Мал ұрылары Шардараны шарлап жүр

Мал ұрылары Шардараны шарлап жүр

Облыстық құқық қорғау органдарының кезекті Үйлестіру Кеңесі бұл жолы Шардара қаласында өтті. Кеңес жұмысына облыс құқық қорғау органдарының басшыларымен қатар, облыстық прокуратураның басқарма бастықтары, Мақтаарал, Сарыағаш, Арыс, Қазығұрт және Шардара аудандарының прокурорлары мен ішкі істер бөлімінің бастықтары және осы аталған аудандардың әкімдері, аймақтағы бөлімше полиция қызметкерлері қатысты. Әңгіме бір ғана тақырып төңірегінде өрбіді десе де болады. Ол – мал ұрлығына тосқауыл қою.

Кеңес жұмысын ашқан облыс прокуроры Берік Құлтасов аймақтағы мал ұрлығының жылма-жыл өсіп отырғанын, алайда онымен күрес деңгейінің тым төмен екендігін, алдын алу шараларының әлсіз күйінде қалып отырғанын айта келіп, көп болып, бірігіп, қылмыстың жолын кесуге шақырды.
Алғашқы сөз, баяндама түріндегі есеп беруге Шардара ауданының прокуроры Бегмат Тұрсынқұлов шықты. Аудандық прокуратураның жүргізіп отырған профилактикалық іс-шараларына облыс прокуроры қанағаттанған жоқ.

Берік ҚҰЛТАСОВ, Оңтүстік Қазақстан облысы прокуроры:
– Аудандағы орын алған қылмыстардың ішінде мал ұрлығының үлесі жыл өткен сайын көбейіп барады. Мәселен, 2006 – 2007 жылдары мал ұрлығы аудандағы жалпы қылмыстың 8 пайызын құраған болса, 2008 жылы 14 пайызын, 2009 жылы 21 пайызын құраған. Яғни өткен жылы ауданда орын алған әрбір бесінші қылмыс мал ұрлығымен байланысты болып отыр. Бұл қалай? Мал ұрлығымен күрес жағдайы аудандық құқық қорғау органдарының Үйлестіру Кеңесінде талқыланыпты. Бұл өте жақсы. Алайда анықталған кемшіліктерді жою туралы аудандық прокуратура аудандық ішкі істер бөліміне екі ғана ұсыныс жасапты. Мұны қалай түсінуге болады?

Прокуратураның мәліметіне сүйенер болсақ, соңғы төрт жылда мал ұрлығымен айналысқан 44 адамның 4-еуі ғана тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты. Қылмыс жасаған 40 ұры бостандықта жүр екен. Бұл көрсеткіш – Ішкі істер органдарының жұмыс нәтижесінің шынайы көрінісі.

Шардарадан ұрланған малдар 270 шақырым жердегі Қарабұлақ, 300 шақырым жердегі Түлкібас, 80 шақырым жердегі іргелес Жетісай мал базарында сатылады екен. Ұрылардың малды самолетпен тасымайтыны анық. Онда Ішкі істер бөлімдері, жол полициясы бекеттері қайда қарап отыр? Жергілікті учаскелік полиция қызметкерлері базар әкімшілігімен жұмыс істемейді. Базарларда құжаты жоқ малдардың сатылуын қадағаламайды. Іргелес аудандардың құқық қорғау органдары бір-бірімен ақпарат алмасып, қоян-қолтық әрекет етпейді.

Бүгінгі күнге дейін тіркелген 39 қылмыстың 14-і ғана ашылып отыр. Онымен қоймай, аудан полициясы 2009 жылы жеті қылмысты жасырса,  биылғы жылдың екі айы ішінде үш қылмысты есептен жасырып үлгерген. Барлығы да мал ұрлығына байланысты қылмыстар. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана бұл қылмыстар тіркеуге қойылды. Осы мал ұрлығы төңірегіндегі қылмыстарға көзжұмбайлықпен қараған, оның ашылуы мен тергеу сапасының әлсіздігіне жол берген лауазым иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері шешілетін болады.

Тілегіміз: шешімде «қосындының орны ауысқанмен, нәтиже өзгермейді» деген арифметикалық қағида орын алмаса екен.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста