Кәрім Мәсімовтің камерада қандай жағдайда отырғаны белгілі болды

Кәрім Мәсімовтің камерада қандай жағдайда отырғаны белгілі болды

Омбудсменнің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандардың барлығымен бірдей жағдай жасалған.

Мемлекетке опаздық жасау, билікті күшпен басып алу бойынша айып тағылып, тергеу изоляторында отырған ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтен шағым түскен жоқ. Бұл туралы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімова мәлімдеді деп жазды  turkystan.kz.

Омбудсменнің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысына қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен ұсталғандардың барлығымен бірдей жағдай жасалған.

«Біздің топтарда Мәсімов туралы біраз ақпарат бар. Бірақ біздің жұмысымыздың ерекшелігіне байланысты барлық деректерді ашып айта алмаймыз. Әзірге Кәрім Мәсімовтің тарапынан ешқандай шағымдар түскен жоқ. Сондықтан қандай да бір мәліметтерді айта алмаймын. Камера, бұл –  камера. Ол жалғыз немесе бірнеше адамға арналған болуы мүмкін. Мұның бәрі қоғамнан оқшаулану екенін түсіну керек», – деді ол.

Эльвира Әзімова бұл жерде Кәрім Мәсімовке өзгелерге қарағанда ешқандай да артық күтім немесе басқа да жағдай жасалмағанын атап өтті.

«Ұстау жағдайларының үш түрі бар – ішкі істер органдарында тергеу изоляторлары, қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қарамағындағы изоляторлар және ҰҚК тергеу изоляторы. Ұстау шарттары бойынша олардың бір-бірінен сәл айырмашылығы бар. Ең бастысы, мұнда отырғандардың адвокаттарға, медициналық көмекке, тамақтануға деген қолжетімділік шарттары бірдей», – деді Эльвира Әзімова.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста