Орындалмайтын заңдар біздің елімізде ғана шығар

Орындалмайтын заңдар біздің елімізде ғана шығар

Өткен жылы қоғамда үлкен дау тудырған бірқатар заңдар жаңа жылда күшіне енеді. Қоғамның қарсылығына қарамастан бұл заңдар қабылданды. Халық қалаулылары да кейбір заңдардың «шикілігін» мойындағанымен жеме-жемге келгенде заңды «бірауыздан» қабылдап кеп жіберді. Алайда ол заңдардың алдағы уақытта қаншалықты деңгейде орындалатыны ойлантады. Себебі бұған дейін де қоғамның дауына қалған кейбір заңдар, ресми түрде қабылданғанымен іс жүзінде орындалмай жатқаны шындық. Тіпті қабылданып қойылған кейбір заңдар «айыппұлдан ауызша ескертуге айналып» жұмыс істеп жатыр. Осындайда «елімізде заң қабылдау ойыншыққа айналып бара ма» дейсің еріксіз.
Мәселен жаңа жылдың алдында күшіне енген «Жол ережесі туралы» заңға көлік тұрақтарына қатысты арнайы тәртіптің енгізілуі елімізде жеткіліксіз тұрақтардың мәселесін тіпті күрделендіріп жіберді. О баста арнайы тұрақ белгісі жоқ жерге көлік қаңтаруға тыйым салатын заң күшіне енгізілгенімен енді елімізде автотұрақтардың жеткіліксіздігіне байланысты жол сақшыларының өздері жүргізушілерге заңды бұза беруге рұқсат беруге мәжбүр болып отыр. Бұл заңның «өмір жасы» бар болғаны бес-ақ күнге созылды. Заң күшіне ене сала кері шегінуге мәжбүр болды. Заң бойынша арнайы тұрақ белгісі бар жер болмаса, көлікті кез-келген жерге тастап кетуге қатаң тыйым салынған болатын. О баста жоқ тұраққа қатысты заң талқыға түсіп жатқанда жауаптылар қайда қарағаны белгісіз. Негізі құжаттағы шикілік сол сәтте-ақ көлік жүргізушілерінің қарсылығын тудырған еді. Алайда көлік жүргізушілерінің жанайқайын ешкім тыңдамады да. Үлкен қалалардың өзінде тұрақ белгісі бар көшелер санаулы-ақ. Елімізде тіркелген көлік саны 4 миллионнан асып кеткенін ескерсек санаулы тұрақты кімге жеткіземіз?! Заңға бағынсақ жоқ тұрақты іздеп, жол жиегіне тоқтай алмай, сенделіп жүре беруіміз керек еді. Сонда заңды қабылдамай тұрып Ішкі істер министрлігі, парламенттің қос палатасының депутаттары еліміздегі көлік тұрақтарының санын есепке алмағаны ма? Жауапты мекемелердің бірде біреуінің қолында тұрақтардың санына қатысты мәлімет болмағаны ма? Жоқ тұраққа заң қабылдап отырғанын түсінбегені ме?! Осынау көп сұраққа жауап беретін жауапты жоқ. Айналып келгенде осы олқылықтардың соңы еліміздегі көлік жүргізушілеріне біршама уақыт заңды бұза беруге рұқсат берумен аяқталды.
Қоғамның қарсылығын тудырған, әйтсе де қабылданып кеткен тағы бір заң азаматтардың тіркеуіне қатысты еді. Елімізде баспана мәселесі, және тіркеуге тұру күрделі мәселелердің бірі. Осыған қарамастан жаңа жылдан бастап күшіне енетін заң бойынша тұрғылықты жерінде тіркеуі жоқ азаматтар айыппұл төлеуі тиіс. Тіркеу түгілі, басында баспанасы жоқ азаматтар жаңа жылдан бастап бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелген. Яғни 2015 жылғы 1 айлық есептік көрсеткіш -  1 982 тенге екенін ескерсек, тіркеуі жоқ азаматтар 9910 теңге айыппұл төлейді. Ал бір жылда екінші рет тіркеусіз ұсталған азамат 19 820 теңге төлейді. Ауылдан екі қолға бір күрек таппаған талай ағайын бала-шағасын асырау үшін қалаға келіп, біреудің есігін сағалап, қуықтай бөлмесін жалдап күн көруде. Қожайын пәтер жалдаушыларды үйіне тіркеуге тұрғызбасы анық. Сонда ауылда жұмыс жоқ, қалада тіркеу түгілі баспанасы жоқ халық қайда бармақ? Халық еріккеннен тіркеусіз сенделіп жүрген жоқ қой. Әлде «тоқ бала аш баланың жайын қайдан ұқсынның» кері ме?
Мұны да тиісті орындар кеш ойланған секілді. Заң қабылданып болған соң халық наразылығын көріп, заңға түсініктеме берген ІІМ көші-қон полициясы департаментінің бастығы Серік Саинов «Тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелмеген азаматтарды әкімшілік жауапқа тарту туралы тармақ қолданыстағы заңда бұрыннан бар. Бұл жолы заңға тек өзгерістер енгізілген. Оған сай тіркеусіз қонақ ретінде тұру мерзімі 10 күннен бір айға дейін ұзартылған. Сондай-ақ, бұрын бұл талапты ескермегендерге 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыпұл салынса, қазір ол 3 айлық есептік көрсеткішке кеміген. Бұл біз бірден әр пәтердің есігін қағып тексеруге кірісеміз деген сөз емес. Егер нақты біреуден шағым түссе ғана, әрекет етеміз» деп елді «жұбатты». Заңды қанша жұмсарта айтқанмен тиісті орындар заңға сай әрекет етсе олардікі дұрыс болып шығады. Ал «заңға бағынбаған» халық айыппұлға көміле бермек. Ендеше «бұл заң бұрыннан бар, бірден әр пәтердің есігін қағып тексермейміз» деген жұбату сөздер халыққа қорған бола ала ма?!
Жалпы заң қоғамның сұранысына қарай, халықтың қалауымен қабылданып, ел игілігі үшін қабылдануы керек. Ал біздің еліміздегі заңдар мен қоғамның талап тілегі неге тым алшақ?! Қабылданарын қабылданып алып, заңдарымыз неге кейін шегінеді? Заң жазылғанымен неге орындалмайды? Заңгер Мырзабек Бекберді «Заң шығару кезінде мұндай келеңсіздіктерге жол беру азаматтардың заңды сыйламауына, келекшекте заңға бағынбауына алып келеді. О баста заңмен қатаң тыйым салып, кейін заңды бұза бер деп халыққа рұқсат беру немесе уақытша ауызша ескерту беру деген не сұмдық?! Жалпы жоқ тұраққа немесе жоқ тіркеуге қатысты заң қабылдауды тоқтату керек. Бүйте берсек еліміздегі барлық заң орындалудан қалады» дейді.
Сондай-ақ ертеңнен бастап айыппұлдарды екі еселеген, қалта қағатын заң, арнайы орындықсыз балаңды көлікке отырғызбайтын, тиынға зар болып қайыр сұрап тұрған қайыршыларға он мың теңге айыппұл салатын, көшеде көлігіңнің жарығын күні-түні жағып жүруді міндеттейтін көпшіліктің қарсылығына ұшыраған біршама заңдар күшіне енбек. Олардың қаншалықты орындаларын уақыт көрсетеді...
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста