Полицейлер танысының көлігін сатып жіберген алаяқты анықтады

Полицейлер танысының көлігін сатып жіберген алаяқты анықтады

Сайрам аудандық полиция басқармасына көрші ауданның тұрғынынан арыз келіп түсті. Ер адамның айтуынша, оған танысы көлігіңді 95 мың теңгеге бояп беретін танысым бар деп сендіріп, ақшасын алып, онымен қоймай көлігін сатып жібергенін жеткізді.
Тәртіп сақшылары бұл деректі бірден тіркеп, істің мән-жайын анықтауға кірісті. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полицейлер күдіктіні анықтады. Полиция басқармасына жеткізілген ер адам Төлеби ауданының тұрғыны болып шықты.
Белгілі болғандай, алаяқ автокөлікті жөндеуге көмектесу сылтауымен досының ақшасы мен көлігін алып кеткен. Содан кейін әлеуметтік желідегі хабарландыру арқылы біреудің көлігін 300 мың теңгеге сатқан. Алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Алаяқтың басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болуға және өз мүлкін бейтаныс адамдарғасеніп тапсырмауға кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста