«Дуалаған…». Шымкентте көшеде өлі бастар шашылып жатыр
Шымкент қаласының тұрғындары көшеде жатқан қой бастары мен ішкі ағзаларын тауып, тәуекелге бармай, полиция қызметкерлерін шақырды деп хабарлайды 31 арна.
Таңертең даладан келген жаман иістен оянған Шымкент тұрғындары сыртқа шыққанда көше бойында шашылып жатқан қой бастары мен ағзаларынан көріп, жағымсыз иістің қайдан шығып жатқанын түсінеді.
Сағат жетіде далаға шығып үш қойдың басын таптым. Кейде адамдар күшіктер мен мысықтарын тастап жатады, ал осы жолы мүлдем біз күтпеген жағдай орын алды,-дейді Шымкент қаласының тұрғыны Владимир Мрадин
Қой бастарында қара сиқыр мен жұқпалы ауру бар деген оймен Шымкент тұрғындары көшені қой бастары мен ішкі ағзаларынан тазалауға қорықты.
«Осы жерде он қойдың басы жатыр. Мұны істем кімнің ойына келгенін түсінбеймін»,-дейді Шымкент тұрғыны Бисембек Сартаев
Уақытта босқа кетірмей шымкенттіктер полиция қызметкерлерін шақыртты. Полиция қызметкерлерімен бірге аудандық әкімшіліктің өкілдері мен мал дәрігерлері оқиға орын алған көшеге келіп, болған жайттың мәнін анықтауға тырысты.
Шабылған қой бастарында нөмірленген сырғалар қалып қойған. Алғашқы үш сан сәйкес келеді, яғни олар бір отардың жануарлары. Осы арқылы біз малдың Ордабасы ауданында тіркелгенің анықтадық,- дейді Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығы мен ветеринария бөлімі жетекшісінің орынбасары Төрәлі Жұбанов.
Ендігі кезекте мал дәрігерлері жануарларда жұқпалы аурудың бар-жоғын тексерулері керек. Ал полиция қойлардың иесі жайлы берілген ақпаратқа сүйеніп, мал қалдықтары неліктен көшеде шашылып жатқандығын анықтауы тиіс.