Күндіз — Түркістан, түнде — Ауғанстан

Күндіз — Түркістан, түнде — Ауғанстан

Түркістан қаласы түркі әлемінің рухани астанасы ретінде танымал. Демек, оның тыныс-тіршілігі қала шеңберінен әлдеқайда шығып, дүниенің біраз бөлігі назар салып отырған қасиетті мекен екені даусыз. Рухани астана мәртебесіне ие көне қалаға қатысты, өкінішке қарай, кейінгі кездері «күндіз — Түркістан, түнде — Ауғанстан» деген тіркес қосақталып айтылатын болды. Бұл, әрине, кездейсоқ айтыла салған әңгіме емес, күнделікті өмірден алынған ащы шындық болса керек.
«Халық айтса, қалт айтпайды» ғой. Түркістанның криминогендік ахуалы, шынында да, соңғы жылдары тым күрде­ле­ніп кеткен тәрізді. Оны халық қана емес, заңдылықтың сақталуын қадағалаушы рес­ми орган – прокуратура өкілдері де рас­тап отыр. Облыс басшылары мен облыс прокуроры Берік Құлтасовтың, ішкі істер департаменті басшыларының кезекті үй­лестіру кеңесін дәл осы Түркістанда өткізуі тегін емес.
Түркістан қаласының қоғамдық орын­­дарында жасалған қылмыстардың саны күрт өсіп кеткен. Дәлел керек пе? Үсті­міз­дегі жылдың алғашқы үш айының өзінде қоғамдық орындарда орын алған қылмыс саны былтырғы осы мерзімдегі көр­сет­кіштен екі есеге артып, 54 қылмыс тіркеліпті. Қоғамдық орындардағы қыл­мыс көбейіп жатса, онда түркістандық қыл­мыс­керлер погондылардан сескенуден қалғаны ғой. Асқынған қылмысты ауыздықтауға қалалық полицияның қау­қары жетпей жатқанын біз емес, прокуратура қызметкерлерінің өзі айтты. Қала тұр­ғындарының түнгі мезгілде көшеге шыға алмайтын жағдайға жетуі сұмдық емес пе? Көше былай тұрсын, үйде де жайбарақат демалу жоқ екен. Әсіресе кең сарайдай үйі, әжептәуір кәсібі бар тұрғындар үшін. Өйткені қойнына қару жасырған қарақшылар түн мезгілінде тұрмыс жағдайы жақсы азаматтардың үйіне шабуылдауды үдетіп жіберген.
«Арбаның алдыңғы доңғалағы қа­лай жүрсе, артқы доңғалағы да солай жүретінін» дәлелдеудің қажеті жоқ. Алдыңғы буын ағаларының «авторитеттерін» көріп өсіп келе жатқан кейінгі буын інілердің арасында да «атамандыққа» таласу әрекеті етек алып бара жатқанға ұқсайды. Кәмелеттік жасқа толмаған кішкентай қылмыскерлер қала аума­ғындағы мөлтекаудандарға бөлі­ніп, өзара ұйымдасқан топ құрып, қару қол­дану арқылы төбелесудің салдарынан адам өлімі де орын алған екен. Түркістан мен көрші Кентау қалаларында қару қолдану арқылы жасалған қылмыстық оқиғаларға сараптау жасалғанда, қару қолдануға құмар қылмыскерлердің жас шамасы 15 пен 18-дің аралығын құраған. Олардың көпшілігі «ОСА» тапаншасы мен шолақ мылтықты қолданады екен. Пышақты қару еткендер қатары да аз емес. Жасөспірімдердің жаға ұстататын қылмыстық әрекеттері осылайша өсіп әрі күрделеніп барады.
Біз қылмыстың қауіпті дегендеріне ғана тоқталып өттік. Әйтпесе Түркістанның қылмыстық ахуалы қырғыз ағайындарға ұқсап манасшылап, таусылмас жырға айналдыруға да сұранып тұр. Түркістанда мал ұрлығы өрши түссе, Кентауда пәтер ұрлығы (алғашқы тоқсанда) былтырғыға қарағанда 700 пайызға күрт көтеріліп кеткен.
«Тұрмыс түзелмей, қылмыс құрықтал­майды» деген қалыптасқан қағида бар. Алайда түркістандықтардың тұрмысы төмен, әлеуметтік ахуалы нашар деп айтуға келмейді. Тоғыз жолдың торабында тұрған Түркістанға сауданың жетегімен берісі — Ордабасы ауданынан, арысы Жезқазған, Жамбыл облыстарынан саудагерлер ағылып жатады. Қыж-қыж қайнаған базарлардан қаншама жергілікті тұрғын несібесін айырып, жағдайын түзеп жүр. Біздіңше, қылмыс тұрмыстың төмендігінен емес, қанағатсыздықтан, тәртіпсіздіктен өршіп бара жатқан секілді. Ал «олардың ашкөздігіне тосқауыл болатын, қылмысқа құрық салатын полицейлер не бітіріп жүр?» деген заңды сауал санаңды сығалайды.
Шағала МОМЫНХАНҚЫЗЫ, Облыстық прокуратураның баспасөз қызметінің жетекшісі:
– Қылмыстың өсуінің және дер кезінде ашылмауының басты себебі – Түркістан қалалық ішкі істер бас­қар­масының учаскелік полиция инспекторлары мен жедел уәкілдері тарапынан өздеріне бекітілген аумақтарда тиісті алдын алу жұмыстарын, қылмысты ашу­ға бағытталған шұғыл іс-шаралар­ды өз деңгейінде жүргізбеуінде. Яғни учас­келік полиция инспекторла­ры мен кри­ми­налдық полиция бөлімі қыз­мет­кер­лерінің арасында қылмысты бол­дыр­мауға, ашуға бағытталған қарым-қатынас жоқ деген сөз. Орын алған қылмыстың ізін суытпай ашуға деген шұғыл іс-қимылдар ұйымдас­тырыл­майды. Осындай олқылықтардың салдарынан қылмыстың өршуі әрі қарай жалғасуда.
– Былтыр алғашқы тоқсанда бір ғана бұзақылық болса, биыл 13 бұзақылық орын алған. Полицейлер тәртіпті әбден босаңсытып жіберген. Шындық деп шың­ғыратын кез келді. Менің осы қызметке келгеніме 10 ай болды. Келгелі айтып жатырмын, осыны істеуге, қарақшылықты, тонауды тоқтатуға болатын еді ғой, – дей­ді Түркістан қаласының прокуроры Ар­тықбек Пошаев.
Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы, полиция полковнигі Мұхтар Ермеков қол қусырып отыр деп ешкім айта алмас, бірақ неге тәртіпті босаңсытып, тірлікті қожыратып жібергенін түсіну қиын. Ішкі істер басқармасының шаруасы кабинетте үстел тоқпақтап отырумен бітпесе керек. Оның қызметі — халықтың да тағдырына тікелей әсер ететін өте жауапты жұмыс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста