Никаб киіп алған Данияр Елеусіновтың әйелі жұрттың талқысына түсті

Никаб киіп алған Данияр Елеусіновтың әйелі жұрттың талқысына түсті

Әлеуметтік желіде белгілі спортшы Данияр Елеусіновтың әйелімен түскен суреті қызу талқыланып жатыр. Көпшілік спортшының бетін тұмшалап алған әйелін сынға алды. Суретті спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялаған, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Боксшы парақшасына әйелі екеуінің мешіт алаңында түскен суретін жариялап, "Ораза айт құтты болсын" деп жазған. Суретте спортшының әйелі ұзын көйлек киіп, бетін тұмшалап, яғни никаб киіп алған.

 

Алайда бұл сурет әлеуметтік желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Бірі "Не деген сұмдық, қазағымда бұндай болған емес", "Дін десе арабтарға еліктейміз, соларша өмір сүреміз, ислам тек арабқа түскен жоқ", "Жетпегені осы еді, масқара" деп жазса, енді бірі "Осылай жабық киіну керек", "Данияр ешкімді тыңдама" деп ақыл айтып, пікір білдірген.

 

Енді біреулері дінге қарсы емес екенін, алайда Данияр секілді спортшылардың жастарды тәрбиелеуге үлес қосып жүргенін айтып, сондықтан оған "арабты айналсоқтамай" жүр деп кеңес берген. Оқырмандардың қызу талқысына Даниярдың өзі жауап беріпті. "Ей халайық, менде не шаруаларың бар. Өз өмірлерің керемет болса бұнда жазбас едіңіздер" деп жазған. Сондай-ақ ол әйелінің никаб тақпайтынын айтқан.

 

- Бұл Саудида түскен сурет. Әйелім никаб тақпайды. Негізі бұл жерде масканың орнына таққан. Батыстың киімін күнде киіп жүргендеріңізді ұмытпаңыздар. Бір рет арабтың киімін кигенді көріп қалады екенсіздер, — деп суреттің астына пікір қалдырған.

 

Спортшының бұл суреті Instagram-дағы өзге де парақшаларға таралып жатыр.

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста