Өзге елдер селден қалай қорғанады?

Өзге елдер селден қалай қорғанады?

АҚШ территориясының көп бөлігі қоңыржай белдеуде жатқандықтан, мұнда сел апатының қаупі жоғары. Әсіресе елдің шығысындағы Солтүстік Каролина, Батыс Вирджиния, Кентукки, Пенсильвания, Теннесси, орталығындағы Колорадо, Нью-Мексико, Вайоминг, Оңтүстік Дакота, батысындағы Калифорния, Орегон, Вашингтон, оңтүстігіндегі Техас, Луизиана штаттары табиғи апаттың алдын алуға көп күш жұмсайды.

Осыдан екі жыл бұрын АҚШ-тың батыс бөлігінде жүрген сел көп адамның өліміне себеп болған. Сондықтан әрбір штаттың төтенше жағдайлар департаменті үнемі дайындықта жүреді. Мысалы, АҚШ-тың батыс бөлігіндегі Вашингтон штатының әкімдігі сел қаупі жоғары қалалардың картасын жасап, онлайн ақпарат беру жүйесін енгізген. Айта кетсек, Сиэтл қаласының онлайн картасы арқылы кез келген жердің қаншалықты қауіпті екенін білуге болады. Мұны АҚШ-тың Геологтар қоғамы (USGS) Сел қаупі бағдарламасы бойынша арнайы дайындаған. Олар елдің барлық аймағын зерттеп, қауіпті зоналарды көрсететін арнайы карталарды сызған.

Картадағы қызыл түс - ең қауіпті, сары түс - қауіпті, жасыл түс - сел қаупі төмен, қара түс - сел қаупі жоқ аймақтарды көрсетеді

Карта арқылы көшкіннің әр аймақтағы қауіптілігін білуге болады. Сонымен қатар, мамандар төтенше жағдайда не істеу керектігі туралы мәліметтің аудио нұсқаларын дайындаған. Сондай-ақ, ақпараттың ағылшын тілінде жазылған нұсқасы да онлайн платформада жарияланған.

https://soundcloud.com/kplunews/worried-about-landslides-seattle-has-a-map-for-that


АҚШ-та ел аумағындағы әртүрлі табиғи апаттың алдын алу мен апаттың қаупін азайту үшін қызмет ететін қоғамдық ұйымдар жұмыс істейді. Айта кетсек, American Red Cross еріктілер ұйымы қоғаммен белсенді байланыста болып, олардың табиғи апат кезінде қалай әрекет ету керектігін үйретеді. Еріктілер елден тыс аймақтарда да белсенділік танытып келеді. Сонымен қатар, Federal Emergency Management Agency және Disaster Assistance агенттіктері мен Ready, National Flood Insurance Program және Homeland Security сияқты демартаменттер құрылған.

Жапонияда да ауа райының тұрақсыздығынан апаттар жиі болады. Одан бөлек, Күн шығыс елінің территориясы тектоникалық аймақтағы аралдар тобынан тұратындықтан, цунами, тайфун сынды табиғи апаттар жергілікті халыққа қауіп төндіреді.

Жапонияның сел апатына қарсы күресетін қоғамы жаңа технология және инновациялық идеялардың көмегімен адам өмірін сақтап қалу үшін еңбек етеді. Айта кетсек, апат басталған сәтте сол аймақтың тұрғындарының ұялы телефондарында дабыл белгісі қосылады. Дабылды естіген әрбір азамат қандай қауіптің келе жатқан бірден пайымдайды. Содан кейін смартфондарға табиғи апаттың территориясы мен бағыт карталары жіберіледі. Сондай-ақ, жылдам әрекет ету бағыты туралы мәлімет беріледі.

Дамыған елдер тізімінде көш бастайтын Жапония көптеген апаттан зардап шеккен. Елдің экономикасы дамымаған кезде мұның алдын алу шаралары жоғары деңгейде жүргізілмеген. Дегенмен, қазір адам өмірі үшін қауіпті апаттарға қарсы күресу жұмыстары үкіметтің басты назарына алынған.

Жапонияның геологтары мен инженерлері сел болудың қауіптілігін алдын ала болжайды. Ол үшін сел қаупі ең жоғары аймақтарда жер бедерінің зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ, сол аймақтың ауа райының жаңбырлы болуы да ескеріледі. Арнайы құрастырылған техникалық жабдықтар жердің тектоникалық деңгейін өлшеп берсе, әр мезгілде жауатын қар мен жаңбыр үлесі нақты анықталады. Бұл адам өміріне қауіпті апаттардың алдын алуға мүмкіндік береді.

massaget.kz
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста