Мектепке хиджабпен келуге салынған тыйымға ата-аналар қарсы

Мектепке хиджабпен келуге салынған тыйымға ата-аналар қарсы

Мектепке хиджабпен келуге, бір емес, үш бірдей министрлік қатаң тыйым салса да, Ақтөбедегі кейбір мектеп басшылары бұл талапты орындай алмай отыр. Өйткені, үкіметтің тыйымына түбегейлі қарсылық танытқан орамал жамылған қыздардың ата-аналары үкіметтің бұл тыйымына қарсылық танытып отырған көрінеді. Мектеп ережесіне емес, дін талабын бұрмалай түсінетіндерге қандай да бір амал қолдануға мектеп басшылығы қауқарсыз.

Білім және Ғылым министрлігінің мектепке оқушылар хиджаб киіп келмесін деген қатаң тыйымына ақтөбелік оқушылар бағынатын емес. Оған қоса діни қөзқарастағы ата- аналар да министрліктің бұл қатаң ережесіне әлі қарсылық танытып отырған көрінеді. Мысалға Ақтөбе қаласындағы мына бір ғана мектептің өзінде орамал жамылып сабаққа келетін 19 оқушы бар.

Бұл білім ордасы Ақтөбе қаласы бойынша саны жағынан хиджаб киетін оқушылары көп мектептердің бірі. Министрліктен хиджаб мәселесінде қатаң тәртіп орнасын деген нұсқау келгенімен, сол 19 оқушының басындағы орамалдарын шештіре алмай отыр. Өйткені діни көзқарасты ұстанатын ата-аналарға жоғарыдан келген тәртіпті түсіндіру мүмкін емес - дейді мектеп басшылығы.

ЖАДЫРА АШЫҚБАЕВА, Қазақ тілі мұғалімі:
- Оларға бұйрық көрсетілді, олар әрине біледі. Бірақ өз шариғат заңын олар жоғарыға қойып отыр. Сол себепті өздерінің айтқандарынан қайтпай отырған ата аналар бар.

Мектеп басшылығының айтуынша, хиджаб киетін оқушылардың ата аналарымен қанша келіссөз жүргізіліп жатса да, әзірге еш нәтиже жоқ. Мектептің киім үлгісі жөнінде бекітілген ереже, оған қоса мектеп жарғысы тағы бар. Оларға да бағынатын емес. Тіпті мектепке теолог мамандарды шақыртып түсіндірме жұмыстарын да жүргіздік-дейді ұстаздар. Ал, теологтар болса зайырлы мемлекетте тұрып жатқаннан кейін, бұл мәселеге қатысты қандай да бір пікірді кесіп айта алмаймыз деп отыр.

ЖАНДӘУЛЕТ СҮЛЕЙМЕНОВ, Теолог:

- Былайынша сырт көзбен қарасақ дінді ұстану біздің зайырлы елде еркіндік берілген дүние ғой, әркімнің өзінің бостандығы бар. Сол себептен бұл мәселеге біз жаңағыдай қатты белсене кірісіп, өйтіп кете алмаймыз. Біз ол салаға кірісе алмаймыз.

Мамандардың айытунша мектепке хиджабпен келетін оқушылардың саны қаланың өзінде 100 ге жетеді. Мектеп оқушыларының хиджаб киюіне жол берілмесін деген министрліктің өзі талапқа бағынбағандарды мектептен алыстату керек деген еді. Әйткенмен бұл талап заң жүзінде емес, тек ереже күйінде қалып отыр. Сондықтан мектеп ұжымдары тәртіпке мойынсұнбағандарды мектептен шығаруға немесе басқа да шара қолдануға құқымыз жоқ дейді.  

31.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста