«Несиеге алдым»: Астаналық жігіт бұрынғы сүйіктісіне сыйға тартқан айфонды қайтару үшін сотқа жүгінді

«Несиеге алдым»: Астаналық жігіт бұрынғы сүйіктісіне сыйға тартқан айфонды қайтару үшін сотқа жүгінді

Алайда сот талапты қанағаттандырудан бас тартты.

Астана қаласының тұрғыны бұрынғы сүйіктісіне сыйға тартқан дүниелерді қайтару үшін сотқа арыз жазды. Бұл туралы Астана қалалық соты хабарлайды.

Талапкер А. қарызды өндіріп алу туралы жауапкер С.-ға талап қойып, сотқа жүгінді. Алайда сот талапты қанағаттандырудан бас тартты. Кейін ол аппелция беріп, қайта шағымданған. Астана қалалық сотының мәліметінше, жігіт өзінің бұрынғы сүйіктісіне "iPhone 12 Pro MAX" ұялы телефонын, сондай-ақ "Apple Watch Series 6" смарт сағатын сыйға тартқан. Бір қызығы, ол аталған бағалы сыйлықтарды несиеге алыпты. Сотқа қарыз шартының немесе өзге шарттың элементтерін, сондай-ақ талапкер талап еткендей ақшаны қайтару міндеттемесін қамтитын дәлелдемелер ұсынылмаған. Сот ақшаны қарызға нақты беру болған жоқ деп есептеді. Талапкер несиені өз еркімен ресімдеп, жауапкерге сыйға тартты, ал жауапкер болса сыйға тартылған мүлікке өз қалауы бойынша билік етті. Апелляциялық сатыдағы сот көрсетілген негіздер бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста