Nexia мен Matiz Қазақстанға кірмейтін болды

Nexia мен Matiz Қазақстанға кірмейтін болды

Кедендік одаққа кірген соң Қазақстан Үкіметі шет елдерден әкелінетін көліктерге қатысты бірқатар қаулы қабылдады. Еуропалық стандарттарға сай келмейтін ескі көліктерді әкелуге тыйым салынды. Сол себепті көлік бағасы күрт қымбаттады. Үкімет мұндай қадамға баруды елімізде қапта кеткен ескі көліктерді азайтып, еуростандартқа сәйкестену мақсатында жасап отырғандығымен түсіндірді. Сол арқылы экологияны оңалтып, халықты жаңа көлікке отырғызбақ ниетте екенін жеткізген болатын.

Алайда, жаңа көлік сатып алуға көпшіліктің мүмкіндігі жете бермейді. Өйткені, ресейлік көліктер мен елімізде жиналатын көліктердің ең арзан дегені 15-20 мың доллар шамасында. Сондықтан жаңа көлікке отырғысы келетіндер өзбектің  Daewoo Nexia және Daewoo Matiz автокөлігін сатып алла бастады. Себебі, бұл көліктердің бағасы 1-1,5 млн теңге шамасында. Сондықтан, өткен жылы қазақстандықтар 10 мың данадан аса Daewoo Nexia және 13 мыңнан аса Daewoo Matiz автокөлігін сатып алған. Ал, 2014 жылдың 5 қаңтарынан бастап аталмыш көліктерді ел аумағына әкелуге тыйым салынды.
Бағасы арзан, өзбек автосын Қазақстанға әкелуді тоқтатуға себеп –Кедендік одақтың «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламенттеріне өзгерістердің енгізілуі екен.
Өзгерістерге сай, Кедендік одақ аймағына әкелінетін көлік, жоқ дегенде, қарсы алдында орналасқан қауіпсіздік жастықшасымен, ABS тежегіш жүйесімен, ISOFIX балалар орындығын бекітетін қондырғымен, күндізгі уақытта қосылатын жарық шамымен және иммобилайзермен жабдықталуы тиіс көрінеді. Ал, Daewoo Nexia және Daewoo Matiz автокөліктерінде аталғандардың бірде-бірі жоқ. 
Ол көліктерді тізгіндеушілердің айтуынша, басқару жүйесі толықтай электронды емес, өзге де қолайлылықтар қарастырылмаған демесең, Еуропа мен Азиядан келіп жатқан көліктерден пәлендей кемшілігі жоқ.
Ерболат Сатыбалдиев, «Толғау» ЖШС-ның жүргізушісі: 
– Мен компанияның қызметтік Daewoo Nexia автокөлгін жүргізгеніме бес жылдан асты. Осы уақыт аралығында ұсақ-түйекті айтпағанда, ешқандай күрделі жөндеу жасағам жоқ. Неміс, Жапон автокөліктеріне жетпегенімен, Ресей автокөліктерінен әлдеқайда артық дер едім. Бұған дейін ресейлік Ладамен де, америкалық Фордпен де жүрдім. Осы үшеуін салыстырғанда Nexia көш ілгері. Бағасы да арзан. Бұл көлікті әкелуге неге тыйым салып отырғанын түсінбеймін.
Автодиллерлердің пайымдауынша, Қазақстанның автокөлік нарығында бұдан былай Daewoo Nexia және Daewoo Matiz көліктері болмайды. «Бүгінгі күні қоймаларда қалған автокөліктерді ғана сатып жатырмыз. Бұдан кейін бұл моделдердің қазақстандық автокөлік нарығына келуі екіталай. Зауыт кедендік одақтың талабын ескеріп, қайта жабдықтайды дегенге сену қиын. Сондықтан сатып алушыларға Nexia орнына Gentra маркасын ұсынамыз», – дейді Uz Daewoo автодиллері.
Алайда автокөлік нарығындағы мамандардың айтуына қарағанда,  LADA 4×4 және UAZ көлігінің барлық моделі Кедендік одақтың «Көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Техникалық регламентінің талабына сай емес. Дегенмен, ол көліктердің сатылуына қазірге тыйым салынған жоқ. Оларға қатысты тыйым 2015 жылы ғана күшіне енетін болады.
Ерік Сағымбаев, «Азия Авто» АҚ президенті:
– «Нива» автокөлігінің тағдыры әлі шешілген жоқ. Болашақта Өскемен автозауытынан бұл моделді шығару тоқтатылуы мүмкін. 2013 жылы «Азия Авто» 6 953 көлік құрастырып шығарса, 2014 жылы 988 автокөлік шығару жоспары бекітіліп отыр.
Сондай-ақ, автодиллерлер алдағы уақытта Техникалық регламент талабына сай  келмейтін өзге де ресейлік заманауи автокөліктерге қатысты қандай шара қолданылатынын білмейтіндігін айтады. Өйткені, олардың басым көпшілігі техникалық регламент талабына толықтай сай емес.
Бұл жерде тұтынушылар арасында түсінбеушілік тудырып отырған жайт – техникалық регламентке сай емес барлық көліктерге тыйым салынбай, тек өзбектің арзан көлігіне тыйым салынғаны. Мұны көпшілік «ала қойды бөле қырқу» деп түсінері хақ. Өйткені, талапқа сай келмейтін, дәл сондай, Ресей көліктеріне тыйым салынбауы, осындай ойға итермелейді.

«Алаш айнасы»

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста