Махамбет туралы фильм көрсетіледі
Бүгін елордада «Самұрық» кинотеатрында «Матек» студиясы, Мәдениет және ақпарат министрлігі және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» компаниясы бірлесе түсірген толық метражды «Махамбет» көркем фильмі көрсетіледі. Жобаның көркемдік жетекшісі және сценарий авторы – Олжас Сүлейменов.
Фильмде нақты тарихи кезең суреттеледі. Режиссері Сләмбек Тәуекелдің айтуынша, Солтүстік Каспий жағалауындағы Бөкей хандығы туындыға арқау болған. 1824 жылдың жазында Бөкей ханның ұлы Жәңгір таққа отырады. «Осы бір салтанатты рәсімді бейнелеуден басталатын «Махамбет» көркем фильмінің бұдан кейінгі драмалық дамуы отаршыл, озбырлық, әлеуметтік ортада өріс алған әділетсіздіктер, тұлғалардың арасындағы қайшылықтардың бұралаң жолын көрсетеді», – дейді фильмнің режиссері.
Сондай-ақ көркем фильм сол кездегі саяси мәселелер шеңберімен шектеліп қалмай, қазақ халқының салт-дәстүрін молынан суреттейді.