Өз тойынан өзі сарқыт әкелген 103-тегі Күлия әже

Өз тойынан өзі сарқыт әкелген 103-тегі Күлия әже

– Наурызды тойлауды мен бала кезімде көрдім. Кейін біраз жылдар тойланбай кетті. Мүмкін, ашаршылық, одан кейін соғыс басталып, балапан – басымен, тұрымтай – тұсымен, әркім әйтеуір барын талғажау етіп, тіршілік кешкеннен болар, бәлкім.

Он екі жасымнан еңбекке араластым. Күн демей, түн демей, тынымсыз жұмыс істедік. Тарбағатай өңірінен 1941 жылы соғысқа кеткен ер-азаматтардың орнын жоқтатпай, кез келген жұмысты атқарып жаттық. Жер жырттық, кірпіш құйдық, трактор жүргіздік. Қиын-қыстау күндерде қарап отырмадық. Бір күні түнгі ауысымнан тоңып шыққан соң мызғып алайыншы деп жатқаным сол еді, келесі ауысымдағы бір әйел «Тракторым өшіп қалды, көріп берші» деп келіп тұрған соң, бардым. Пальтомды шешіп тастап, кірісіп кеттім. Оған «Майды мынаған құяды, от алдырғанда аяғыңа ие бол» деп түсіндіріп жатырмын. Әлгі әйел тракторға отырып, бір айналдырғаннан кейін мені бір-ақ ұшырды. Не болғанын білмеймін. Көзімді ашсам, жерде жатырмын. Орнымнан тұрайын десем, қолым иілмейді. Үйге келген соң апама көрсетіп едім, сөйтсем қолым шорт сынып кетіпті. Апам жақсылап байлап берді де доғдырға жіберді. Содан кейін біраз уақыт тракторға отыра алмадым.

Әңгімеге апаның баласы Бейбіт араласты. «Бір жолы апамды алып қонаққа бара жатқанбыз. Жолда машинам жүрмей қалды. Апам ақырын ғана «бензонасостан ғой», – деді. «Қойыңызшы апа, қайдағы бензонасос» деп қоямын өзімше мойындамай. ТЖО-ға келсек, ондағылар да «бензонасостан» деді. Сөйтіп, апамның айтқаны рас болды. Апамның талай жыл тракторшы болғанын ұмытып кеткен сияқтымын.

– Қазір Құдайға шүкір, құрсағымнан тараған жеті баламнан он алты немере, он үш шөберем бар. Бүгінде балаларымның ортасында қолымды жылы суға малып отырмын. Өмірге өкпем жоқ. 100-ге толған тойымды балаларым туған-туыстарымның арасында атап өтті.

– Адам қартайғанда бала сияқты болады деген рас екен, – деп күліп алды апаның қызы Бәтира. – Сол тойда мейрамханадан үйге келген соң апам: «мынау тойбастардан сарқыт» деп, қалтасынан шашу шығарып жатыр. Сөйтсек, апам өз тойынан өзі тойбастар алып келіпті. «Күлсең, кәріге күл» деген осындайдан шыққан екен ғой.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста