Киіктің киесі ұрды ма?

Киіктің киесі ұрды ма?

Құралайды көзге атқан мергендер айтатын «Аңның да киесі болады» деген аңыз әңгімелерді құлағымыз жиі шалады. Мына бір оқиға соны тағы бір мәрте еске түсіріп отыр.

Жақында Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау бөлімі мен «Охотзоопром» мекемесінің мамандары жеті ақбөкенді заңсыз аулаған адамдарға құрық салды. Олар бұл сайранға алдын ала дайындалған. Алдымен жолдың ой-шұңқырына қарамайтын «Джип» көлігіне мінген. Тіпті сайран құратын аймағының картасын да жасағанға ұқсайды.
Рейдке шыққан мамандар аталмыш көлікті алыстан нысанаға алған. Оларды «Жезқазған-Қызылорда» тас жолының бойында тоқтатпақшы болып әрекет жасаған. Алайда олар оны елей қоймай, бой тасалап кетуді жөн көрген. Тас жолдан түсіп, қара жолмен қаша жөнелген. Артынан қуған көлікке жеткізбес үшін темірден арнайы жасаған дөңгелек тескіштерді тастап отырудан да тартына қоймапты. Мамандардың айтуынша, мұндай жайлар табиғат сақшыларының басынан талай рет өткен. Осының салдарынан жаңағыдай жүрдек көліктер бой тасалап кететіні бар. Бірақ олар алысқа ұзай қойған жоқ. Қара жолда «темір тұлпар» аударылып түсті. Көліктің сау тамтығы қалмады. Адамдары аман. Олардан жазықсыз мылтық шүріппесіне айналған жануарлар тәркіленді.
Нұрболат РЫСАЛИЕВ, Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің табиғатты қорғау бөлімінің инспекторы:
– Олардан ақбөкен мен алты дана мүйіз алынды. Аталмыш оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 288-бабымен қылмыстық іс қозғалды.

«Далада жортқан аңдардың арасында киелісі де болады» деген сөзге осыдан кейін көзіміз жеткен секілді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста