«Клиент санауды қойғанбыз!». Элиталық жезөкше ағынан жарылды
Астана – үлкен мүмкіндіктер қаласы. Соңғы жылдары бұ қалаңызға жан-жақтан “ақбозатты ханзададан” дәмелі қыз-қырқындар ағылып келуде.
Ханзаданың орнына оңды жұмыс тапса, шүкір дейік. Немесе уақытында тұрмыстанып кетсе тіптен жақсы. Олай болмаған жағдайда Қазақстанда кеңінен етек жайып келе жатқан секс-индустрияның онсыз да жетіп-артылатын қатарын толықтырады.
Көрмейін десем, көзім бар! Ғаламтордағы іздеу жүйесіне «Астана жезөкшелері» деген сөзді жазсаңыз, түрлі бағалары мен ұсыныстары бар сан-қилы сайттар шыға келеді. Сондай сайттардың біріне хабарласып, өзін Альмира деп атаған қызды кездесуге шақырдым. Журналист екенімді білген соң, көңілі түсіп қалды. Бірақ әрең дегенде ашық әңгімелесуге көндірдім.
Альмираның отбасында анасы ғана бар, әкесі бірнеше жыл бұрын қайтыс болған екен. Анасы Маңғыстау өңірінің Шет ауылында асханада жұмыс істеген. Анамның еңбекақысы төмен болғандықтан ақша әркез жетпейтін, дейді ол. Сондықтан мектеп бітіре салысымен Астанаға жол тартып, жақсы жұмыс тауып алуды жөн көріпті.
«Жарнамалық газеттерді, ғаламторды қарап, талай кеңсенің есігін тоздырдым. Бірақ тәжірибесі жоқ, кәмелетке толмаған, жоғары білім жоқ қыз ешкімге керек емес, — дейді Альмира.
— Бірде «Ақысы жоғары жұмысқа көрікті, жас қыздар қажет. Тәжірибе қажет емес» деген жарнаманы көзім шалды. Хабарласып едім, телефонмен нақты ештеңе айтпады, тек мекен-жайын берді. Келсем, кеңсе дегендері ықшамаудандағы пәтерлердің бірі болып шықты. Өзін Зуля деп таныстырған әйел қарсы алды, пәтерде әдемі киінген, күтіп-бапталған тағы бірнеше қыз отырды. Зуля немен айналысу қажеттігін айтқанда ойланып қалдым. Бірақ табысың жоғары болады, деді.
Амал жоқ, ақшадан әбден қиналған едім. Ертеңінде Зуляға жұмысқа шықтым. Бірінші клиентім 45 жастағы қалталы еркек болды. Төсек қатынасының қалай болғанын айтпай-ақ қояйын, бірақ маған мүлдем ұнаған жоқ. Әлгі кісі денемді мытып, кеудемді қысып, әбден зықымды шығарды. Ауырсынған маған өзге қыздар ішімдік беріп, «емдеді». Алғашқы табысым — 150 доллар болды. Үйге келіп, 2 сағатқа созылған қорлықты ұмытқым келсе де, денемнің ауырып, қақсағаны соны есімнен шығармайды. Бірақ екі-ақ сағаттың ішінде тапқан табысым көңіліме жылу ұялатты.
Осылайша мен жезөкше болдым. 7 қыз жұмыс істейміз. Күндер өтіп жатты. Неше-түрлі жағдайлар болды. Оңай емес. Клиенттер — әртүрлі. Қайырымдысы да бар, бірақ мейірімсіз, қаталдары көбірек. Ондайда бір-бірімізге жылап алатынбыз. Дегенмен адам бәріне үйренеді екен. Бір айдан соң клиенттерді санауды қойдым. Табысымның жартысын анама жіберіп тұрдым, жақсы пәтер жалдадым, қымбат киім-кешек алдым.
Жаңағы «фирмада» жүріп, тапқанымның жартысын бергенше, енді өзіме жұмыс жасайын деп жақында бөлек кеттім. Танысқан тұрақты клиенттерім бар. Олардан босаған уақытта өзге клиенттерді түнгі клубтардан, қымбат мейрамханалардан, түрлі жиындардан табамын. Бет-әлпетімнің сүйкімділігінен бірден көзге түсемін. Біраз отырған соң бағамды айтамын. Сағаты 200 доллар. Кейде түнгі клубтарда жас жігіттерге әжетханада «жыныс мүшесін» қанағаттандырып, «оралдық сексті» 100 долларға жасаймын.
Біздің жұмыста қауіпсіздік шараларын ұмытпау керек. Тек қана қонақ үйлерге барамын. Мысалы, бірде клиенттің үйіне барғанымда менің жұмысыма төлемек түгілі, ақшам салынған қол сөмкемді тартып алды, өзімді ұрып-соғып, жыныстық қатынасты телефонға түсіріп алыпты. Кейіннен оны әуесқой бейнеролик ретінде сайтқа салып қойыпты, — деді Альмира өз әңгімесінде.
Ал біздің ұққанымыз, әзірге Альмира өзінің өлшемі бойынша жақсы тұрады. Басқа жұмыс істегісі жоқ. Болашағын әзірге терең ойлаған емес. Бірақ көкейінде жақсы ер-азамат кездестірсем, деген арманы да жоқ емес…