Күлтөбе басында билік айтқан – Әнет баба

Күлтөбе басында билік айтқан – Әнет баба

Әнет бабаң – Арғынның ел ағасы,
Әрі би, әрі молла, ғұламасы.
Орта жүзге үлгі айтқан ғаділ екен,
Сол кезде тоқсан беске келген жасы, – деген Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» дастанындағы шумақты оқымаған адам кемде-кем. Тобықтыдан тарайтын ағайындас бауырлар Қалқаман мен Мамырдың ісіне төрелік айтқан Әнет баба жайлы не білеміз? Қазақтың үш биінің тілашар ұстазы болып, Әз Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жасасқан ханның кеңесші биінің тағылымды данагөйлік сөздері қанша ғасыр өтсе де ескірмек емес.

«Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұла­ма» жылдары, қалмақ-қазақ қырғында­рын­да халықты ымыраға шақырған Әнет баба Кішікұлын қазақ «Билердің биі» деп атаған. Ақылгөй қария туралы сол ғасыр­дың тарихынан сыр шертетін дастандар мен Төле, Қазыбек, Әйтеке билердің ше­шен­дік сөздері туралы кітаптардан «Әнет баба айтқан» деген нақылдарды да кез­дестіру қиын емес. Атақты Қожаберген жы­раудың «Ақтабан шұбырындыны» жыр­лаған «Елім-айында» бабадан бата алған ұл ол кісінің қасиетінен былайша хабар береді:
«Толыбай сыншы кенже ұлы ем Қожа­берген,
 Бата алған Әнет пенен Әз Тәукеден.
 Күйзелген ел жағдайын көзбен көріп,
 Өзегім өртенген соң айттым өлең».
Қазақ совет энциклопедиясында Әнет баба туралы мынадай дерек бар: «Әнет баба Кішікұлы (1626-1723) – Орта жүз биі. Арғын ішінде тобықты руынан. Бұхар медресесінде оқып, ғұлама атанған. Түр­кіс­танда хандық құрған Әз Тәукенің кеңес­ші биі болған, әдет заңы – «Жеті жарғыны» жасасқан. Әнет баба қазақ хандығын ны­ғай­туда, қалмақ-жоңғар шапқыншылық­тарынан елін қорғауда ақылшы мәмілегер­лі­гімен халық сеніміне ие болып, «Әнет баба» аталған» (Қ.С.Э. 2-том, 42-бет). Ал қазақтың шешендік өнерін зерттеуші Бал­табай Адамбаев қазақ пір тұтқан үш биге «Адалдыққа жақ бол, арамдыққа жат бол» деп бата берген жасы да, жолы да үлкен абыз атасы саналғандығын жазады.
Жас кезінде Бұхар-Шарифте үйсін Са­ры­шуаш жыраумен бірге мед­ресе бітірген Әнет Кішікұлы ислам қағида­лары мен шари­ғат ережелерін мықты ұстан­ған дін­дар бол­ған. Бірде бабадан «Жеті қазы­наға не жатады?» деп сұраса, «Әйел, ер жігіт, ілім-білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, алғыр тазы» десе, біреу тұ­рып:
– Баба, қазақ «Бала белде, қатын жол­да» деуші еді. Ер жігіт қатынды жаудан ол­жа­лап та, қалың малын беріп те алады. Тағы бір мәтелде «Қой­ныңдағы қатыныңа, астың­дағы атыңа сенбе» десе, тағы бір ма­қалда «Атың жаман болса, сатып құтылар­сың, қаты­ның жаман болса, қайтіп құтыла­сың?» деген сөзі бар. Соған қарағанда, әйелді жеті қазынаның біріне жатқызуға болар ма екен? – деген сөзіне Әнет баба:
– Әйел – жеті қазынаның бірі ғана емес, біріншісі. Дү­ние­дегі бар тіршілік атаулының анасы – әйел. Адам бойын­дағы асыл қасиеттердің бәрі ананың ақ сүтінен дариды, әлдиі мен ақ бесіктен бастала­ды. Сондықтан оған тіл тигізу­ге, қол көтеруге болмайды. Пайғамбардың өзі әйел затын қатты құрметтеген. Ал бірді-екілі ауылдық бейпіл ауыз әйел туралы жаман сөз айтар болса, ондайларға тыйым болу керек. Ол халықтың, көптің пікірі емес, – деген екен. Әнет бабаның осы сөзінен кейін «әйел – жеті қазынаның бірі» дегенге күмән­мен қара­май­тын болыпты.
Ел ішіндегі тіршілік қажеттілік­теріне арам деп тыйым салған дүмше молдаларға «Ислам діні – парыз ғана емес, ілім. Ілімді адам өз жүрегімен саралап ұғып, дамытып отыруы керек. Дамымаған ілім тұрып қал­ған су секілді адамды өзінен жиіркендіреді. Пай­ғамбар «Бесіктен бейітке дейін оқы» десе, Құранның ең алғаш түскен аяты «иқ­ра», яғни «оқы» деген сөзден басталған» деп, діннің надан, оқыма­ған жауларын ха­дис­терді арабшадан оқып, аударып беріп, аузын жауып, көзін ашқан, білімге шақыр­ған.
Тәуке ханның тоқсан мың қолын бас­қар­ған Қалқаман ұлды болғанда:
Есімің Бұхар болсын,
Мінгенің тұлпар болсын.
Дауысың сұңқар болсын,
Ісіңе халқың іңкәр болсын! – деп бата­сын беріп, атын қойған Бұхар жыраудың қандай адам болғанын дүйім ел біледі.

P.S.
Шыңғыстаудың ақсақалдары билердің ұстазына арнап Абай ауданының орталығы Қарауылдан алаң ашып, ескерткішін қою мақсатында «Әнет баба» қоғам­дық қорын ашқан-ды. Қордың төрағасы Манат Ғалымұлы келелі істі жүзеге асырып, бабамыз ұрпақ санасынан өшіп қалмасын, шешендік сөздерін кейінгі буын айтып, жадына түйіп жүрсін деген ниетпен талмай еңбек етуде. Ал ескерткіштің жобасын жасаған мүсінші, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Әнет бабаның тікелей сегізінші ұрпағы Сәкіжан Әскербек ескерткіш жобасын жасауға 90-жылдары кіріскендігін айтады. Тіпті түсіне бабасы кіріп, «мені былай бейнеле» деп болашақ мүсін үлгісін көрсеткен де екен. Күлтөбенің басында малдас құрып отырып қалың қазаққа ақыл айт­қан, елмен кеңесе отырып шешім қабылдаған тура бидің тұлғасын сомдап, мәңгілік ескерткіш қалдыруға қаражат қажет-ақ. Бауырына тартқан, намысына қызған ұлт жанашырлары шығып, Әнет баба бейнесін алаңға орна­тып береді деген ниеттеміз.
«Әнет баба» қоғамдық қоры
Есепшоты № KZ04319T010003270530
PHH: 181900210859
Банк: филиал «Семей» АО «БТА банк»
Кбе: 17
БИК: ABKZKZKX
ИИК: KZ04319T010003270530

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста