Пандемия экология мен «жасыл» экономикаға қалай әсер етуде?

Пандемия экология мен «жасыл» экономикаға қалай әсер етуде?

Кейінгі жылдары жер жаһанда экологияға баса назар аударылып, «жасыл» экономиканың дамуына, жаңартылған энергия көздеріне ауысуға деген халықтың ынтасы күшейе түскен кезде әлемді жайлаған індет бәрімізді естен тандырып, бұл өмірде денсаулықтан маңызды ештеңе жоқ екеніне көзімізді жеткізе түсті. Алайда таза табиғатсыз қайдан денсаулық болсын. Covid-19 пандемиясы адамзатқа ғана емес қоршаған ортаға да теріс әсер етуде.
Карантин кезінде ауа тазарып, табиғат жаңара түсті деп қуанғанымызбен, бұл індеттің қоршаған ортаға тигізер зияны орасан екенін айтып мамандар дабыл қағуда. Әлемдегі жағдайға шолу жасасақ, пандемияға байланысты айталық, АҚШ-та көптеген қауымдастықтар қалдықтарды өңдеуді тоқтатқан, кейбір өңірлер қалдықтарды сұрыптауды тоқтатыпты. Ал кейбір өңірлерде мейрамханалар мен кофеханалар кофе мен тамақты сатып алушылардың өз ыдыстарына құйып беруді қойды. Дүкендер әрбір тоқашты жеке пластик пакеттерге салатын болды. Яғни, қоршаған ортаға зиянды пластик пакеттер мен ыдыстар бұрынғыдан да жиі қолданыла бастады.
Қазір халық табыстарын негізінен азық-түлік пен дәрі-дәрмекке жұмсайтын болған. Артық шығынның болмағаны жақсы, әрине, алайда адамдар қазір вирус жұқтырудан қорыққандықтан әрбір алманың жеке пакетте оралғанын қадағалайды. Күніне бір адам бірнеше маска, резина қолғаптар, басқа да қайта өңделмейтін заттарды қолданады.
Тағы бір маңызды аспект &mdash медициналық қалдықтар. Уханьда эпидемияның қызған кезінде госпитальдар күн сайын 200 тонна медициналық қалдықтарды шығарды (әдеттегі уақытта -50). Бүкіл әлем бойынша бір реттік қолғаптар мен маскалар сияқты қалдықтар бірнеше есеге көбейген. Мұндай заттарды дұрыс пайдалану үшін оларды бірнеше сағат сайын ауыстыру керек, ал қазір оларды тек медициналық қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар дүкен, жеткізу қызметтерінің қызметкерлері де, қарапайым адамдар да киеді. Әрине, адамдардың өмірін құтқару үшін бұл заттарды пайдалануымыз керек, алайда мұндай заттардың қалдықтарын қайтеміз, ол жайлы да ойланғанымыз жөн.
Қалалардағы дезинфекция туралы да айтпауға болмайды. Кейбір жерлерде дезинфекциялық заттармен тұтас көшелер, тротуарлар мен көгалдар, көлік аялдамалары мен тіпті жағажайлар өңделді. Бұл ретте улы заттар қоршаған ортаға түседі, демек, жабайы жануарлар мен адамдардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.
Mer Propre қауымдастығының негізін қалаушы Лоран Ломбардтың айтуынша, бүгінде француз экобелсенділері COVID-19 пандемиясына байланысты әлемдік мұхиттағы қоқыстың көбеюіне орай дабыл қағуда. «Көп ұзамай мұхиттағы маскалар медузалардан да көп болады!» деп экологтар ескерту айтты. Қазіргі уақытта қоқыстың 1% - ын маскалар, қолғаптар және антисептиктерден пластикалық бөтелкелер құрайды. Болжам бойынша бұл сан әлі де өседі, өйткені барлық елдер жеке қорғану құралдарына өздерінің мемлекеттік тапсырыстарын арттырды.

Жақында табиғатқа қарсы қылмыстарды тергеумен айналысатын халықаралық OceansAsia ұйымы Соко аралдарын зерттеді. Бұл елсіз аралдың өзінде жағажайға лақтырылған ондаған маска табылған. Елсіз аралда жағдай осындай болса, басқа аймақтарда қалай болғанын елестете беріңіз.

Қазір Қазақстан қалаларының көшелерінде қоқыстың түрлері көбейді. Мысалы, Алматы маңындағы тау соқпақтарында жаяу туризм әуесқойлары қалдырған маскалар мен резеңке қолғаптар аз емес.

Жеке қорғаныс құралдарының зияны пластикалық пакеттер немесе бөтелкелерден кем түспейді. Біз соңымыздан осындай қалдықтарды қалай болса солай лақтыру арқылы келер ұрпақтың болашағына баяу әсер ететін «бомба» қалдырып отырмыз.
Қазіргі таңда маскалар мен резеңке қолғаптар киген ондаған мың адам полиэтилен пакеттеріне мұқият оралған жемістерді таңдайды. Бұл көріністі кез келген супермаркеттен көруге болады Бір жағынан, жеке қорғаныс құралдары коронавирусты жұқтыру қаупін төмендетеді, ал екінші жағынан &mdash пайдаланылған және қоқысқа тасталған бір реттік маскалар мен қолғаптар қоршаған ортаға кері әсер етеді.
|Сондықтан да біз сіздер үшін қалыптасқан жағдайда қоршаған ортаға тиетін зяинды сәл де болса азайтуға көмектесетін ережелердің шағын тізімін ұсынып отырмыз.
Маска кимес бұрын қолыңызды сабынмен жуыңыз. Масканы киіп жүрген кезде қолыңызды тигізбеуге тырысыңыз. Егер масканы ұстап қойсаңыз, қолыңызды қайта сабындап жуыңыз. ⠀
Бір рет қолданылатын медициналық маскаларды қайта дезинфекциялап, қолдану мүмкін емес, бұл ретте оларды шамамен әрбір екі сағат сайын ауыстыру қажет.
Мұндай маскалар матадан емес, полимерлі материалдан жасалған, сондықтан оларды қайта өңдеуге жіберуге болмайды.
Қолданылған масканы жою үшін, масканы бауынан мұқият ұстап, қағаздан жасалған қалтаға салып, содан кейін жабық қоқыс жәшігіне немесе жалпы қалдықтарға арналған контейнерге салу керек.
Пайдаланылған маскаларды мына жерлерге қайта өңделетін шикізатқа арналған контейнерлерге, көшедегі қоқыс салатын жәшіктерге тастауға болмайды, бұл қоқыстарды жел ұшырып кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ бір реттік маскаларды, салфеткаларды кәріз құбырларына ағызуға болмайды. ⠀
Мүмкіндігінше, масканы тастамас бұрын дезинфекциялаңыз. Масканы ұстағаннан кейін қолды жууды ұмытпаңыз.

Сақтық шаралары үшін көп реттік маскаларды пайдалануға болады. Оларды дәріханадан сатып алуға немесе дәке, мақта немесе басқа матадан тігіп алуға болады.
Қайта қолданылатын маскалар да бір рет қолданылатындар сияқты мезгіл-мезгіл өзгеруі керек. Қолданғаннан кейін, масканы оезеңке бауынан ұстаған жөн. Оны залалсыздандыру үшін ыстық суда сабынмен жуып, үтікпен булаңыз. ⠀
Есіңізде болсын, қазір қауіпсіздік шараларын елемеуге болмайды, бірақ егер сізде экология үшін зиянсыз қауіпсіздендіру мүмкіндігі болса, онда осы жолды таңдаңыз️!

Айнұр Нұрсабет

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста