Имамдардың айтқанын істейміз деп шатасып біттік

Имамдардың айтқанын істейміз деп шатасып біттік

Қызыл үкіметтің тұсында дінге қатаң тыйым салынып, атеистік саясаттың үстемдік құрғаны бәрімізге де аян. Елді мекендерде мешіт, молда, имам түгілі, құран оқитын адамды табу қиын болатын. Сол кездерде үйленген жастардың шариғат жолымен некелері қиылмады. Олар Неке сарайында заңды некеге қағаз бетінде ғана тіркелді.

Таяуда асқа жиналған бір топ аза­мат­тардың арасында имандылық туралы сөз қозғалғанда, Мәдіхан атты азамат: «Ой, иманға бет бұрмақ болсаң, кеудеңнен ите­ре­ді», – деп имамдардың имандылы­ғы­на күмән келтіретінін жасырмады. Дас­тар­қан басынан тұрғаннан кейін қалжың­да­ған кейіп танытып, Мәдіханды сөзге тарттым;
– Исламнан көңілің қалды ма, әлде имамнан көңілің қалды ма?
– Әлһамдулла, мұсылманмын. Алланы ұмытпаймыз. Исламнан неге көңілім қалсын, бірақ имамнан көңілім қалды.
– Неге?
– Сіз журналист екенсіз ғой, сізге сырымды айтайын.
Мәдіханның сыры
– Алматыға көшіп келгеніме он жылдан асты. Әйелім, үш балам бар. Кеңес өкіметі тұсында үйленгенбіз. Бірақ ол кезде шариғат жолымен неке оқытпадық, тіпті неке оқытуды ойламаппыз да. Енді еліміз егемендік алып, дініміз қайта оралғанда, әйелім екеуміз «жас болса бір шамаға келді, бұрынғы қателіктің орнын толтырып, мешітке барып, неке қидырайық» деген шешімге келдік. Бірақ біраз уақыт қобалжып, қалай барудың есебін таппай жүрдік. Бір күні дайындалып, жуынып-шайынып, білгенімізше дәрет алып, өзім тақиямды киіп, әйелім орамалын тартып, мешітті бетке алдық. Мешіттің неке қиятын бөлмесіне кіріп, сонда отырған имамға келген шаруамызды айтқанымыз сол-ақ: «Сендер харамсыңдар, сендерден туған балалар да харам, ішкен-жегендерің, істеген істерің – бәрі харам», – деп мешіттен желкелегендей етіп қуып шықты. Имамның бұл ісіне не деп айтарымызды білмей, бейне бір кешірілмес күнә жасаған жандардай күй кешіп, әйелім жылап-еңіреп, үмітіміз үзіліп үйге қайттық. Араға біраз уақыт салып әйеліме басқа мешітке барып көрейік десем: «Бір имамнан бір өмірге жететіндей сөз естідік қой, сол да жетер, ең бастысы, иманымыз – жүрегі­мізде, Алламыз – аузымызда, осыған шү­кір­шілік етейік», – дейді. Менің сырым – осы. Осыдан кейін имамнан көңілім қалды.
Имам не дейді?
Расында да, Кеңес өкіметі тұсында от­басы құрған көптеген жастардың шариғат жолымен некесі қиылмағаны – уақыт шындығы. Шариғат жолымен некесі қиыл­маған сол өткен заманның жастары бүгін некесін қидырғылары келсе, не істеулері керек?
Қазақстан мұсылмандары діни бас­қар­масы Діни оқу-ағарту бөлімінің мама­ны Рахымжан Әкімбеков:
– Некенің екі негізі бар. Бірінші, ер адам әйелден «сіз маған тұрмысқа шығуға ра­зы­сыз ба» деп сұрауы, ал әйел адам «мен сізге тұрмысқа шығуға разымын» деп келісімін беруі шарт. Екіншіден, осы келісім­ді растайтын куәлар болуы міндетті. Осы екі шарт орындалғанда, неке түседі. Некені молданың қиюы – ол сүндет. Бірақ бұл пай­ғам­барымыздың сүндеті екен деп, қазіргі уақытта оны тастап қоюға болмайды. Ал Кеңес өкіметі кезінде шариғат жолымен неке қидырмағандарды «харам» деп ба­ла­ғаттау – надандық. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әрбір надан – батыр», – дейді. Ал надан адам ойланбай, қорықпай сөйлейді. Ал намаз оқу мәселесіне келсек, намазды қаза қылуға болмайды. Ал енді бір сауалға әр имамның әртүрлі жауап беруі – кейбір имамдардың сауатының таяздығынан. Өкі­нішке қарай, білімсіз имамдар көп. Бүгінде білікті жастар оқу бітіріп келіп, бұл мәселе шешімін тауып келеді. Тағы бір айтарым, көкейіңізде жүрген сауалдың жауабын тікелей мешіттен келіп алғаныңыз дұрыс. Өйткені қазіргі уақытта халықты шатастыра­тын теріс ағымдар көбейіп кетті.
Ел не айтады?
Имандылық жайлы елдің пікірін білмек ниетпен сауалнама жүргізіп, Кеңес өкіме­тінің «көзін» көрген қала тұрғындарын сөз­ге тарттық. Ермек аға:
– Жасым 60-тан асты. Біздің зама­ны­мыз­­да мен ғана емес, менің қатарла­рым­ның көпшілігі дін, шариғат дегенді ойлаған жоқпыз. Заман солай болды. Ал қазір мүлдем басқаша. Жаппай дінге бет бұру бар. Бұл имандылық – жақсылықтың ны­­ша­ны. Бірақ көңілге қонбайтын дүниелер де бар. Мысалы, бір сауалға үш имам үш түрлі түсінік береді. Бәрі де – имам, ал қай­сысына сенесің? Айта кетер тағы бір жайт, түсініксіз шектеулер көп. «Ата-бабаңа құ­ран оқытып, аруағына сиынба, ол – Алла­ға серік қосу» дейді. Біз «ата-бабамыздың рухы салауат болсын» деп Алладан сұрап отырғанымызды қалай түсінбейді? Салт-дәстүр мен исламды шатастырады. Мұсыл­ман болу үшін міндетті түрде араб немесе түріктің киімін киюіміз керек пе? Қазақтың киімін киіп, мұсылман болуға болмай ма сонда? Тағы бір мәселе – намаз оқу. «Бес уақыт намазды қаза қылуға (уақы­тын өткізуге) болмайды, ол – күнә» дейді. Жұмыс істеп жүрген адамдардың бәрінің бес уақыт намаз оқуға мүмкіншілігі бола бермейді ғой. Мүмкін, жұмысқа дейін, жұмыстан кейін қосып оқыса да болатын шығар? Меніңше, шектеулер мен міндет­тер­ді азайтып, заманның, адамның мүм­кін­шілігін ескеру керек шығар.

Сөз соңы
Атеистік қоғамда шаңырақ көтерген отбасыларға айтарымыз: Сіздер некеміз қиылмады деп көкейлеріңізге күдік ұялатпаңыздар. Сіздер бір-біріңіздің ризашылықтарыңызбен үйлендіңіздер. Шариғаттың неке туралы шарттарын орындадыңыздар. Демек, некелеріңіз шариғат жолымен де таза болған.
Алла жар болып, дініміз берік , иманымыз биік болсын!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста