміздің, оның ішінде қасиетті домбырамыздың мәртебесін көте­ру, тереңірек зерттеу – бүгінгі ұрпақ міндеті.
Осы домбыра аспабын негіз ете отырып, «Арнау» фольклорлық ансамблі құ­рылды. «Арнау» фольклорлық ансамбль болғандықтан, оқушының талабына, жас ерекшелігіне қарастырылып алынды. Оның ішінде домбырамен қоса, қазақтың кө­не ұлттық аспаптарын: сазсырнай, жетіген, қылқобыз, дабыл, шаңқобыз, дауыл­паз, асатаяқ т.б. аспаптарды қосымша үй­рете отырып, оқушының қазақ музыка­сына деген қызығушылығын арттыру көз­делді. Алғаш рет репертуар таңдағанда әр аспаптың үнін үзінді ретінде тыңдата, көрсете отырып, біртұтас музыкалық шы­ғарма ретінде ойнатылады.
Әр дайындық үстінде шығарманың мағынасын түсіндіре отырып, оқушының талабын байқай, ой-пікірімен санасқан жөн болар. Ұстаздың міндеті – баланың қия­лын дамытуға жағдай жасап, шеберлікпен ба­ғыт беріп, басшылық жасау. Ұстаз ұлттық мә­де­ниет үрдістерін өркениетті өмір­мен бай­ланыстырып, тәлім-тәрбиеге пайдалана білуге міндетті. Мол адамгер­шілік тәр­бие­нің аталмыш қасиеттерін баланың бо­йына дарыту әдістерінің бірі – ұлттық өнер.
«Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім» деп Мұхтар Әуе­зов атап көрсеткендей, рухани ұлттық қа­жеттілікке жараған білім ғана – ең мықты білім, рухани ұлттық тәрбие алған ұрпақ қана болашақта Тәуелсіздікті баянды ететін ұрпақ бола алады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста