"Мүшеқап орнына целлофан": Дәрігер жыныстық қатынасқа топтасып түсетін жасөспірімдер жайлы (ВИДЕО)

"Мүшеқап орнына целлофан": Дәрігер жыныстық қатынасқа топтасып түсетін жасөспірімдер жайлы (ВИДЕО)

Еліміздегі жасөспірімдердің кейбірі 13 жастан бастап жыныстық қатынасқа түседі екен.

 

Мұның соңы түсік жасатумен аяқталса, бедеулік мәселесі тағы бар. Қазір бозбалалар мүшеқаптың орнына клеенка мен қағаз майлық пайдаланса, түсік жасату үшін бойжеткендер дәрігерлерлерден емес, интернет пен әлеуметтік желіден кеңес алады екен, деп хабарлайды Caravan.kz порталы Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

 

Елімізде жыныстық қатынасқа әуес жасөспірімдер көбейіп келеді. Мамандар осылай деп дабыл қағуда. Ойнақтап жүріп 15-16 жаста-ақ от басып, жүкті болатын бойжеткендер көбейген. Алайда, олардың басым көпшілігі дәрігерлердің көмегіне жүгінбейді екен. Бірден интернет ақтарып, сол жерден кеңес алып, түсік жасататын көрінеді. Дәрігерлер мұны өте қауіпті тенденция деп отыр. Өйткені, "ұяттың" соңы бедеулікке алып келетінінен жастар бейхабар дейді.

 

Динара Түсіпбекова, №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар орталығының акушер-гинекологы:

 

"Бізде қаралуға келген жасөспірім қыздардың ең жасы жыныстық қатынасқа түскен, ол 13 жастан болды. Олар ерте түсу себебін өздері де айтқысы келмейді. Социальный мәселелерге байланысты. Ерте жүктілік жасөспірімдердің арасында жиі кездесетін, ол 16 мен 19 жас аралығында. Бізде тіркеуде болған 9 жасөспірім қыз бар".

 

Мұндай жағдай урологтарды да алаңдатып отыр. Олардың дерегінше, жыныстық өмірін 15-16 жастан бастайтын бозбалалардың қарасы қалың. Ең сорақысы, жыныстық қатынасқа топтасып түсетіндері де бар екен.

 

Максет Рысбаев, уролог-андролог:

 

"Себебі олар қалай сақтану керектігін білмейді. Қалай сақтану керектігін білмегенен кейін бір инфекциямен олар групповой дейді ғой, олар групповой қатысқаннан кейін, бір инфекцияны бәрі бір-біріне жұқтырады. Сол жыныстық инфекциямен жұғатын аурулар өте көп жастардың арасында".

 

Уролог маман бәрі отбасындағы тәлім-тәрбиеге байланысты дейді. Күнкөрістің қамымен таңнен кешке дейін жұмыста жүретін кейбір ата-анана балаларына көңіл бөлетін де уақыт жоқтығын айтады. Олармен "жабық мәселе" жөніде ашып сөйлеспеудің салдары осындай келеңсіздіктерге әкелуде екен.

 

Максет Рысбаев, уролог-андролог:

 

"Презерватив, мүшеқап бұл медициналық жағынан рекомендация берілген жиһаз болатын болса, олар болса, әртүрлі мысалы салфетканы пайдаланады, әртүрлі клеенканы пайдаланады, әртүрлі химикаттарды пайдаланады".

 

Ал, психолог жасөспірімдердің мамандарға жүгінбеуін былай түсіндірді.

 

Шолпан Шәмшідинова, №3 №3 қалалық емхананың "Жас толқын" жастар орталығының психологы:

 

"Қыз баланың ата-анаға айта алмауы. Ең басты себеп осы болады. Қандай да бір ата-анам ұрсады немесе қабылдамайды. Немесе үйден қуып шығу мәселесі деген сияқты. Кең етек алған осы жағдайлар бойынша қыздар интернетке, сосын психологтарға бізге көп келеді".

 

Ал, қоғам белсендісі мұндай жағдайды қоғамның дерті деп есептейді. Жеткіншектерге жыныстық өмірді ерте бастаудың зияны мен салдары жайлы терең түсіндірмесек, опық жейтін жастар қарасы азаймайды дейді.

 

Айша Құрманғалиқызы, қоғам белсендісі:

 

"Бұл тақырыпты біз қанша қымтап, "ойбай айтуға болмайды" дегенмен бұл өте салдары өте ауырға соқтырады. Өйткені, қазақта мақал бар ғой, "Ит қорыған жерге өш" деген. Оны қымтап, жасырған сайын жасөспірімдер сол өмірге енгісі келіп, оны басқа арналардан көргісі келіп, ұмтыла береді. Ең қорқыныштысы, олар ерте жыныстық қатынастың қандай зардаптарға әкеп соғатынын білмейді".

 

Дүниежүзілік статистика бойынша, жасөспірімдер арасындағы жүктілік едәуір артқан және соңғы жылдары көбеймесе азаймай отыр. Салдарынан, бесіктен белі шықпай жатып түсік жасататын қыздар да ұлғайған. "Мұндай сорақылықтың алдын-алу үшін жыныстық өмір туралы балаларға жастайынан тәрбие беру керек, әйтпесе салдары қиын болады" дейді мамандар.

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста