Қайырымдылық мақсатта футболдан жыл сайынғы турнир өтті

Қайырымдылық мақсатта футболдан жыл сайынғы турнир өтті

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры жылдағы дәстүр бойынша қайырымдылық мақсатта Алматы қаласында футболдан турнир өткізді. Биылғы «Асқар Жакулин кубогі» шағын-футбол турнирі 29-сәуірде «FootballLand» спорт кешенінде өтіп, 16 топ қатысты. Биыл қатысушылар да, демеушілер де көбейе түсті.

Қайырымдылық – адам жанының нұры, мейірімділік – адам бойындағы асыл қасиеттердің қадірлісі. Ендеше біреуге жақсылық жасау мақсатында ұйымдастырылған кез келген шараның маңызы зор. Әсіресе қамқорлыққа зәру балалар үшін жасалған әрбір істе береке бар. Асқар Жакулин атындағы қор ашылғалы бірнеше жылдан бері түрлі қайырымдылық шаралар өткізіп келеді.

Белгілі кәсіпкер, меценат, абзал азамат Асқар Жакулиннің құрметіне ұйымдастырылған футболдың ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының Әнұраны мен басталды. Сондай-ақ Эстрадалық вокал коллективі «Дети солнце Алматы» балалар хоры «Қазақ елі осындай!» әнін орындап, жиналған жұртқа рух берді. «Дети солнце Алматы» балалар хорының жетекшісі – Құдайбергенова Әлия, вокалист Бек Оралбеков.

Турнирдың ашылу салтанатында алғашқы сөз қордың директоры Гүлнар Сейдоллаға берілді.

Гүлнар Сейдолла: Құрметті достар! Биыл міне, кезекті марқұм Асқар Жакулинді еске алу мақсатында шағын футбол жарысын ұйымдастырып отырмыз. Бүгінгі таңда жастарды спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау өте игілікті іс. Өйткені «тәні саудың жаны сау» демекші, өскелең ұрпақтың спортты серік етуі өздеріне де, қоғамға да пайдалы. Біз жыл сайын футбол турнирін өткізіп тұруды дәстүрге айнылдыруды көздейміз. Былтыр да дәл осы уақытта турнирді өткізген болатынбыз. Жылдан жылға тәжірибеміз молайып, кем-кетіктеріміз түзеліп келеді, Өздеріңіз байқағандай, қатысуға ниет білдіргендердің және демеушілердің көбейе түскені бізді қатты қуантады. Былтыр турнирге 13 команда қатысса, биыл 16 команда қатысып отыр. Осы жолы барлық командадан 800 000 тг қаражат жиналды. Бұл қаражат толығымен «Тамшы мейірім» жобасы бойынша 1-маусым – Балаларды қорғау күніне ұйымдастырылатын іс-шараға жұмсалатын болады. «Тамшы мейірім» – қатерлі ісік, обыр ауруына шалдығып, өмір үшін күресіп жатқан кішкентай балалардың еміне үлес қосу мақсатында қолға алынған жоба. «Жақсы істің бір бөлігі бол!» деген сөз біздің қордың ұранына айналған. Қор мүшелері мен қамқоршылары бұған дейін де біршама жобаларды сәтті іске асырып келеді. Осындай игі шаралардың бірі жақында Өскеменде өткізілген оқушылар арасындағы I-ші облыстық олимпиада. Осы олимпиадаға Набижан Мұқаметханұлы,


Армиябек Сағындықұлы, Алмас Ахметбекұлы және қордын қамқоршылары барып, атсалысып қайтты, бүгін біздің қордың жанашырлары, қамқоршылары футбол турниріне жанкүйер болып келіп отыр.

Сондай-ақ бүгінгі футбол турнирін ұйымдастыруға атсалысып, демеушілік білдірген «Ақ қайың» мейрамханасына, сумен демеушілік көрсетіп отырған Сайра Шабданқызына, Асқар Дәкенұлына және Royals командасына демеуші болған «Минметалс Казахстан» компаниясына, «Ас-Ай» компаниясының қыз-жігіттеріне алғыс білдіремін. Ал жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін!

Футбол турнирі басталмас бұрын командалар жеребе тастады. Барлығы 16 команда 4 командадан 4 топқа бөлініп ойнады, 10 минуттан 2 тайм ойында командалар ақтықсынға шығуға талпынып, жеңімпазболуға барларын салды.

Футбол командалары: «Дос», «Ақсай», «Ас-Ай», «Көк жал», «Өнер», «Atlant», «Аягөз», «Азия мебель», «XCMG», «Бижан», «Royals», «Шайқас», «Бірліккеруен», «АрланЕрзат», «Құтмекен», «Қайнар». Осы командалардың көбі былтырғы турнирге де белсене атсалысқан. Командалар негізінен еріктілерден, студенттерден, белсенді жастардан құрылған. Салауатты өмір салтын ұстанатын, әрі қайырымдылық жасауға қашанда әзір жігіттер футбол алаңында тартысты, ойын көрсетті. Ойын сағат 9.00-ден 16.00-ге дейін жалғасты. Қызықты әрі тартысты турнирге Алматы қаласының 1-ші дәрежелі төрешілері: Ешмұханбетов Азамат, Губашев Ален, Бурмистров Олег сынды азаматтар төрелік етті.

Арай Тоқтасынұлы, «Дос» командасының капитаны: –Біздің команда осымен екінші жыл қатарынан Асқар Жакулин атындағы футбол туниріне қатысып отыр. Қайырымдылық мақсатында ұйымдастырған шараға қатысу біз үшін мәртебе. Сондықтан командамның атынан ұйымдастырушыларға үлкен алғысымды білдіремін. Ойын өте қызық, тартысты, әділ өтті деп есептеймін. Бұйырса келесі жылы да турнирге қатысамыз деп ойлаймын.

Турнирдің жабылу салтанатында Максимов Мирас «Атамекен» әнін орындады. Еңбастысы, футболдың жеңімпаздары анықталып, жүзден жүйрік шыққандар марапатталды. Турнирге қатысқан 16 команданың ішінде жүлделі орындарға «Өнер», «Бижан», «Бірлік Керуен» командалары ие болды.

1-орын – «Бірлік Керуен»

2-орын – «Бижан»

3-орын – «Өнер»

Асқар Әнуарұлы Жакулин 1965 жылытуған. Ол - тереңбілімді, еліне, ұлтына, мемлекетіне деген сүйіспеншілігі шексіз, патриот, іскер ұйымдастырушы болған еді. 2002 жылы Бейжің қаласындағы бизнесін тастап, отбасымен Тәуелсіз Қазақстанға бір жолата қоныс аударып, Ас-Ай компаниясын құрды. Асқар Жакулин 2016 жылы ауыр науқастан көз жұмған еді.

Айнұр Сенбаева

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста