Орта мектеп қоғамды қалай алдап отыр?!

Орта мектеп қоғамды қалай алдап отыр?!

 

Білім саласындағы соңғы жүйенің талабы бойынша мектеп бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ-ыға) қатысамын десе де, қатыспаймын десе де, ерікті. Бірақ ҰБТ-ыға қатыспағандар жоғары оқу орнына (ЖОО-ға) түсе алмайды. Яғни ЖОО-ға түсемін десеңіз, қолыңызда ҰБТ-ының сертификаты болуы керек. Алайда ЖОО-ға түсуді мақсат етпесе де, ҰБТ-ыға қатысқысы келетін түлектер мектеп басшыларының бас ауруына айналып отырған көрінеді.

Өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында балаларын білім сынағына қатыстырмаған мектеп директорының үстінен ата-аналардың прокуратураға түсірген шағымы қаралып, мектеп директоры істі болған. Мұндай жағдай еліміздің барлық аймағында бой көрсеткен-ді. Бұл жағдайдың туындауының өзіндік себебі де бар.

Өйткені соңғы уақытта мектептердің білім сапасының көрсеткіші тест қорытындысы бойынша анықталатын болыпты. Ал сабақ үлгерімі нашар оқушылар ҰБТ-ыға қатысатын болса, олар мектептің білім көрсеткішінің аяғынан тартары анық. Сондықтан мектеп басшылары мұндай оқушыларды қалай да ҰБТ-ыға қатыстырмауға барын салып бағады. Олай етпеске тағы болмайды. Өйткені тест қорытындысы бойынша білім көрсеткіші төмен болса, Білім басқармасы директордың басынан сипай қоймайды. Тіпті жылы орнымен де қош айтысуы мүмкін.

Ал баласынан даналық күтетін  ата-ана болса, баласының көппен бірге тест тапсыруын қалайды. Сөйтіп, мектеп жетекшілері екі оттың ортасында қалып, «олай тартсаң, өгіз өледі, былай тартсаң, арба сынадының» күйін кешеді. Енді еріксіз өгізді өлтірмейтін, арбаны сындырмайтын жол іздейді. Бірі ата-аналарға жағдайды түсіндіруге тырысса, екіншісі «тестілеуден қанағаттанарлықсыз баға алса, аттестат ала алмайды, егер ҰБТ-ыға қатыспаса, аттестаттың бағасын дұрыстап беремін» деп, келіссөз жүргізетін көрінеді. Сабақ үлгерімі нашар оқушылардың сынаққа қатыспауына мұғалімдер де мүдделі екен. Өйткені оқушы тест қорытындысы бойынша қай пәннен екілік баға алса, сол пәннің мұғалімі санатпен «сау бол» айтысуы мүмкін. Ал санаты төмендеген мұғалімнің жалақысына да, абырой-беделіне де нұқсан келері сөзсіз. Мысқылдап жинаған абырой-беделден, қиын-қыстау жолмен қол жеткізген санаттан кім де болса айырылғысы келмесі түсінікті.

Аягүл МИРАЗОВА:
Еңбек Ері, №59-мектеп директоры, Алматы қалалық мектеп директорлары кеңесінің төрайымы:
– Мектептің көрсеткіші білім, тәрбие, мәдени іс-шаралар, әртүрлі деңгейдегі жарыстар, спорттық шаралар жетістіктері бойынша өлшенуі керек. Өкінішке қарай, соңғы кезде мектептің деңгейі ҰБТ көрсеткішімен ғана өлшеніп жүр. Әрине,  оқушыны тестіге қатыспауға үгіттеу дұрыс емес. Бірақ қай мектеп көш соңында қалып, жаманатты болғысы келеді? Бұл – мектептің де, мұғалімнің де атына нұқсан келтіреді. Осыдан келіп мектеп ұжымы сабақ үлгерімі нашар оқушыны тестіге жібергісі келмейді. Негізі, мұндай келеңсіздіктер аймақтарда көбірек орын алып жатады. Ал мұғалімге «сенің оқытқан оқушың сынақтан өте алмады, санатыңды төмендетемін, жұмыстан босатамын» деу – заңсыздық. Бір мұғалім оқытқан екі оқушының бірі бес алса, екіншісі екі алуы мүмкін. Бұл жерде ұстазды қалай кінәлайсыз? Қандай мықты мұғалім болса да, барлық баланы беске оқыту мүмкін емес. Бұл – оқушының қабілетіне де байланысты. Егер барлық оқушысы төмен нәтиже көрсетсе, онда ол – мұғалімнің кінәсі. Жалпы, ҰБТ-ыға келер болсақ, оның артықшылығы да, кемшілігі де бар. Артықшылығы – бір сынақпен мектеп бітіріп, ЖОО-ға түсу, ал кемшілігі – жаттандылыққа көшіп бара жатқанымыз. Балалар сұрақ-жауапты жаттауға машықтанып алды. Оқушы «дұрыс» не «бұрыс» деген жауапты біледі. Ал неге дұрыс немесе неге бұрыс екенін айта алмайды.

Ал ата-ананың да уәжіне құлақ асуға болады. Әрине, мектеп бітіріп, жұрттың баласы жарысқа түсіп, бағын сынап жатса, кім баласының шетте қалғанын қалайды? «Қарға да баласын аппағым демей ме?» Әркімнің баласы – өзі үшін бір тұлға. Сондықтан ата-ананың  баласын білім додасына қосқысы келетіні – заңдылық. Екінші жағынан, мектептің абыройы үшін (өз абыройы үшін де) жанын аямай жүрген директордың да жай-күйін түсінуге болар. Десек те, жұмыртқа таппақ болған тауық сияқты жұмыртқалайтын орынды дәл сол сәтте емес, ертерек іздеу керек. Мысалы, 9-11-жоғарғы сынып оқушыларының балдық көрсеткішін анықтайтын ереже енгізсе. Егер оқушы осы балдық көрсеткішке жете алмаса, онда ол оқушы ҰБТ-ыға жіберілмесін. Егер осылай етер болсақ, жоғарғы білім аламын деген бала сабақты жақсы оқуға тырысары анық. Оған қоса, үлгерімі нашар оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестілеуге жібермеу төңірегіндегі мектеп басшылары мен ата-аналар арасында дау туындамас еді. Бәрі де ережеге сай, заңды жүзеге асырылады.

Биыл мектеп бітіруші түлектердің 80 пайызы ҰБТ-ыға қатысуға өтініш беріпті. Қалған 20 пайызы бас тартқан, яғни әрбір бесінші бала. Ал оның қаншасы мектеп басшыларының көмегімен мұндай шешімге келгені бір Аллаға ғана аян.

P.S. Дамыған елдерде маман болу үшін оқыса, біздің елде диплом алу үшін оқиды. Балам «бәлен университетте оқиды» дегенді мақтан ететіндер де бар. Ал бұл мамандық бүгінгі таңда қоғам сұранысына ие ме, ертең жұмыс табыла ма – мұны ойлап жатпайды. Жоғары білімді жұмыссыз болғаннан, арнайы орта білімді, білікті маман болғанның артық екенін әлі де ескермей жүргеніміз өкінішті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста