Медеу Пұсырманұлының есімі ел есінде
Таяуда қоғам қайраткері Медеу Пұсырманұлын еске алу айлығының басталуына орай Кітап музейінде баспасөз мәслихаты өтті. Аталған іс-шараны белгілі жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы ұйымдастырды. Алматы қаласының ғана емес, Қазақстанның тарихында есімі мен еңбегі ереше орын алатын Медеу Пұсырманұлын еске алу кешіне қоғам қайраткерінің ұрпақтары қатсыты.
Алматыдағы аты әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны мен бүкіл бір ауданға аты берілген Медеу Пұсырманұлы кім еді? Оның арғы аталары қатарының алды болған, өз замандарында сөздері жүрген әулие, шешен, абыз атанған құрметті адамдар болған екен. Бұл туралы Меде Пұсырманұлының өмірі мен еңбек жолын зерттеп жүрген жазушы Нағашыбек Қапалбекұлы былай деп жазады:
«Медеудің әкесі Пұсырманның арғы бабасы – шежіреге үңілер болсақ – ақындар мен батырлар елі атан¬ған – Шапырашты, оның ішін¬де Есқожа. Есқожадан үш ұл – Алы¬сай, Алтынай, Шуаш. Алты¬най – қатарынан аты озған, сөзі дәуірінде дүрілдеп жүрген, айтқаны келген әулие, шешімін кесіп айтқан, бәріне абыз атанған қадірлі жан болған. Алтынайдың бәйбіше¬сінен алты ұл – Қойшегір (Бесса¬ры), Бай¬шегір, Жаншегір, Бекше¬гір, Нұр¬ше¬гір, Болай, екінші әйелі¬нен – Тоқ¬тамыс, Шағаман, үшінші әйе¬лінен – әйгілі Қарасай батыр туған. Болай – еті тірі, пысық, жұртты ерлікке, диқаншылық кәсіпке ша¬қырып, жақсы іске ұйытқы болған. Болайдың – Бикісі, Құлкісі, Бо¬ранғазы, Жолдыбай, Шақа деген бес баласы да намысын ешкімге жібермеген, ынтымағы жарасқан, әрқашан қазақ – қырғыз арасында бедел-абыройға ие болған дәулетті ата екен. Болайдың кенжесі Шақадан – Жайықбай, Дүйсенбі, Доғалақ есімді үш ұл тарайды.
Жайықбай – қолы ашық, төрі¬нен қонақ үзілмеген, кермеден ат кетпеген жомарт жан болыпты. Жайықбайдан – Малбасар, Сәмен, Құл. Құлдан – Пұсырман, Се¬рік¬бай, Төлебай, Күзенбай, Сар¬кө¬бек. Енді міне, осы Пұсырманнан – Күртібай, Медеу, Батырбек атты үш ұл тарайды, – деген еді бізбен әңгі¬месінде ғалым, педагог, Ұлы Отан соғысының ардагері Мүштай Батыр¬беков ата шежіресін жан-жақты таратып.
Пұсырмандай ерден қалған асыл тұяқ – Медеу есімі күллі жал¬пақ жұртқа танылды, Медеу өзінің кім екенін замандастарына ісімен, өнегелі ғұмырымен танытты.
Медеу 1850 жылы, Жетісу гу¬берниясында, Кіші Алматы об¬лысының Верный уезіндегі №3 ауылда, қазіргі Іле ауданындағы Түймебаев атындағы ауыл тұрған жерде дүниеге келген. Медеу – сәу¬летіне дәулеті сай, арабша да, орыс¬ша да хат таныған дәулетті бол¬ған адам. Сондықтан да өскен ор¬тасына көмегі көп тиген. Әсі¬ресе, табиғатқа шын жанашыр бола білген».
Медеуді танып білу үшін Алматының тарихына көз жүгірткен жөн. Осы орайда жазушы, зерттеуші Н.Қапалбекұлының «Медеуді ардақтай алдық па» деген мақаласында айтылған Медеу Пұсырманұлының атқарған істері мен қоғам қайраткерінің есімін жас ұрпақққа насихаттау мақсатында айтқан ұсыныстарын назарларыңызға ұсынамыз.
Нағашыбек Қапалбекұлы,
жазушы, Алматы облысының Құрметті азаматы:
1878 жылы Верныйға келген белгілі ботаник А.Регель жасыл желектер¬дің молдығына назар аударып, бағбан – ғалымдар Фетисов пен Баум¬ның және Медеудің осынау игілікті іске қосқан үлестерін атап көрсетеді.
1887 жылы өте күшті апат – естен кетпес жер сілкінуі болды.
28 ма¬мырда таңғы 4 сағат 35 ми¬нут¬та жерастынан гуіл естіліп, ізінше жерасты дүмпуі сезілді. Бірнеше минут өткен соң, бұдан да күшті дүмпу болып, жердің кенет тең¬селуі екі минутқа дейін созылды. Зілзала кезінде Медеу ел-жұр¬тын жинап қайғыға ұшырағандарға көп көмек көрсетті.
Медеу Пұсыр¬манұлы орыс биологтарымен бірігіп, керемет апорт сортын өсірді.
Орыс-қазақ мектептері жұртшылық арасында кең қолдау тап¬ты. Верныйдағы ерлер гимна¬зиясында арнаулы қазақ пансионы жұмыс істеді. 1896 жылы гимна¬зиядағы 226 оқушының 22-сі қазақ бала¬лары болды. Верныйдағы бағбан¬дық училищеде де ауыл қа¬зақта¬рының балалары оқып, білім алды. Медеу бұл оқу орындарына ауыл-ауылдан балалар іздеп, тауып әкеліп оқытты.
Медеу Пұсырмановтың қала салынуына араласқан тұсы – ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары. Верныйдағы белгілі-белгілі адам¬дармен араласып, сыйластықта өмір кешуі және атақты ғалым ұлты неміс Эдуард Оттонович Баум¬мен танысып, достасады. Осы тұста Медеу Пұсырманұлы Жетісу губер¬наторының атына хат жазып, Кіма¬сар аңғарының бойындағы генерал Колпаковскийдің жер сілкінісінен құлап қалған саяжайы¬ның қасына үш ағаш үй салуға рұқ¬сат сұрап, сол үшін де 1897 жылы 20 түп ағаш са¬тып алып, олар¬дың құрылыс қа¬жетіне дайын тұрғанын айтады.
Бұл өтінішке орай губернатор: «Верный уезінің басқармасына, Сіздің қарамағыңыздағы уездің қазағы Медеу Пұсырманов қала барлауыңызды – шаруаға қажетті үй салуға жалпы еш әкімшіліктің қысымынан қорықпай әрекет етуге толық мүмкіншілігі бар» деп жауап қайтарады. Осылайша, Медеу қазіргі «Медеу» қонақүйі қоныстан¬ған орында ағаш үй салу ісіне кіріседі. Бірақ Медеудің таудағы саяжайы құрылысы 1898 жылы сәтімен аяқтала қалған жоқ. Осы тұста Медеу тағы бір хатты Жетісу облыстық әскери губерна¬торының атына 1898 жылы 20 қарашада жазған. Ол хатта: «Жоғары мәртебе¬лі тақсыр, сізге Кардон¬дағы саяжай¬ды ағаштан бес бөл-мелі үй салып жатқандығымды ха¬барлай отырып, төбесін қаңыл¬тырмен шатырлатып, біржолата аяқтау үшін қажетті ағаш бөлсеңіз екен деп өтінемін. Жол жүріп кетуім себепті, биылғы жылғы ағаш саудасына қатыса алмауым, ағашқа жәрдем етпесеңіз, төбесі ашық үй жауын-шашынмен ұзамай шіріп кетуі мүмкін, сон¬дықтан дауыл құлатқан он түп ағашты, қыс түсе қармен сүйреп жеткізіп алсам деп едім, орман¬шылар билетсіз ағаш босатпайды». Осы өтінішке жауап сол жылы 28 қарашада 1898 жылы Жетісу об¬лыстық Мемле¬кеттік мүлік бас¬қармасы арқылы ағашқа рұқсат беріледі де, Медеу Пұсырмановтың саяжайы салы¬нып бітеді. Бір айта кететін жағдай, қазіргі «Медеу» қонақүйі (1974 ж. архитекторы В.Ка¬цев) орнында сәулеттік бітімі келіскен ағаш үй, ХХ ғасырдың алпысыншы жылда¬рына дейін қаз-қалпынша сақ¬талған. Ағаш үйдің сыртқы ішкі піші-нін ойша шолғанда үйдің жобасын сызуда екі адамның есімдерін айтуға болады. Соның алғашқысы – орыс азаматтығын қабылдаған ұлты француз Павел Васильевич Гурд. Медеудің таудағы саяжайын тұрғызуға қатысқан екінші адам – талантты архитектор әрі әскери инженер А.Зенковтың әкесі П.Зенков болған. Оның баласы Андрей Зенков Медеумен достық қарым-қатынаста болған. Қазақша таза сөйлейтін қазақтар¬дың ортасында көп болуды ұна¬татын белгілі сәулетші А.Зен¬ковтың қазіргі «Целинный» кино-театры орын тепкен орында бой көтерген Медеу үйінің жоба¬сын сызып беруі де – сол жақын білістіктің бұл¬тартпас дәлелі. Ма¬саншы мен Қа-банбай көшелерінің қиылы¬сындағы Медеудің төрт ағаш үйіне қосымша монша тұр¬ғыз¬ған (біреуі бес бөлмелі), барлық үйлердің төбесі қаңылтырдан жабылған.
Медеу Пұсырманов өз тұсында генерал Г.Колпаковский, бағбан ғалым Э.Баум, атақты архитек¬тор А.Зенков сияқты белгілі адам¬дармен жақсы қарым-қаты¬наста болған. 1905-1906 жылдары Медеу Пұсырманов Меккеге сапар шегеді. Ол Меккеден қайтар жо¬лында Пе¬тер¬борға соғып, сонда түскен фо¬тосуреттің бірін Верный¬ды арала¬ғанда Зенковқа сыйға тапсырған.
Медеу 1906 жылы Меккеден оралғанда Верный қаласы 27 мың тұрғыны бар кішігірім қала болатын. Қаладағы тұрғындардың арасында қазақтардың жалпы үлес саны 5 па¬йызға әрең-әрең жететін еді. Қажы атанып келген Медеу қазақ қоныстанушыларға мейірімі артып 1900-1907 жылдар аралы¬ғын¬да жұмыс істеген Ағарту қам¬қоршы¬лардың Верный қоғамына жәрдем¬дескен қазақтарды көшіріп әкеліп, там соғып беріп, түпкілікті қоныс¬тандыруға айрықша ден қояды.
Медеу Герасим Алексеевич Колпаковскиймен (1819 – 1896 ж.) жақын аралас, жақсы пікірлес бол¬ғандығын оған қатысты де¬рек¬тердің қай-қайсысы да қуаттайды. Колпа¬ковский 1867 жылдан бастап Жетісу губернаторы әмбе казак әскерінің бірінші атаманы болған¬дығымен ғана емес, қайта әскери қызметте жүріп, қазақ өкілдеріне бір табан болысып, жақын жүрген¬дігімен де белгілі. Халқымыздың ұлы перзенті Шоқан Уәлиханов өмірінің соңына дейін онымен хат-хабар алысқан. Шоқанның көпте¬ген қолжазба¬ларын, жарық көр¬меген еңбектерін, хаттарын жи-настырып, ықтиятты түрде Г.Потанин, Н.Весе¬лов¬ский¬лерге табыстап, Шоқанның қа¬біріне ескерткіш орнатуда Герасим Алексеевич барынша қамқорлық көрсеткен. Жетісу өлкесінде жүргі¬зілген Г.Колпаковскийдің өмір¬баяндық, әскери қызметі және жеке өміріне қатысты деректерді жи-настыру науқанына қатысушы¬лардың жуан ортасында Медеудің есімі айтылатынын айта кеткен жөн.
1905 жылы Верныйдағы Медеу¬дің қолдауымен салынған Орман¬шылар мектебі «Медеу қыстауы» делінбей, «Медеу шура¬ты» деп көрсетілген. Кейін де Ор¬маншылар мектебіне құрылысшы мамандығы бойынша оқушылар қабылдай¬тындығы жөніндегі хабарламада «Медеу шураты» деп анық жа¬зылған.
1929 жылы қазіргі Медеу қой¬науына белгілі қазақ Кеңес ақыны, композитор, әнші Иса Бай¬зақов пен Кеңес партия қай¬раткері, сол уақыттағы республика Халық Комис¬сарлар кеңесінің төрағасы Ораз Исаев демалуға келгенде Медеудің балаларына «қолда бар, әкеден қалған азын-аулақ малда¬рыңды мемлекет меншігіне өткіз¬гендерің жөн» деп кеңес береді. Медеу балалары ерте¬сінде-ақ асыл¬тұқымды жылқы¬ларын өз ерік-терімен қоғам мен¬шігіне өткізіп, колхоз мүшелігіне кіреді. Медеу Пұсырманов Жай¬шы¬бек, Омарбек, Рахым, Ахмет¬бек, Мамытбек, Айдар-бек, Нәзір¬бек, Нүсіпбек, Сейдахмет, Шай¬мар¬дан, Шаяхмет, Шайкамал есімді он екі ұл, сегіз қыз бала сүйе¬ді. Олардың бірнешеуі Ұлы Отан соғысында қаза болды. Медеу қажы үш әйел алған.
