Өзінен 20 жас үлкен Үндістан азаматымен бас қосқан қазақ қызы жоғалып кетті

Өзінен 20 жас үлкен Үндістан азаматымен бас қосқан қазақ қызы жоғалып кетті

Тараз тұрғыны Үндістан азаматымен бас қосып, төрт жылдан бері хабарсыз кеткен туған қызына іздеу салды. Үнділіктің етегінен ұстап, будда дінін қабылдаған Ақмарал Әбдіханова өзінен 20 жас үлкен шетелдік жігітпен отасқан деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

 
Өзінен 20 жас үлкен Үндістан азаматымен бас қосқан қазақ қызы жоғалып кетті

Скриншот КТК арнасынан

Тараз тұрғыны Сәулехан Әбдіханова шетел асып кеткен қызын іздеп таппай жүр. Оның айтуынша, осыдан жеті жыл бұрын Үнді мұхитындағы Маврики аралына Үндістан азаматымен ілесіп кеткен Ақмарал Әбдіхановадан 4 жылдан бері хабар жоқ.

30 жастағы келіншекті іздеу жұмыстарына еліміздің Сыртқы істер министрлігі араласқанымен әзірге нәтиже болатын емес. Ал бауыр еті баласын жоғалтқан ана тиісті орындардан оны іздеу ісін күшейтуді сұрап отыр. Себебі, ол перзентін құлдықта ұстап отыруы мүмкін деп есептейді.

Өзінен шамамен 20 жас үлкен Сэнди Тайламимен Ақмарал Әбдіханова 21 жасында Алматыда жүріп танысқан. Қазақ қызына көзсіз ғашық болған үнді азаматы өзінің фирмасына сүйіктісін директор етіп тағайындап қояды. Көп ұзамай екеуі шаңырақ көтеруге уағдаласып, қалыңдығын күйеу жігіт ата-анасына таныстыру үшін Үндістанға алып кеткен. Сөйтіп, Ақмарал он күннің ішінде будда дінін қабылдап үлгеріпті.

Өзінен 20 жас үлкен Үндістан азаматымен бас қосқан қазақ қызы жоғалып кетті

Скриншот КТК арнасынан алынды

- Қызым біртүрлі өзгеріп келді. Үш бөлмелі үйдің бір бөлмесіне кіріп кетіп, жоқ болады. Сосын қарасам былай отыр бұрышта. Алдына суреттерді қойып қойыпты. Үндінің суреттерін. «Келін» киносы бар ғой сондағы қоңырау, кішкентай ыдыстар сондайды қойған. Түтін шығып жатыр. Сұрасам, құдайға табынып отырмын дейді, - деді Ақмаралдың анасы Сәулехан Әбдіханова.

Сәулехан Әбдіханова қызын Исламды қайта қабылдауға көндіре алмаған. Кейін ол ешкімге ескертпестен сүйіктісі Сэнди Тайламимен Маврики аралына біржолата көшіп кетеді. Содан бері жақындарымен тек телефонмен байланыста болған. Ал анасымен соңғы рет 2012 жылы тілдескенде ренжісіп қалыпты. Өйткені ол Үндістан азаматтығын алу үшін туу туралы куәлігін беруді сұраған.

- Сен қазақтың қызысың ол жақта қалмайсың, бермеймін деп едім. Ашуланып қоя салды. Содан бері маған мүлдем соқпайтын болды. Бірақ үлкен әкпесіне хабарласып тұрады екен. Суреттерін жіберіп тұрған, екеуі сол жақта үйленген. Той көйлегін киген, - дейді Сәулехан Әбдіханова.

Жат жұртта жүрген Ақмарал 4 жылдан бері мүлдем хабарсыз. Ал осы жылдың наурыз айында Сәулехан мен оның үлкен қызының ұялы телефонына белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған. Бірақ байланыс жөнді болмай, дауыс естілмепті. Ал анасы бұл құлдықтағы қыздың белгі беруі деп есептейді.

-Бізге солай хабар беріп жатыр. Бір ретін табады да хабарласып жатыр. Әртүрлі нөмірлерден хабарласады, - дейді анасы.

Зейнеткер бұдан кейін бірден Сыртқы істер министірлігіне арыз жазған. Бірақ дипломаттар бірнеше елшілікке хат жолдағанымен, Ақмаралдың жер шарының қай түкпірінде жүргенін анықтай алмаған. Сөйтіп, істі көші-қон қызметіне тапсырған. Енді хабарсыз кеткен қызды халықаралық қылмыстық полиция іздестірмек.

Бауыр еті баласын жоғалтқан ана қызының үнді азаматына қосылуына рұқсат бергеніне қатты өкінеді. Бірақ болары болып, бояуы сіңген соң тағдырдың жазуына көнбеске амалы жоқ. Оның ендігі арманы – кенже қызы Ақмаралдың амандығын білу.

Ал іздеу жұмыстарының қиындауына қарағанда Ақмарал Әбдіханова азаматтығын ауыстырған немесе аты-жөнін өзгерткен болуы мүмкін.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста