Қарындасының құрбылары жезөкше екенін естіген жігіт жынданып кете жаздады

Қарындасының құрбылары жезөкше екенін естіген жігіт жынданып кете жаздады

Ержан Тұраров есімді Ақтөбе тұрғыны құқық қорғау қызметкерлерінен көмек сұрайды. Оның айтуынша, сауна жағалап жүрген қазақ қыздары тым көп. "Қоғамды аздырмай, оларға заңмен тыйым салу керек, қазақ әйелдерін қорғауымыз керек", - дейді ол.
«Маған бір жігіт хабарласып, қарындасың дұрыс жерде жүрген жоқ. Қасындағы қыздары да нашар» деп олардың жүрген жерін айтты. Мен қасыма екі жолдасымды ертіп, «Падиар» саунасына бардым. Танып қалмау үшін, басыма малақайымды басып кидім. Екі жігіт «Қыздар бар ма?», - деп сұрап еді, келесі бөлмеден күнде үйге келіп жүрген қарындасымның Анар есімді құрбысы шыға келді. «Сағатына 6 мың теңге» деп тұрған кезде мен қастарына барып едім, ол қашып кетті», - дейді Ержан Тұраров.

Үйіне күнде келіп, қарындасындай болып кеткен қыздың жеңіл жүрісті екенін көзімен көргенде ол қатты ашуланған.

«Кейін ол қыз маған хабарласып, өзін мазаламауын сұрады. Мен оған «қарындасыма жолама, ертуші болма» деп ескерттім. Маған хабарласқан жігіттер бұл қыздардың жеті жылдан астам уақыт саунада жүргенін айтқан болатын. Олар қаладағы «Падиар», «Золотой рог», «Қазнұр» сауналарында жұмыс жасайды екен. Ол қыз менің қарындасымды алты айдан бері танимын деді. Оның саунада жұмыс істегеніне екі-үш жыл болған», - деді Ержан.

Ержан қарындасы азғындық жолға түсіп кете ме деп алаңдайды. Оның айтуынша, қарындасының екі баласы бар. Жолдасынан ажырасқанына үш жылдай болып қалған. Ажырасып келгеннен кейін сауда дүкендерінде бала күтушісі болып, кафеде даяшы болып істеген.

«Қарындасым Гүлжан кейін клубтарда даяшы болып жасады. Өзі саунада админстратор болып істеймін дейді. Бірақ, мен оның ол жерде жүргенін қаламаймын. «Қазнұр» саунасына барғанда оның ішінде отырғанын көзіммен көрдім. Бір жас қыздың шашын тарап отыр. «Ана қыз мүлдем жас емес пе?» дегенімде «Әркім өзіне жауап береді» деп мені қайтарып тастады. Қасындағы құрбылары Анар мен Айнұр қандай қыз екенін өздері мойындап отыр. Анар 7 жыл жезөкшелік жасап, машина, 8 мөлтек ауданнан үй алғанын айтты. Айнұр деген қыздың саунада жүргеніне он жыл болған. Ол саунаға бармас бұрын вокзал жағалапты. Міне, біздің қазақ қыздарының қылығы осы. Сауналарды жауып, қыздарды ол жерден қуу керек», - дейді ол.
NUR.KZ тілшісі аталған саунаны көріп қайтты. Күндіз есігі жабық. Қасындағы дәмхана қызметкерлері саунаның тек кешкі сағат 17:00 мен таңғы сағат 5:00 кезінде ғана жұмыс істейтінін айтты.

«Ол жерге тек кешкілік қана кіре аласыз. Түсте қыздар ұйықтап жатады. Олар жұмысты түнде істейді, таңғы сағат 5-ке дейін жатпайды. Ішінде 5-6 қыз бар. Тамақ алып кетуге келеді. Саунаның іші толған жас қыздар», - дейді дәмхана қызметкері.
 nur.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста