Мың жасаған Алматы туралы деректі теле туындылар қажет-ақ

Мың жасаған Алматы туралы деректі теле туындылар қажет-ақ

Мың жасаған Алматы қаласының тарихын жақсы біле бермесіміз анық. Осы ретте тәуелсіздіктің бесігін тербеткен қала тарихын таразылап, көрерменге жіті таныстыратын теле өнімдер қажет-ақ. Бірнеше кейіпкерлердің естеліктері мен сараптамалардан тұратын, әр бөлімі Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелердің жеке бір тұлғалық тұрпаттарына арналса тіпті жақсы.
Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелер кімдер? Мақсат - осы сауал тұрғысында әр тұлғаны өзіндік қырынан ашуға тырысу. Олармен жақын танысып, сырласқысы келетін, сондай биікке ұмтылатын көрермен көкейіне үміт, сенім ұялату. Әрбір тұлғаның әлеуметтік қуаты мен маңызын бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелер тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмыс-бітімін және жастарға берер тәлім-тәрбиесін ашып көрсету. Ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі мен өлмес шығармашылығын зерттеу арқылы оны бүгінгі жас буынға үлгі ретінде ұсынып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруға, рухани дамуға және ұлттық санаға жол ашу.
Теле өнім деректі кино жанрында жасалған дұрыс. Тек құжатты фильмдерге тән дәстүрлі баяндау, студияда түсірілетін кейіпкердің сұхбаты емес, фильмде жалаң ақпараттықтан гөрі зерттеулік пен танымдық нысан басым болуға тиіс. Бұл оның кейін де бірнеше қайтара көрсетілуіне, құндылығының басым, ғұмырының ұзақ болуына жол ашады.
Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелерге арналған фильмде сол тұлғаны зерттеп жүрген тарихшы, жазушы, журналистермен қатар, ғалымдар, тағы басқа мамандар және де тұлғаның тікелей өз ұрпақтары мен көз көргендер сөз алуы тиіс. Олар кейіпкердің нағыз тұлғалық тұрпатын ашып, әрі қазақтың рухани айналымына қосқан үлесін екшеп айтып берсе құба-құп. Фильмде сөз алушылардың өзара пікірлері арқылы бүтін бір диалогтық драматургия құрылуға тиіс. Осы тұрғыда кейіпкер-тұлғаның бейнесін жасап, оның тағылымын аша түсуге ұмтылыс жасалуға керек.
Фильмнің монтаж тіліне сәйкес қажетті тұстарында Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелер өмірін, заманын және шығармашылығын бейнелейтін сюжеттер көрсетіліп, ол дикторлық текспен әрленіп, орайына қарай қайбір жерлері дыбыстық фонмен немесе музыкамен көмкерілуі тиіс.
Жалпы деректі теле өнім Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелердің кешегі кезеңнен бүгінге дейінгі тұлғаларымызға арналғаны абзал. Мұндағы басты мақсат әрбір тарихи тұлға арқылы Алматы қаласының белгілі бір тарихи кезеңін бейнелеу. Аталған деректі фильм Алматы қаласына кешегі кезеңнен бүгінге дейінгі еңбегі сіңген тұлғаларымызға, бүгінде еліміздің ең ірі мегаполисіне айналған шаhардың шам шырағын жаққан қайраткелердің тұлғалық тұрпаттарына арналса.
Кенесары ханнан бастап, Алматы қаласының орнында болған Алмалы hәм Тойшыбек бекінісін жаудан қорғаған Тойшыбек, Байсейіт батырлардан бергі уақыттағы Алаш зиялыларының және Дінмұхаммед Қонаев сынды тұлғалардың сонымен қатар, Алматы қаласын әр жылдары басқарып, із қалдырған азаматтар турасында деректі фильмде сыр шертілуге тиіс.
Олар турасында тарих ғылымдарының докторы, профессор
Мәмбет Қойгелдиев, академик, философия ғылымдарының докторы, профессор,Әбдімәлік Нысанбаев, академик, филология ғылымдарының докторы, Сейіт Қасқабасов, әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиев, Алматының 1975-1978 жылдардағы басшысы, қоғам қайраткері Кеңес Аухадиевтар сындарлы естеліктер айтып бере алары анық.
Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелерге арналған фильмде сол тұлғаны зерттеп жүрген азаматтармен қатар, тұлғаның тікелей өз ұрпақтары мен көз көргендер сөз алады. Олар кейіпкердің нағыз тұлғалық тұрпатын ашып, әрі Алматы қаласына сіңірген еңбегі мен елдің рухани айналымына қосқан үлесін екшеп айтып береді. Осы тұрғыда кейіпкер-тұлғаның портретін жасап, оның тағылымын аша түсуге ұмтылыс жасалса нұр үстіне нұр болар еді.

Бағашар Мұқаметжанұлы
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста