Есірткі бизнесі неге есіре береді?

Есірткі бизнесі неге есіре береді?

Осыдан біраз уақыт бұрын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі еліміздегі ең жас нашақордың жасын анықтаған болатын. 13 жастағы есірткіге тәуелді бала Теміртауда тіркелді. Мамандар нашақорлықтың күн өткен сайын жасарып бара жатқандығына алаңдаулы. Жалпы, нашақорлық бизнесі бүгінде Қазақстанда күрделі мәселелердің бірі ретінде қалып отыр. Есірткінің мемлекетаралық тасымал жолдарына әлі де тұсау салынбай отыр.

Қазақстан Орталық Азиядағы транзиттік әлеуеті жоғары ел болғандықтан, оңтүстіктен терістікке тасымалданатын есірткі заттарының дені біздің ел арқылы өтеді. Жуырда Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік  ақпараттық үйлестіру орталығы (ЦАРИКЦ)  арнайы зерттеу нәтижесін жария етті. 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған зерттеу қорытындысына қарағанда, Қазақстан арқылы заңсыз есірткіні алып өтетіндер негізінен ресейліктер екені анықталды. Мысалы, осы уақыт аралығында еліміздің аумағында есірткі қылмысына қатысы бар 171 шетел азаматы ұсталған. Оның ішінде 56 қылмыскердің Ресей, 39-ы Қырғызстан, сегізі Тәжікстан, екеуі Түрікменстан азаматтары екені белгілі болды. Сондай-ақ зерттеу қорытындысы көрсеткендей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінде ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында заңсыз есірткі айналымына қатысты 8126 қылмыстық іс тіркелген. Барлық фактілердің 63 пайызы Қазақстанның үлесіне тиеді екен. Міне, осыдан-ақ еліміздегі жағдайдың қаншалықты күрделі екенін білуге болады.

Ең көп таралғаны – марихуана
Бүгінде Шу алқабында өсетін қарасора тек елімізге ғана емес, жалпы Орталық Азияға үлкен қауіп төндіріп тұр. Мәліметке қарағанда, Орталық Азия және Әзірбайжан елдері бойынша қара сораға қатысты қылмыстық істердің шамамен 84 пайызы Қазақстанда қозғалады екен. Сондай-ақ есірткілердің негізгі көлемін жергілікті жерде дайындалған марихуана құрайды. Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында елімізде тәркіленген Есірткі заттарының шамамен 95 пайызы осы – марихуана. Марихуанамен ұсталатын қылмыскерлердің саны әлі азаяр емес. Мәселен, осы жылдың маусым айында ҚР ІІМ Есірткі бизнесімен күрес комитеті мен Жамбыл облыстық есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері арнайы іс-шара өткізіп, Шу ауданына қарасты Тасөткел елді мекені маңынан Оңтүстік Қазақстан облысының азаматын 1т 20кг марихуанамен ұстады. Дәл осы айда Шу ауданы Құмөзек ауылының жанынан полицейлер 1т 98кг марихуанамен тағы бір азаматты қолға түсірді. Ал «МАК – 2010» операциясы барысында Қазақстан аумағынан заңсыз айналымдағы 1т 982, 905кг марихуана тәркіленді. Сондай-ақ елімізде марихуанаға қатысты қылмыстық іс өткен жылғыға қарағанда көбірек қозғалған.

Қырғызстандағы дүрбелең есірткі бизнесіне жол ашып берді
Жалпы, 2010 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған зерттеу нәтижесі халықаралық есірткі бизнесі ЦАРИКЦ орталығына мүше елдердің аумағын Ресей, одан әрі Еуропа елдеріне есірткі заттарын тасымалдауға жақсы пайдаланып отырғандығын көрсетті. Сонымен қатар бүгінде ірі есірткі тасымалдаушылар Қырғызстандағы тұрақсыздықты тиімді пайдалануда. Дүрбелеңді басынан кешкен елдерден қашып жатқан азаматтар да есірткі тасымалдаушылардың қатарын көбейте түсуде. Ал Қырғызстанның географиялық жағынан Қазақстанға жақын орналасқанын ескерсек, мәселенің біз үшін де қаншалықты қауіпті екенін аңғара беруге болады.

Бір дерек:
Қазақстандық кеденшілер ағымдағы жылы заңсыз айналымдағы 318,6 келі есірткіні тәркіледі. Оның ішінде 15 келіден артығы – героин. Қозғалған қылмыстық істердің саны – 76. ҚР Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәліметі бойынша, есірткіні анықтауда иісшіл иттердің көмегі орасан. Арнайы үйретілген төрт аяқты жануарлардың көмегімен қылмыстың 65 пайызы ашылды.

Аманжол Оразбаев, Заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының өкілі, полиция полковнигі:
– Бұл мәселе саясиланып барады. Егер біз шынымен есірткі бизнесіне қарсы тұрғымыз келсе, барлық саяси, жеке мүдделік көзқарастарды тастап, мемлекеттер бірлесіп қимылдауымыз керек. Бұл сұрақты шешуде әр ел өзінше үстем болғысы келеді, осындай менмендікті жарып шыққанда ғана оң нәтижеге жетеміз. Есірткі айналымына қарсы күресуге қазіргі уақытта ауғандықтар да мықтап бел буып отыр. Бірақ дәл қазір аймақ елдері аққу, шортан, шаянның кебін киіп жүр. Есірткіге қарсы күресудің нақты механизмдері әлі жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста