Физика мен химия қонбай жүр қазақ миына

Физика мен химия қонбай жүр қазақ миына

Қазір жер-жаһанда техника саласы қарыштап дамып тұр. Кезінде арман болған көптеген жайлар бүгінгі күні ешкімге таңсық емес. Ыбырай Алтынсарин атамыздың айтқаны айдай келгендей. Алғашқы ағартушымыз екі ғасырға жуық уақыт бұрын өнер-білім бар жұрттың өрісі кең екенін тілге тиек еткен еді. Осы уақытта айшылық алыс жолдан жыл­дам хабар алғызуға ешкім таңғалмайды. Жаһандық желі­нің тетігін бассаңыз, жетіп жатыр. Қалаға­ның заматында алақаныңда тұрады. Білімге ден қойған жұрт жеті қат көкке жол салып алды. Бүгінгі таңда ғарыш­қа барып-қайту – ұшақ­қа мінгенмен тең. Осындай жаңа заманғы технологияға көз салып отырмыз. Оған таңда­ныс­пен қарайтынымыз – тағы да рас. Алайда «ол біздің қолымыздан келмейді ғой», деп қол қусырып отыруға әсте болмайды. Қазіргі уақытта Қазақ­станда инновациялық жоба­ларға маңыз берілуде. Яғни жаңа­шыл идеяларға мемлекет тарапынан қолдау жасалады. Ал оны іске асыруға қан­ша­лықты шамамыз келеді? Көп­шіліктің көңілінде жүрген сауалдың бірі осыған саяды. Алайда әлі де кем-кетігіміз жоқ емес. Еңсемізді тіктегіміз келсе, сол жобаны жүзеге асыруға белсене кірісуіміз қажет емес пе?
Шындығын айтайық, біздегі мектеп түлектерінің техникалық пәндерден миына тоқығаны көңіл көншітерлік емес. Көбісі әдебиет пен тарихты шемішкеше шағады. Ал физика мен химияға келгенде көбісі тосылып қалады. Елдің арасында айтылатын «физика мен химия қонбады менің миыма» дей­тін әзілдің тап өзі. Сенбесеңіз, ұлт­тық бірыңғай тестілеу нәтижесіне көз салыңыз. Осы пәндерден түлек­тер­дің жи­наған балы 10-15 ұпай­дан аспайды. Тестілеуге енген пән­дердің әрқайсысынан 30 балл бе­ріледі. Нәтижеге қарасаңыз, амалсыз ойланып қаласыз. Он бір жыл оқығанда физика мен химиядан көңілге тоқығанымыз қандай? 30 сауалдың үш­тен біріне жауап берген баланың білімі қаншалықты еке­нін осыдан-ақ аңғарылып тұр емес пе?
Соңғы жылдары елімізде тех­никалық мамандықтарға сұраныс артып тұр. Осы­ған орай, оларға мемлекет тарапынан бөлінетін грант артты. Өткен жылы 110 мыңнан астам грант техникалық мамандық түрлеріне бөлінген. Дегенмен оған барып жатқан өрендер саны қанша? Мәселен, қазіргі күні ақпараттық технология мен электроника бойынша инженерлер саусақпен санарлық. Ал ғарыш саласын айтпай-ақ қоялық. Атап айтқанда, астрофизик, астроном сынды кәсіпті игерген жастар – жоқтың қасы. Сондай-ақ еліміз картограф, геодезист мамандықтарға зәру. Айналып келгенде, олардың барлығы мектепте техникалық пән­дер­ді оқыту жайын аңғартады.
Химия – қиын, ашиды миың...
90-жылдарға дейін бүгінгімен салыс­тырғанда оқушылардың физика мен хи­мияға қызығушылығы әлдеқайда жоға­ры еді. Қай салада болмасын, қазақ баласы кездесетін. Еліміздегі қазба байлықты табуға үлкен күш жұмсаған Қаныш Сәтбаев ағамыздың өзі неге тұрады? Одан өзге де талай мықты арыстарымыз шықты. Қазір сондай деңгейге жету құр арманға айналып тұр.
Еліміз Тәуелсіздік алды. Жүрер жолды таңдайтын уақыт туды. Сол шақта техникалық мамандыққа сұраныс артты. Алайда кейбір сала бойынша әлі де кәсіп иелері жоқ. Сондықтан шетелден келген инвесторлар мамандарын өздерімен бірге алып келуде. Өркениетті елдерде техникалық мамандыққа аса көңіл бөлінген. Шап-шағын аралда қоныс тепкен Жапонияны алайықшы. Қазір бұл елдің әлемде беделі зор. Аталмыш елде техниканың жеті атасы жасалады. Қызығы, жапон жерінде қазба байлық аз. Күншығыс елінің өкілдері ақыл-ойдың жемісін жеп отыр. Ғалымдар төрткүл дүниеге таңсық талай техниканы ойлап табады. Оңтүстік Корея да олардан қалыс қала қоймайды. Құдай қосқан көршіміз Қытай да алдыңғы орыннан көрінуге талпынып жүр. Еуропа елдерінде де осындай серпіліс байқалып тұ­рады. Өкініштісі, қазақ әлі де «асықпаған арбамен қоян ала­дының» кейпін танытып отыр.
Қазақ қашан өз байлығын өзі игереді?
Қазір әрбір қазақ үйіндегі өренін жоғары оқу орнына алып баруға құш­тар. Оған ешбір дауымыз жоқ. Алайда күні ертең ол мамандық бойынша екі қолға бір кәсіп табыла қоя ма? Ол жағын ойлап жатқан ағайын жоқ. Қазақ баласын заңгер не қаржыгер етуге құштар. Олар әупірімдеп диплом алады. Одан кейін жұмыс таба алмай қиналады.
Жаһандану заманында әрбір ел ғылым мен техниканың дамуы арқылы мақтана алады. Соның нәтижесінде абыройы биіктейді. Қазақстан 70 жыл бойы шикізат елі болып келді. Сол олқылық күні бүгінге дейін жалғасуда. «Біздің елімізде Менделеев кестесіндегі барлық элементтер бар» деп көкірек соғамыз. Одан өзге жұртты мойындатқан қандай өнім шығарып отырмыз? Амалсыз жүзімізді төмен саламыз. Уақытында елімізде ірі зауыттар жұмыс жасады. Ондағы мамандар өз елдеріне кеткенде тағы да қиналып қалдық. Тіпті кейбірінің жағдайы сол күйінше оңалған жоқ. Есігіне қара құлып ілінді. Егер бізде техникалық мамандықтарға жоғары деңгейде мән берілсе, олардың барлығының түтіні түзу ұшып тұрар еді-ау?!
Бақыт ҚАЛИЕВ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушысы, техника ғылымының кандидаты:
– Халықтың арасында дарынды өрендер баршылық. Біз осындай жастарға қолдау білдіргеніміз артық емес. Олар түрлі халықаралық жарыстарда оза шауып келеді. Ендеше, осындай үлкен үміт күтетін соңғы буынды елімізге қажетті мамандықтарды игеруге неге тарт­паймыз? Сондықтан бұл тұрғыда нақты жоспар жасалуы тиіс деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста