Меккеде эротикалық жанжал бұрқ ете қалды (видео)
Сауд Арабиясында әлеуметтік желілердегі басты оқиғаға айналған нағыз жанжал туып кетті. Бұл туралы islam.ru хабарлады.
Мұсылмандардың қасиетті қаласы саналатын Меккедегі ательелердің бірінде орын алған оқиға, жергілікті жердің қағидасына сай, әдептілік болып саналмайды.
Тігінші ер кісі өзіне киім тіктіру үшін келіп тұрған келіншектің өлшемін алу үшін оның денесінің әр жеріне қолын тигізіп, сипап өткен. Болған оқиғаны әйелдің анасы бақылап, қарап тұрған.
Ал әлеуметтік желіде үлкен ашу-ыза туғызған осы сәттер түсірілген видеожазбаны келушілердің бірі салып жіберген.
Жергілікті интернет-қауымдастығының басым бөлігі болған оқиғаны исламның құндылықтары мен әйелдің ар-намысын аяққа таптау деп бағалап, тігінші еркектің әрекетін қатты айыптап жатыр.
ras.kz