Президентке хат жазамын деп сотталды

Президентке хат жазамын деп сотталды

Лесбек Ағабекұлы шілде айында ел Президенті Қасым Жомарт Тоқаев пен бірқатар құзырлы органдарға хат жазған. Арызда Түркістан облысы Ордабасы аудандық мәслихатының хатшысы мемлекет қаржысын тиімсіз пайдаланды деген. Ол арызды негіз етіп журналист Тұтқабай Фазылбек материал дайындайды.

Ал Баймахан Садуақасов өзін қаралап Президентке жазылған хатты жала деп тауып, Лесбек Ағабекұлы мен журналисті сотқа берген. Алайда іс соңына тақағанда мәслихат хатшысы журналистке ешқандай айып артпайтынын мәлімдеген. Сөйтіп үш айға созылған сот ісінен кейін судья тек бір адамға үкім шығарды.

Жанар Кенжебаева, Түркістан облысы Ордабасы аудандық сотының судьясы:
«Ағабекұлы Лесбек ҚР Қылмыстық кодексінің 130 бабының 1 бөлігімен кінәлі деп танылып, оған осы баптың бөлігі бойынша алты ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалсын. Тағайындалған жаза мерзіміне пробациялық бақылау бекітілсін».

Баймахан Садуақасов соттың шешімімен келіседі. Бұл туралы оның қорғаушысы мәлімдеді. Олардың сотқа қойған талаптарының біразы орындалған.

Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Кенжебек Сарымсақов:
«Сот тергегенде жала жабу жәйттерінің барлығы өз дәлелін тапты. Сот дұрыс үкім қабылдады деп есептейміз. 100 000 теңге моральдық шығын және адвокат қызметін пайдаланғаны үшін 300 000 теңге өндірілетін болды».

Ал Лесбек Ағабекұлы болса сот әділ төрелік етпеді деп наразы. Айтуынша, тергеу жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілмеген. Оған қоса, тағылып отырған айып та негізсіз дейді. Ордабасы аудандық мәслихатның хатшысы туралы тек құзырлы органдарға ғана хат жазғанын, адамның абыройы мен қадiр-қасиетiне нұқсан келтiретiн көрiнеу жалған мәлiметтер таратты деген айыппен мүлде келіспейді.

Лесбек Ағабекұлы, сотталған азамат: «Мен құзырлы мекемеге жаздым. Ал құзырлы мекемеге арыз жазу — ол әр азаматтың борышы. Мен борышымды ғана орындадым. Мақсатсыз қаржы жұмсап, ысырап еткенін жаздым. Құзырлы мекемеге жаздым. Ол жала жабу болып есептелмейді».

Лесбек Ағабекұлы аппеляциялық сотқа шағым түсірмек. Ал егер бұл соттан да әділдік таппаса, Президентке қайтадан хат жазбақ.

Меруерт Ахан
kz.otyrar.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста