Елімізде "темекі тауық" пайда болды (фото)
Қазір елімізде орамасының сыртына "Темекі тауық" деп жазылған құс еті сатылып жатыр. Осыған байланысты әлеуметтік желі қолданушылары түрлі пікір білдіруде. Кейбіреуі бұны келемеждесе, енді бірі "Бұл не сұмдық? Мұндай масқара қашанғы жалғаса береді?" деп ашу-ызасын жеткізген.
Ал әлгі әлгіндей жазуы бар ораманың суретін белгілі тележүргізуші Жанат Бақыт Фейсбуктегі парақшасына салған, деп хабарлайды Caravan.kz. Орама сыртындағы жазуда "Цыпленок табака" дегенді "Темекі тауық" деп аударыпты.
Суреттің астына белгілі журналист Евгений Дробязко былай деп пікір жазған: "Бұл ("Цыпленок табака" - ред.) - астың атауы. Темекіге (орысша айтқанда "табакқа") ешқандай қатысы жоқ. Бұл - грузин халқының асы. Ал ол грузин тілінде "табака" - табаның бір түрі. Аталған асты дәл осы ыдыспен дайындайды. Сондықтан бұл тауық солай аталады. Біздегі "аударғыштардың" істемейтіні жоқ қой!"
"Цыпленок табаканың" анықтамасы. Gastronom.ru фотосы