Күйеуінің таяғына шыдамай далаға қашқан әйел үсіп өлді

Күйеуінің таяғына шыдамай далаға қашқан әйел үсіп өлді

Семейде аяусыз сабаған маскүнем күйеуінен қашамын деп аяздан үсіп көз жұмды. Жұбайының жұдырығынан қорыққан келіншек қыстың қақаған суығында сыртқа көйлекшең шығып кеткен екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

 

«Жатқалы жатқанбыз. Мама киімін ауыстырып жатқалы жатқан ғой. Сол кезде маманың шыңғырып, айқайлаған дауысын естідім көмек сұраған. Мен барсам, маманы кәдімгідей шашынан жұлып, пышақты алып өлтіремін деп қорқытып жатыр екен», &mdash деді марқұмның қызы.

 

Кейін анасына араша түскен баланы итермек болғанда, әйелі алды-артына қарамай, сыртқа қаша жөнеліпті. Өлтіремін деп артынан қуып барған күйеуінен қорыққаны сонша, қаһарына мінген қыстың суығына да қарамаған.

 

«Далаға шығып адам іш киіммен кетпейді ғой. Оның ақыл-есі сау. Ешқандай дәрігердің есепбінде тұрмаған адам. Дені сау адам олай жасамайды ғой, қандай ашу болса да, қандай ұрыс жанжал болса да, ол үйден шығып кетпес еді. Ол сол жерге барып жатып, өлейін деп жатпайды ғой 35 градус аязда, ешқандай адам шыдамайды. Адам түгілі айуан да шыдамайды», &mdash деді марқұмның әпкесі.

 

Ал таң ата полицейлер марқұмды үсіп қалған күйінде үйден жарты шақырым жерден табады.

 

Қайғыдан қан жұтқан туыстары енді әділдік іздеп шырылдап жүр. Олар бауырларын өлтірген қаскөй әлі бостандықта, ал полицейлер марқұм үсіп көз жұмды деп істі жаба салғанына наразы.

 

«Ол ізінен қоса жүгіріп шыққан адам, қатты ұзап жүгіре алмайтын адам, қалай жете алмай қалады, қалай көрмей қалады. Мен көрмей қалдым деп айтты дейді. Ол қалай көрмей қалады ізінен шығып тұр ғой. Осының ақ-қарасын анықтайтын бізде заң жоқ па? Заңымыз соншалықты жұмсақ, соншалықты солқылдақ па?!», &mdash деді марқұмның қызы.

 

«Медициналық сот-сараптама бойынша, иә дене жарақаттары бар. Бірақ ол жарақаттардың өлімге қатысы жоқ. Қазір қосымша сот-медициналық сараптама өтсе, біз тиісті тергеу ждүргізіп, процессуалдық шешім қабылдаймыз», &mdash деді ШҚО ПД бастығының міндетін атқарушы Дәурен Иманәлиев.

 

Алайда, марқұмның ет жақындары азаматтық некедегі күйеуінің кінәлі екеніне сенімдіміз дейді. Бұған келтірер айғақтары да жетерлік.

 

«Бұл азамат егер ер жігіт болса, ол 102 хабарласып, шығып кетті деп айту керек еді. Егер ол өзі шығып кетсе бір жөн. Екіншіден, ол Аягөзге қашып кеткен машинамен. Үйдегі баланың оқуына төлеу керек ақшаның бәрін алып кеткен. Егер ол кінәлі болмаса, сол арада отыруы керек еді, міне басымды кесіп ал, шығып кетті таппадым деп. Балаларға да хабар бергізбеген. Уақыт әбден өткен», &mdash деді күйеубаласы.

 

Осылайша, күдіктінің қамауға алынуын талап еткен марқұмның туыстары қалалық медициналық сараптама қорытындысымен келіспей, енді облыстық сараптамаға үміт артып отыр.

 

 

 

jasqazaq.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста