Екібастұзда тұрғындар әлі жылу күтіп отыр
Бір күн бұрын Павлодар облысындағы Екібастұз жылу электр станциясында тағы да апат болып, бірден 3 қазандық тоқтап қалған еді, деп хабарлайды Экспресс К.
Сол кезде адамдар үйлердің суып кеткеніне шағымдана бастады. Кешке қарай "Екібастұзжылуэнерго" компаниясы есеп беріп, ақаулардың жойылғанын айтты. Ал түнге қарай Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов 19 ақпанда таңертең жылу қалпына келеді деп уәде берді. Оның айтуынша, бүкіл қаланың жылумен жабдықтау жүйесінде желілік суды толық жылыту үшін 8-9 сағат қажет.
Таңға қарай қалыпты, яғни 65-70 градус температураға қол жеткізу жоспарланып отыр. Жылу тұрғындарға жетеді, — деді әкім.
Алайда құбырлар бәрінде жылынып жатқан жоқ. Әлеуметтік желіні термометрлердегі сынап бағанасы (үй ішінде) +5 градусқа әрең жетіп жатқанын көрсететін фотолар шарлап жүр.