Еркектің көзін тойдыратын да, сорын қайнататын да – сұлулар

Еркектің көзін тойдыратын да, сорын қайнататын да – сұлулар

Бүгінгі күннің ең шулы жаңалығы – бизнесмен Қайрат Жамалиев пен оның тоқалы Айнұр Исинаның арасындағы отбасы, ошақ қасылық әңгіме. Қалталы кәсіпкердің қанша әйелі бар, олармен байланысы қандай көпшілікті қызықтырмас та еді, егер Әліби атты жігіт Қайраттан оңбай таяқ жемесе. Меншігіндегі «қуыршағын» қызғанып, жас жігіттің обалына қалған бизнесмен қазір уақытша қамауда отыр. Ал біреудің тоқалына қырындаймын деп құлақсыз қалған Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұлов баласына жасалған айуандықты жария етіп, халықтан көмек сұрауда.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Жамалиев 21 сәуір күні Астана қаласының тұрғыны Әліби Жұмағұловты азаптап, ұрғаны туралы ақпарат тарап, тіпті зардап шегушінің суреті де жарияланған болатын. Соққыға жығылған Әлібидің әкесі Нұрлан Жұмағұловтың айтуынша, сол күні түнде ұлы шаруаларымен үйден шығып кеткен. Кейін оның досы Әлібидің ауыр халде ауруханаға түскенін жеткізген.
Қайрат Жамалиевтің жас жігітті азаптағаны соншалық, оның құлағын да кесіп алғаны туралы айтылды. Бүгінде аталған оқиға әлеуметтік желілерде талқыланып жатыр. Әлібиді кәсіпкер Жамалиев өзінің тоқалына қырындағаны үшін ұрған болуы мүмкін деседі жұрт. Ал ұзын сирақты Айнұр ару Әлібиді қаралап, Жамалиевті жақтап, соның сөзін сөйлеп отыр. Қалталы кәсіпкердің арқасында шалқып өмір сүрген мисс өзінің біреудің күйеуінен бала тауып, екінші біреумен көңіл көтеріп жүргенін мойындасын ба?
Айнұр Исина басылымдарға берген сұқбатынан байқағанымыз, ол өзінің не айтып, қой қойғанын білмей отырған тәрізді.
«Өзбек байыса үй салады, қазақ байыса қатын алады» демекші, жоғарыда отырған шенеуніктер, бизнесмен еркектер тұрмақ басында баспана, астында көлігі бар еркектердің өзі қарны сәл тойса, тоқалды армандап кетеді. Ал енді миллионерлерге тоқал алу тіпті сөз емес. Басында шашы азайған сайын ақшасы көбейіп, қарны қампаятын ағалар сұлуларды өзіне ғашық ете алмаса да, қомпайған әмияндарына ынтық ете біледі.
Жас иісті қалталылар анау-мынау емес сұлулар байқауынан таңдап алады. «90-60-90» өлшемді қыздардың да арулар байқауына қатысқандағы басты мақсаты қалталы азматтардың көзіне түсу болса керек. Көркіне сенетін қыздарға жылдар бойы оқып, еңбектеніп, болмашы айлыққа өмір сүргеннен, күйеуге шығып, оның шұлығын жуып, бала баққаннан гөрі үлде мен бүлдеге оранып, демеушісінің жанында қымбат мейрамханаларда еріп жүрген артық емес пе? «Сымбатты жігіттің түрін езіп ішем бе, махаббат маған баспана бола ала ма?» дейтін қыздар өзіне теңіздің жағасында демалуға мүмкіндік беретін, қымбат көліктер мінгізетін ағайларды таңдайтыны белгілі. Бірақ тамағы тоқтық, қайғысы жоқтық та адам баласын аздырады емес пе? Уақыт өте келе үлкен ағаның алтын торында отырған құс бостандыққа шыққысы келетіні заңдылық. Себебі әйел жүрегі махаббатты аңсайды. Кетем деген әйелді күштеп көндіру мүмкін емес. Бірақ мұны ақшасына сенетін дөкей түсінсін бе? Өйткені ол өз меншігіндегі әдемі қуыршақты ешкімге бергісі келмейді.
Айтпақшы, бірі түрмеде, бірі ауруханада жатқан жігіттердің арасындағы кикілжіңге себепші болған Айнұр Исина да арулар байқауына қатысқан. Ол 2008 жылы Астана аруы атанған екен.
Айнұр Исина күйеуін жақсы көрді ме, әлде Әлібиді сүйді ме, кім білсін, бір анығы осы арудың арқасында Әліби денсаулығынан, Қайрат абырой мен бостандығынан айырылды. Жемтігін қызғанған жыртқыштай Қайрат Жамалиев Әліби Жұмағұловты қандай күйге түсіргенін көріп бүгінде жігіттер «мисс» деген сөзден қорқып қалғандай. Жақында әлеуметтік желіден бір жігіттің «Майысып суретке түскен қыз достық ұсынса, құлағымызды қаситын болдық» деген сөзі осыған айғақ.
Ата-бабаларымыз ықылым заманнан-ақ еркектің бағы да, соры да әйелден екенін айтып кеткен жоқ па? Қарап тұрған еркекке әйел артылған қазіргі заманда шынайы сезім туралы айтудың өзі артық. Алайда бір шүйкебастың кесірінен азаматтардың бірін-бірі өлімші етіп жатқаны ызаңды келтіреді.
Сұлу көрсе есінен адасып, өзінің қызындай 17-18 жастағы аруларды ашына етіп жүрген ағалар бізде жетерлік. Бұрын шенеуніктер мен бинесмендердің тасадағы тоқалдары көп айтыла бермейтін, енді-енді былықтары шыға бастады.
Өздеріңізге белгілі, жақында білдей бір театрдың директоры сұлу актрисалардың ішіндегі өз ашыналарына ғана рөл беретіні жария болды. Енді міне, тоқалға таластың куәсі болдық. Айтпақшы, жас жігіттер, мейрамхана, түнгі клубтарға барғанда абайламасаңыздар, осыдан біраз уақыт бұрын Бақтияр Артаевқа жала жапқысы келген Айсұлу Ибрашева секілді фотомодельдерге кездесіп қалуларыңыз мүмкін. Сұлуларға сүйкенем деп сорыңыз қайнап жүрмесін! Француздарша айтсақ, Cherchez la femme (Шерше ля фам).

Айнұр Нұрсабет

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста