Күйеуі: Кесарь тілігі кезінде анестезия аз салынғандықтан әйелім оянып, жүрегі тоқтап қалды (видео)
Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасында тағы да шу болды. Бұл жолы әйелі уақытынан бұрын кесарь тілігіне жатқызылып, соңы 4,5 айлық комаға созылған отбасының мәселесі. Әйелдің күйеуі мен анасы және олар жалдаған адвокатты ДСБ басшысы Нұрлыбек Абибұллаұлы жұмыс кабинетінен қуып шығыпты. Адвокаттың сөзінше өзін таныстырмаған басқарма қызметкері Абибұллаұлының нұсқауымен өзін кабинеттен күштеп шығарып, әдепке сай келмейтін сөздер айтқан, деп жазды KYN.KZ.
Әйелдің күйеуі оқиғаның неден басталып, қалай өрбігенін баяндап берді.
«Менің әйеліме жедел түрде кесір тілігін жасаймыз деді перзентханада. Денсаулығы жақсы болған деген сеніммен мен отаға қарсы болдым. Бірақ, олар ешкімнен рұқсат сұрамастан бірден кесір тілігін жасаған.
Ота бітісімен дәрігер шығып, әйелімнің жүрегі тоқтағанын естіртті. Бірден аппаратқа қосып 78 күн перзентханада ұстады. Аяқ асты фосфор емханасына ауыстырды. Ол жерде қазір жатқанына 60 күн болды. Әйелім әлі комада. Ташкенттен дәрігер алып келіп тексертіп едік, «Пневмония. Асқынған түрі. Іріңге айналып баражатыр» деді.
Біздікілер «бәрі жақсы , жақсарып келеді» дейді болды. Дұрыс ақпарат бермейді. Ас, суын уақытылы бермейді. Ташкентке барып емдетейік десек, оған жолға жарамайды деді сол жақтың дәрігері. Бізге әлі күнге ешкім не болғанын, енді қалай болатынын айтпайды. Ашықтан ашық «барлық жағдайға дайын болыңыздар» деп өлетінін меңзейді.
Уақыты жетпей туған бала арнайы түтікшемен тамақтанады. Арасында оттегі аппаратына қосылады. Енді соны бүгін үйге бергелі отыр. Ал анасы емханада жатабереді екен. Осынша уақыттан бері сандалған біз Нұрлыбек Абибұллаұлына келдік.
Мардымды дүние естімедік. тек жалған жалпылама сөздер. Адвокатқа сенімхатымды беріп, істің ақ- қарасын шешуін сұрадым. Бірақ, басқармадағылар бұл кісіні еш себепсіз шығарып жіберді. Тоқаевтан, министрден көмек сұраймыз»,-деді Шымкент тұрғыны.
Адвокат Мухаммад Алиосманұлы Шымкенттегі Денсаулық сақтау басқармасы басшысының өзіне қатысты заңсыз әрекетке барғанын айтып отыр. Одан бөлек комада жатқан Атажанова Луизаның оқиғасы қалай болғанынан ақпарат берді.
» Айтжанова Луиза күйеуі берген ақпаратқа сай айы толмаған баланы кесір тілігі арқылы босанған. Ота кезінде анестезиолог оған жетерлік мөлшерде өз анестезиясын салмаған. Ота кезінде әйел оянып кетіп, жүрегі тоқтап қалған. Клиникалық өлім болған. Ал сол анестезияны салған дәрігер осы оқиғадан кейін екі күн өткенде жұмысынан шығып кетіпті»,-дейді адвокат Мухаммад Алиосманұлы Луизаның күйеуі берген ақпаратқа сай.
Бұл отбасының уақытына жетпей дүниеге келген баласынан бөлек, кәмілет жасына толмаған екі балалары бар. Шымкент дәрігерлерінен әділдік іздеп шаршаған отбасы мен олардың қорғаушысы енді Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният пен ел президенті Тоқаевтан көмек сұрап отыр.