Медеу қажы 1908 жылы дүние салғанда қалың қазақ жиналып, төрт бұрышына төрт адам тізе бүгіп отырып намаз оқи алатындай кең қабырғалы күмбез тұрғызылып, барша сый-сияпатымен жерлеген.
Деректі прозаның жүйрігі, жазушы Бейбіт қажы Сапаралы «Қазақ әдебиеті» газетінде (№29, 19 шілде 1985ж) «Медеу кім?» деген мақа-ласында Медеу жайлы жоға¬рыда жазылған жайларды кеңінен сөз етеді.
Алматы апортын алғаш өсірген де – Медеу. Ол белгілі бір жерге – мына Алатау етегіндегі белдеу – алқымына ғана керемет өседі. Медеу атамыздың асылтұқымды жылқы, сиырлары сонау Қапша¬ғайдан Мыңжылқыға дейін қаптап өсіп, өріп жүрген.
«Елу жылда – ел жаңа, жүз жылда – қазан» демекші, Медеу атамыздың ата қонысында бүгін¬дері әсем де әдемі Алматы қаласы бой көтерді. Оның бір ауданы – Медеу атымен аталады. Әйгілі Медеу шатқалында Медеу мұз айдыны бар.
Елбасымыздың көрегендігімен рухани жаңғыруға арналған бағ-дарламасына орай Медеу Пұсырманұлы жайлы кешенді мынандай игі істерді атқару керек деп білеміз.
– Медеу бейіті қалың қорымның ішінде ескерусіз жатыр. Алматы қаласы мен облысы қасиетті де киелі Медеу атаның зираты ба¬сына күмбез орнатады деп сенеміз.
– Медеу мұз айдынының ал¬дында ескерткішін тұрғызып, сол жерде музейін жасау керек. Бұл музей тек Медеу ғана емес, бүкіл Алматы қаласының арғы-бергі тарихы, Медеу шатқалы жайлы мол мағлұмат беретін орын болар еді.
– Медеу сай-шатқалын ЮНЕСКО тізіміне енгізген жөн. Бұл шатқал-сайында археоло¬гиялық зерттеулерде сонау қола дәуірінде өмір сүрген жерлестері¬міздің шырағданы, т.б. көне зат¬тары табылып жатыр. Бұл ара – сонау көне заманнан ел би¬леу¬шілердің ордасы болған¬дығын ғалымдар дәлелдеуде.
Медеу сайында өсетін та¬биғаттың сан түрлі ағаштары мен өсімдіктері әлем туристерін таң-тамаша қалдырып жүр. Атақты Асан қайғы бабамыз «Ағашы тұнған жеміс екен, шаруаға жайлы қоныс екен» депті.
∙ Алматы қаласында арнайы «Медеу саябағын» ашу керек.
∙ Алматы қаласында «Медеу айлығын» жариялап, барлық оқу орындарында Медеу жайлы са¬бақтар өткізсе.
∙ Мектеп оқушылары арасында «Медеу кім?» деген тақырыпта шығарма жаздыртып, конкурс ұйымдастырса.
∙ Медеу атында спорттық, туристік жарыстар жүйелі өткізіліп тұрса.
∙ Медеу Пұсырманұлы жайлы кітап жазылып, деректі фильм түсірілсе, ел-жұртқа оның ғұмырна¬масы, істеген игі істері жайлы ауық-ауық айтылып, түсіндіріліп тұрса игі болар еді.
∙ Рухани жаңғыру талаптарына орай Медеу шатқалы, жалпы Алатау аймағындағы сай-сала, өзен, тау-шыңдарға – көне ежелгі атаула¬рында қалай аталса, сол аттарын беру қажет.
Біз белгілі картатанушы-географ Молдияр Серікбаев ағамызға өтініш айтып, Медеу Пұсырман¬ұлының атақонысының картасын жасатып алған едік. Медеу Пұсыр¬манұлының жаз жайлау, қыс қыстауы – қазіргі Қапшағай қаласынан жоғары сонау Мыңжылқыға дейін созылады.
Медеудің ұрпақтары арасынан Беделбай, Жыланкөз, Орысбай секілді егіншілік, бағбандық секілді әке кәсібін жалғастырып, ел есінде қалғандары көп.
Әттең, Медеуді «қажы, діндар» деп, «бай – кулак» деп Кеңес өкіметі кезінде есімін де, игі ісін де айттырмай, ұрпақтарын қудалады. Нұр жауған, қыдыр қонған бұл әулет бү¬гін өсіп-өнген «Орнында бар оңалар» демекші, Медеу ұрпақтары арасында елге белгілі азаматтар көп- ақ.