Қарудың қауіпсізі болмас...

Қарудың қауіпсізі болмас...

Соңғы кездері жасөспірімдер арасында тапаншаны, жастар тілімен айтар болсақ, «ствол» ұстанып жүру сәнге айналды. «Оса» тапаншасы, газопневматикалық тапанша, газ баллоны сынды қарулар жастардың ортасында кеңінен сұранысқа ие. Ал бұл өз кезегінде жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуіне ықпалын тигізіп отыр.

Өйткені батыстың ат та шап фильмдерін күнде көріп жүрген жастар сол фильм кейіпкерлеріне еліктеп, солардың ісін өз тәжірибесінде қолданып көрмек болып, қылмысқа ұрынып жатады.

zal1-4

Олег, қару-жарақ сататын дүкеннің сатушысы:
– Жастардың көбісі травматикалық қаруды көп алады. Себебі газопневматикалық тапанша мен газ баллонын ішкі істер органдарының рұқсат қағазынсыз-ақ сатып алуға болады. Тек тұтынушы кәмелеттік жасқа толса болғаны. Себебі «бұл қарудың түрлері адамның денсаулығына еш зиян келтірмейді» деп саналады. Ал «Оса» тапаншасын сатып алу үшін ІІБ-нің рұқсат қағазы және сотталмағандығы, психо-нашақорлық диспансерде есепте жоқ екендігі туралы анықтамасы болуы шарт. Осындай рұқсат қағаздары болған жағдайда біз «Оса» тапаншасын кез келген кәмелеттік жасқа толған азаматқа сата аламыз. Бұл қарулардың бағасы да қымбат емес. Біздің дүкенде газ баллонының құны – 900-2700 теңге.

Газопневматикалық тапаншаның бағасы – 9 мыңнан 27 мың теңгеге дейін. Ақшаңыз болса, қауіпсіз қарудың иесі атануыңыз қиын емес.
 
Міне, осындай жеңілдікті пайдаланған кейбір жасөспірімдер қорғанысқа арналған қаруды өзінің қылмыстық әрекетіне пайдаланып, әлсіз адамдарға қоқан-лоқы көрсетіп, әлімжеттік жасайды. Мысалы, бір ғана газ баллонын қолдану арқылы адамдарды есінен тандырып, жазықсыз жандарды тонап, қылмыс жасап жүргендер де аз емес екен. Сөйтіп, қауіпсіз деген қару қауіпті болып шыға келеді.

Заңгер Арықбай Ағыбаев ағамыз: «Мен кез келген қаруды ішкі істер органдарының рұқсатынсыз сатуға қарсымын. Қару атаулының бәрінің арнайы рұқсат қағазы болу керек», – дейді.

 Алматы қаласында жыл басынан бері 4045 адам травматикалық қару сатып алу бойынша тіркеліпті. Ал тіркелмегені қаншама? Көбінесе қылмыс осы тіркелмеген қарумен жасалатын көрінеді. Ішкі істер органдарының мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері жастар көп шоғырланған Алматы қаласында жасөспірімдердің қатысуымен 1500-ге жуық қылмыс жасалған. Аталған бұзақы әрекеттердің тең жарымы травматикалық қарумен жасалынған екен. Мысалы, жақында Алматы қаласында қылмыскер екі жігіт газопневматикалық тапаншамен 20 жастағы Алмас атты жігітті қорқытып, әмияны мен ұялы телефонын тартып алып кеткен. Сөйтіп, қорғаныс үшін алынған қару қылмысқа әкеп соқтырған. Мұндай жағдайлар шаһарымызда күнделікті орын алып жататындығын ішкі істер органдарының қызметкерлері де жоққа шығармайды.

Арман ЖУСАНБАЙ, Алматы қалалық ішкі істер басқармасының маңызды тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:
– Газопневматикалық тапанша мен газ баллоны адам баласына еш зияны жоқ қауіпсіз қару санатына жатқызылғандықтан, кез келген кәмелет жасына толған азамат оны еркін сатып алуына болады. Алайда аталған қаруларды қылмыстық іске пайдаланған азаматтар ҚР ҚК-ның 257-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық жазаға тартылады.

Бір  қызығы, «Оса», газ баллондарының отаны саналатын Ресейде бұл қаруды қолдану мен сақтауға байланысты заң талаптары бізге қарағанда өзгешелеу. Мәселен, мәскеуліктер үшін қорғанысқа бағытталған қаруды сатып алуда мынадай талаптар орындалуы тиіс: Біріншіден, жарақат салатын оқпансыз қаруды қолдану мен сақтау үшін ішкі істер органдарының рұқсаты болуы, екіншіден, тұтынушының тұрғылықты өмір сүретін жері болуы, үшіншіден, психоневрологиялық, наркологиялық диспансерде тізімде тұрмауы, төртіншіден, қылмыс жасап сотталмаған болуы, бесіншіден, психикалық аурумен ауырмаған болуы, алтыншыдан, көздің көруі төмен болмаған жағдайда және, әрине, кәмелеттік жасқа толса ғана қаруды сатып алу мен қолдануға рұқсат етіледі.

Қалай десек те, қазір «Оса» секілді тапаншаларды кімге болса соған ұстата беретін болдық. Күзет фирмаларында істейтіндер де қаруды өз атына жаздырғанымен, өзге біреудің қолына ұстата салады. Айналып келгенде, күзетшілердің өзі жан-жақтан келген соң, олардың барлығына бірдей толық тексеру жүргізілмейді. Осыдан келіп жастардың қалтасында әлгіндей тапаншалар пайда болады. Ал олар қызуқанды ма, нашақор ма, бұрын сотталған ба, көзі көре ме, көрмей ме, ол жағы ескерілмейді. Әйтеуір, ақшасын берсе болғаны. Ал мұның арты қайғылы оқиғаларға ұласып жатады. Бұрындары көбінесе мұндай қаруларды бай, шенділердің балалары ұстайтын еді, ал енді екінің бірінің қолы жететін болды. Тіпті мектеп оқушыларының «Осаны» сабаққа алып келуі, одан бір-біріне оқ атуы секілді келеңсіз жағдайлар Ішкі істер органдарының ақпараттарында да жиілеп кеткені жасырын емес. Сондықтан да қандай да бір қару-жарақты қолдану мен сақтау туралы қолданыстағы заңды әлі де електен өткізіп, жастардың қолына өтіп кетуін қатаң бақылауға алатын уақыт жетті.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста