Өрт сөндірушілердің міндеті ескерту ғана ма?

Өрт сөндірушілердің міндеті ескерту ғана ма?

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 19 қаңтарындағы газетіміздің №5 (231) санында «Астананы өртеп алмайық» деген атпен мақала жарық көрген болатын. Мақалада елордамыз Астанада 2009 жылы жиі орын алған  өрттің себептері мен салдары жайлы айтылған болатын. Ал бүгін осы мәселеге қайта оралып, өткен 2009 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бүгінгі күнгі жағдай қалай болып тұрғанына көз жүгірттік.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент мамандарының мәліметтеріне қарағанда, Астанадағы өрттің орын алу жағдайы оңалмақ былай тұрсын, тіпті өршіп тұрған сыңайлы. Жауапты министрліктің баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Астана қаласы өрт жиі орын алатын қалалар тізімінің көшін бастап келеді екен. Ведомствоның  ақпараты бойынша, 2008 жылмен салыстырғанда 2009 жылы өрт оқиғасы 29 пайызға өссе, ал 2009  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, 2010 жылы Астанада  өрт оқиғаларының саны 81,5  пайызға өскен (2010 жылы – 167 өрт оқиғасы,  2009 жылы – 92 өрт оқиғасы).  Ал  өрт салдарынан қаза тапқандардың саны алты есеге артқан.

Өрт оқиғасының неліктен орын алу көрсеткіші өсіп отырғанын білмек ниетпен жауапты мекеме мамандарына хабарласқан едік.
В. Беккер, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті төрағасының орынбасары:
– Астана қаласында өрттің көпшілігі тұрғындардың өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуінен және сақтамауынан болып жатады. Өрттің 60 пайызға жуығы жекеменшік үйлер мен пәтерлерде, саяжай тұрғын секторларында орын алады. 2005-2008 жылдары орын алған өрт оқиғаларын талдау нәтижесінде ғимарат сыртын қаптауға алюкобонд қолдану салдарынан 14 өрт оқиғасы орын алғаны анықталды. Осыған орай, 2008 жылдың 24 шілдесінде ҚР Индустрия және сауда министрлігінің №278 бұйрығы шықты. Бұйрықта 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап алюкобонд түріндегі материалдарды қолдануға тыйым салынды. Сонымен қатар көпқабатты ғимараттарды өрттен қорғау деңгейін арттыру мақсатында және ҚР ҚН 4.04-23-2004 «Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың электр жабдығы» нормативтік-техникалық құжатына кабель шахталарын өрттен қорғау талаптарын күшейту жөнінде өзгерістер енгізілді. Бүгінгі таңда Астана қаласында он өрт сөндіру депосы бар. Оның құрамында 70 бірлік техника, оның ішінде 52 негізгі және 18 арнайы автомобиль бар. Үстіміздегі жылы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Астана қаласында 2011 жылы өрт сөндіру депосын салу жөнінде ҚР экономикалық даму және сауда министрлігінің қарауына бес инвестициялық жобаны жіберді. Алдағы уақытта өрт сөндіру деполарының санын 23-ке жеткізу жоспарлануда. Өрт сөндіру депосы санының жетіспеушілігі өрт кезінде орын алатын адам өлімінің қаупін арттырып отыр. Статистика көрсетіп отырғандай, өрт кезінде адам өліміне ықпал ететін негізгі жағдайлар–мас күйде болу, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қараусыз қалдыру және өрт туралы кеш хабарлау. Бір сөзбен айтқанда, Астана қаласының өртке қарсы қызмет бөлімшелері жауынгерлік міндеттерін орындауға қабілетті.

Арнайы қызмет саласы маманының мағлұматынан ұққанымыз, өрт оқиғасының жиі орын алуына, оның салдарынан адам шығынының артуына сала қызметкерлерінің титтей де кінәсі жоқ. Оған тек тұрғындар кінәлі екен. Ал арнайы сала қызметкерлері өртке қарсы күресуге сақадай сай. Тек тұрғындар жедел хабарласса болғаны.

Алайда Төтенше жағдайлар министрлігінің берген статистикалық мағлұматтары маман пікірімен қарама-қайшы болып тұр. Мұны бір ғана жағдаймен түсіндіруге болады, өйткені біздің қоғамда өкілетті мамандар «Басқа пәле – тілден» деген қағиданы ұстанады. Сылап–сипап, «бәрі жақсы» деп жоғары жаққа ақпарды ағыта береді. Соның салдарынан қағаз жүзінде бәрі жақсы, ал іс жүзінде керісінше болып, сала ішіндегі дерт дендей береді.

Уәлихан ҚАЛИЖАН, мәжіліс депутаты:
– Өртке қарсы күрес бойынша бірқатар мәселелер қаралып, шешімін де тауып жатыр. Дегенмен проблема да жоқ емес. Өрт оқиғасының жиі орын алуының басты екі себебін айтар едім: Бірінші – адам факторы; екінші – Қытайдың сапасыз құрылыс материалдарын жиі пайдалану. Көпқабатты тұрғын үйлерде сапасыз электр сымдары жоғарғы қысымды көтере алмай, өз-өзінен өртену оқиғалары орын алуда. Ал оларды өрт сөндіру мекемесі тексеріп, эксплуатацияға рұқсат береді. Демек, олар өз ісіне салғырттықпен қарап, кемшілікке бой алдырып отыр. Міне, сондықтан прокуратура мамандары мұны қатаң бақылап, кемшілік жіберген мекеме маманын қатаң жазалауы керек.

«Өкінішке қарай, бүгінгі таңда елімізде тұрғызылып жатқан құрылыс нысандарында Қазақстан Республикасының қолданысындағы өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелері сақтала бермейді», – дейді өрт сөндіру мамандары. Сонда қалай, өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерінің сақталуын өрт сөндіру мекемелері қадағаламай ма? Жоқ әлде, құрылысы аяқталып, эксплуатацияға берілетін құрылыс нысандарын қабылдау комиссиясының құрамында өрт сөндіру мамандары болмай ма? Жоқ әлде, комиссия құрамында бола тұра, кемшілікті байқаса да, байқамаған бола сала ма? (Әрине, мүддесіз емес). Ал олай болса, комиссия мүшелерінің салғырттығынан тұрғындарға, мемлекетке келген шығынды кім өтеуі керек? Сұрақ көп, жауап жоқ.

Түйін
Қайткенмен де құрылыс нысандарын қабылдаудағы комиссия мүшелерінің жауапкершілігін қатаңдату қажет сияқты. Яғни құрылысы аяқталған нысанды қабылдаған жауапты маманның кемшілік жібергені анықталса,  ол маман қатаң жауапқа тартылуы керек. Сонда, бәлкім, әрбір комиссия мүшесі қабылдау актісіне қол қояр алдында ойланар ма еді?!

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста